- •«Экономикалық теория негіздері» курсы бойынша соөж өткізу формалары
- •Тақырып 1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Тақырып 2. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
- •Натуралды шаруашылық
- •6. Еңбек заттары-бұл:
- •7. Ұдайы өндірістің экстенсивті бір қалыпты нышаның (формасын) не сипаттайды?
- •8 Тұтыну фазасы қалай сипатталады?
- •Тақырып 3. Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік
- •«Химфарм» ақ дамуының экономикалық көрсеткіштері
- •4 Тақырып.Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары.
- •5 Тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша.
- •Натуралды шаруашылық
- •6 Тақырып. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері
- •7 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс
- •8,9 ТақырыпТар. Бәсеке және монополия. Капитал (қорлар). Ауыспалы айналым мен айналым.
- •10 Тақырып. Өндіріс шығындары
- •11 Тақырып. Өндіріс факторларынан түсетін табыстар.
- •14 Тақырып. Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық.
- •15 Тақырып. Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары
- •16 Тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты.
- •17 Тақырып. Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.
- •Білімді бағалаудың алғышарттары:
5 Тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша.
Әдістемелік нұсқаулар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, оқу барысында ең алдымен, «натуралды шаруашылық», «тауарлы шаруашылық» түсініктеріне анықтама беріңіз, құнның жалпы эквивалент ретінде ақшаның пайда болу процесі мен айырбас қатынастарының мәніне назар аударыңдар.
СОӨЖ тапсырмалары:
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.
2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.
Берілген тапсырмаларды орындау.
Тестілік сұрақтарға жауап беру.
Тақырып бойынша глоссарий құру.
«Тауар және оның қасиеттері. Тауардық пайдалылығы мен құндылығы», «Қазіргі таңдағы ақша қызметтерінің ерекшеліктері», «Ақша жүйесін ұйымдастыру қағидалары» атты тақырыпқа баяндама жазу.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Қазіргі заман талабына натуралды шаруашылық сай келе ме және оның келешегі қандай?
Шаруа бидайды өз шаруашылығында пайдаланса, тігіншінің өзіне арнайы тіккен көйлегі, яғни өзі тұтыну үшін өндірілген зат қалай аталады? Тауар немесе өнім?
Егер тауар сатылмаса, оның тұтыну құны өзгере ме?
Тауардың қандай қасиеттері бар?
Құн және айырбас құнының мәні неде?
Шекті пайдалылық теориясының кезендері қандай?
7. Ақшаның пайда болу себептері қандай?
8. Ақшаның қандай қызметтерін білесіз?
9. Ұлттық валюта - теңгенің шығу тарихы туралы не айта аласыз?
Тапсырмалар:
1. Кестеде көрсетілген анықтамалардың қайсысы натуралды шаруашылықты, қайсысы тауар шаруашылығына түсінік беретінін табыңыз.
-
№
Анықтамалар
Ұйымдастыру формалары
1
Тұйықталған экономикалық шеңберде дайын өнімді өндіру және тұтыну жүреді
2
Жеке сала щеңберінде шаруашылық байланыстармен дәстүрлік салтта еңбек процесі жүзеге асырылады.
3
Өндіріс меншіктің дара еңбегіне негізделе отырып, жалдамалы жұмыс күшін де қолданады.
4
Дайын өнім меншік иегерінің иелігінде болады және рынокта еркін сатуға белгіленген.
Бос төртбұрыштарға сәйкес келетін анықтаманы қойыңыз
Натуралды шаруашылық
3. Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы марксистік экономикалық ілімге, қайсысы –неоклассикалық теорияға дұрыс келеді?
-
Анықтама
Теория
Тауар–сату-сатып алу жолымен айырбасқа арналған еңбек өнімі
Тауар–төлем қабілетті сұранымға ие айырбасқа арналған шектелген экономикалық игіліктер.
4. Келесі тезистер ақшаның қай теориясына сай келеді?
-
№
Тезистер
Ақша теориясы
1
Бұл теорияның өкілдері ақша табиғатының құнын теріске шығарып, ақша мәнін айырбастың техникалық құралы ретінде қарастырады.
2
Бұл теорияға сай ақша құны номиналмен анықталады
5. Кестені толтырыңыз.
-
№
Ақшаның мазмұнды қызметі
Ақша қызметтерінің атауы
1
Келешекте қоғамда тауарлар мен қызметтерді тұтынуды жақындастырудың мүмкіншіліктері мен қабілеттерін қамтамасыз ету.
2
Тауарлар мен қызметтердің құнын өлшеу қабілеті
3
Тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ салықтарды төлеу қабілеті
6. Төмендегі ситуацияның қайсысы ақша қызметінің мәнін толық көрсетеді:
-
№
ситуациялар
ақша қызметтері
1
Көлік сатып алу үшін сізге ақша керек, ол үшін қала шетіндегі үйіңізді сатпақ ойыңыз бар.
2
Сіз үнемделген ақшаны жинақ банкісінен шот ашып салып қойдыңыз.
3
Ақша жетпегендіктен, Сіз тоңазытқышты несиеге сатып алдыңыз.
Тестілік сұрақтар:
1. Тауар шаруашылығының пайда болуының материалдық шарты:
a)өндіріс құралдарына жеке меншік;
b)тауар өндірушілердің оқшаулануы;
c)айырбастың дамуы;
d)өнімді нарық үшін өндіру;
e)тауар өндірушілердің бірігуі.
2. Жай және капиталистік тауар шаруашылығының жалпы белгілері:
a)сату үшін өнім өндіру;
b)өндіріс ресурстарына жеке меншік;
c)жұмысшыны өндіріс құрал-жабдықтарымен қосудың тауарлы формасы;
d)жиынтық өнімі ұлғаймалы ұдайы өндіріс;
e)сату үшін өндіру.
3. Қоғамдық шаруашылықтың даму формалары
a)жалпы экономикалық қатынастардың даму сипаты;
b)натуралды, тауарлық, аралас шаруашылықтар;
c)жоспарлы шаруашылық;
d)нарықтық шаруашылық;
e)феодалдық шаруашылық.
4. Құнның өсу процесінің мәні:
a)айналыстағы ақшаның өсуі;
b)артық бағаға сатудан түсетін өсім, пайда;
c)түскен табыстан шығындарды шегеру құбылысы;
d)тауар өндіруге жұмсалған шығындардан артық қосымша құн түзілу процесі;
e)жаңа технологиялар.
5. Құнның еңбектік теориясын негізін жасаған экономистер.
a)А. Смит, Д. Рикардо;
b)К. Маркс, Ф. Энгельс;
c)А. Маршалл, Дж. М. Кейнс;
d)П. Самуэльсон, М. Фридмен;
e)К. Менгер, М. Тодаро.
6. Ақша массасына жатады:
a)сізде бар металл ақшалар;
b)жинақ банкісіне салық салу;
c)сіздің қолыңыздағы банкноттар;
d)мемлекеттік займдағы облигациялар;
e)банктегі ағымдық шот.
7. Демонетизация дегеніміз:
a)қағаз ақшаның құнсыздануы;
b)ақша қызметін алтынның атқаруы;
c)ақшаның бүлінуі;
d)қағаз ақшаның алтынға еркін айырбасталуы
Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі әдебиет: [5;6; 7; 8; 9; 15; 17; 18]
Қосымша әдебиет: [1; 2; 6; 7; 9; 11; 12; 13]
