Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП ЭТН.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
696.83 Кб
Скачать

СОӨЖ тапсырмаларын студент өзіндік жұмыс ретінде орындайды. СОӨЖ негізі практика және дәріс сабақтарына дайындау. Практика сабағында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланады. Практика сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, сабақтың тақырыбына әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Практика сабағының тақырыбына берілетін әдістемелік кеңестерді назар аудара оқып, тақырыптық жоспар сұрақтарына өз жауабыңызды дайындаңыз. Әр сұраққа жауапты қысқа және нұсқалы дайындап, формулаларды және символдарды СӨЖ арнайы дәптерге жазып отырыңыз. Дайындықты аяқтамас бұрын, біліміңізді өзіңізге сұрақтар қоя отырып, тексеріңіз. Өзіндік жұмысты орындауда қиын сұрақтарға жауап таппаған жағдайда дәптерге жазып, оқытушыдан сұраңыз.

СОӨЖ тапсырмалары дәріс сабағынан бұрын орындалады. Дәріс сабағында алған білімді, әрі қарай тереңдету керек.

Бірақ практика сабағына жоспарланған сұрақтар тақырып мазмұнын толық қамтымайды. Сол себептен студент білімін тереңдетуді СОӨЖ процесінде жүзеге асырады. Сондықтан СОӨЖ–да тақырып бойынша қосымша сұрақтар, есептер, жаттығуларды орындау арқылы тақырып мазмұны толық қарастырылады.

СОӨЖ мазмұны және өңдеу формасы.

«Экономикалық теория негіздері» курсын оқытуда СОӨЖ формаларын кең қолдануға мүмкіндік бар:

  • оқытушымен берілген дәріс конспектісін меңгеру;

  • негізгі әдебиетпен практика сабағына дайындалу;

  • нақты тақырып бойынша баяндама жасау;

  • эссе, баяндама, рефератқа өзара сын-пікір жасау;

  • есептер шығару;

  • статистикалық мәліметтерді талдау;

  • курс терминдері бойынша глоссарий және сөзжұмбақ жасау;

  • топтық жобаларға қатысу;

  • таңдалынған тақырыпқа презентация жасау;

  • тақырып бойынша кіріспе дайындау және т.б.

Студентке СОӨЖ тиімді ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары:

Өткен материалдарды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың ең маңыздысы. Өткен материалдар терең талданса, басқа өзіндік жұмыстар жеңіл орындалады. Үнемі және жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отыру, алдағы уақытта берілетін материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Өткен материалдарды пысықтау үшін қажетті жайлар:

  • дәріс конспектісінің болуы;

  • курс бағдарламасының болуы;

  • ұсынылған әдебиеттердің қолда болуы (оқулық, есептер жинағы).

Жұмыс әдістері:

  • дәріс материалын жете түсіну;

  • конспект жасауда әдебиеттерге сілтеу жасау және қажетті толықтырулар, қажет болса түзетулер енгізіп отыру;

  • әр тақырыппен жұмыс материалды жете түсініп, еске сақталғанша жалғасу керек;

  • тақырыппен жұмыс, әдебиеттер мен оқулықтарда берілетін мысалдар мен есептерді шешу әдістерін меңгерген жағдайда ғана аяқталуы қажет;

  • түсінбеген сұрақтар болса, келесі дәрісте оқытушымен бірге талқылау қажет.

Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:

  • есептерді шешу үшін берілген тақырып бойынша дәрістік материалды толық білу керек;

  • есеп шартын мұқият оқып шығу;

  • шешу жоспарын ойластыру;

  • есепті шығаруға қажетті формулаларды анықтау;

  • формула құрамындағы шамалар мәніне назар аудару;

  • алдымен жалпы түрде шешу, сонан кейін сандық мәндерін формуламен есептеу;

  • аралық және соңғы шешім нәтижелердің өлшем бірліктерін көрсету;

  • шешімнің дұрыстығына талдау жасау.

Коллоквиумға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курстың теориялық бөлімі қандай деңгейде меңгерілгенін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі. Сондықтан коллоквиумда қойылатын сұрақтар жауабын қайталап, пысықтау керек.

Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:

  • студенттің ағымдағы үлгерімін тексеру;

  • топ студенттерінің дайындығын анықтау;

  • үлгерімі нашар студенттермен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;

Студент бақылау жұмысына дайындалуда:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білуі;

  • берілген тақырып бойынша теориялық материалды, есепті шығару формулалары мен әдістерін қайталауы;

  • әдебиеттерді, практикалық сабақта шығарылған есептер мен мысалдарды қайталап, еске түсіруі қажет.

Егер студент үнемі жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отырса, бақылау жұмысына дайындық ешқандай қиындық туғызбайды.

Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда кафедрамен берілетін әдістемелік нұсқауларға сүйену қажет:

  • белгіленген уақыттан кеш қалмай орындау;

  • тапсырманы орындауда қиындықтар болса, тапсырмаға сай тақырыпты қайта оқып шығу.

  • қиындықтар болса, оқытушыдан кеңес алу;

  • алынған шешімдерді талдау;

  • тапсырманы қорғауға дайындықта, сол тақырыпқа сай теория негізін тексеріп және кейбір мәліметтер өзгере қалғанда, оның шешімін ойластырып қою.

  • тапсырманы орындауда қолданылатын әдісті жете түсіну;

  • тапсырма уақытында қорғалу қажет, кері жағдайда академиялық қарыз болып есептеледі.

Студенттің өзіндік жұмысына берілетін уақыт шектеулі, сондықтан алдын -ала орындау жоспарын жасап, өзіндік жұмыс әдістерін үйреніп, тәжіребиелерді меңгеру қажет және жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін демалыс уақытын дұрыс өткізген жөн. Сондықтан студенттің өзіндік жұмыс әдістерін үйренуіне кафедра мен әр оқытушының жауапкершілігі жоғары.

«Экономикалық теория негіздері» курсы бойынша соөж өткізу формалары

№ тақырыптар

СОӨЖ тапсырмасы

СОӨЖ

тапсыру графигі

1.Экономикалық теорияның пәні және әдістері

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау;

-тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру;

-баяндама, эссе жазып, презентация өткізу;

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

1 апта

2.Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

-есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру,

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

2 апта

3.Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

-тест тапсырмаларына жауап беру;

-топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, жеке шолу жасап, статистикаға талдау жасау.

3 апта

4.Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

-тест тапсырмаларына жауап беру;

-топтық жобаны өңдеу, жеке шолу жасап, статистикаға талдау жасау.

- қосымша глоссарий құру.

4 апта

5.Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

- есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру,

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

5апта

6.Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

-тест тапсырмаларына жауап беру;

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

6 апта

7.Сұраныс пен ұсыныс.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

-есеп шығару, тест тапсырмаларына жауап беру;

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

7 апта

8. Бәсеке және монополия.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

-тест тапсырмаларына жауап беру;

- реферат, эссе жазып, презентация өткізу,

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

8 апта

9. Капитал (қорлар). Ауыспалы айналым мен айналым

- дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

- есеп шығару, тест тапсырмаларына жауап беру;

- эссе жазып, презентация өткізу,

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

8 апта

10.Өндіріс шығындары.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

-есеп шығару, тест тапсырмаларына жауап беру;

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

9 апта

11.Өндіріс факторларынан түсетін табыстар.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

-есеп шығару, тест тапсырмаларына жауап беру;

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

10 апта

12.Жүйе ретіндегі ұлттық экономика.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

-есеп шығару, тест тапсырмаларына жауап беру;

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

11 апта

13.Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

-есеп шығару, тест тапсырмаларына жауап беру;

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

11 апта

14.Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

-есеп шығару, тест тапсырмаларына жауап беру;

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

12 апта

15.Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

-тест тапсырмаларына жауап беру;

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

13 апта

16.Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

-тест тапсырмаларына жауап беру;

-реферат, эссе жазып, презентация өткізу,

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

14 апта

17.Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.

-дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау,

-тест тапсырмаларына жауап беру;

-тақырып бойынша глоссарий жазып тапсыру.

15 апта