- •Орыс және ағылшын тілдеріндегі терминдік сөздік
- •Әдебиеттер
- •Орыс және ағылшын тілдеріндегі терминдік сөздік
- •Әдебиеттер
- •Орыс және ағылшын тілдеріндегі терминдік сөздік
- •Дәріс жоспары:
- •Орыс және ағылшын тілдеріндегі терминдік сөздік
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс мазмұны
- •Орыс және ағылшын тілдеріндегі терминдік сөздік
Орыс және ағылшын тілдеріндегі терминдік сөздік
Нексус -нексус-nexus
Гетерометриялық -гетерометрический - geterometrichesky
Гомеометриялық - гомeoметрический - gomeometrichesky
Гидродинамикалық -гидродинамический - hydrodynamical
Микроциркуляция -микроциркуляция - microcirculation
Вазоконстрикторлар -вазоконстрикторы - vasoconstrictor
Вазодилaтаторлар -вазодилaтаторы - vasodilator
Әдебиеттер:
Негізгі:
1.«Адам физиологиясы». Сәтбаева Х.К., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б., Алматы. 2005ж. 258-278 беттер
2.Г.И. Косицкий «Физиология человека» 1985, 157-166, 276-282 беттер
3.Б.И. Ткаченко «Основы физиологии человека» 1994, 263-271, 326-332 беттер
4.В. М. Покровский Г.Ф. Кратько «Физиология человека» М. Медицина 2003ж. 293-306,320-331,342-362 беттер
Қосымша:
1.В.М. Покровский «Основы физиологии человека» 1997ж
2.Б. Фолков, Э. Нил «Кровообращение» М. Медицина 1976 ж.
3.А.М. Чернух «Микроциркуляция» М. Медицина 1975 ж.
4.К. Каро, Т. Педли т.б. «Механика кровообращения» М. Мир 1981 ж.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Қан айналым маңызы
2. . Жүрек қызметінің нервтік, рефлекстік,гуморалдық реттелуі
3. Тамырлардың морфологиялық, функциялық жіктелуі
4.Гемодинамиканың көрсеткіштері
5.Вазоконстрикторлар және вазодилататорлар
6.Микроциркуляция
Тақырып: №5: Ағзаның бейімделу үрдістеріндегі талдағыштар мен ЖЖІӘ- нің маңызы.
Мақсаты:
Студенттерде «талдағыштар» («сенсорлық жүйе») ұғымымен және олардың ағза қызметіндегі маңыздылығы туралы білімді қалыптастыру
Студенттерде көру және соматосенсорлы,ауыз талдағышы,дәм сезу, иіс сезу, есту, тепе-теңдік талдағыштарының рецепторлық аралық, орталық бөлімдерінің құрылысы, топографиясы және қызметтері туралы білімді қалыптастыру.
Студенттерде шартты және шартсыз рефлекстерге анықтама беріп, олардың айырмашылығы туралы білімді қалыптастыру
Дәріс жоспары:
1. И.И.Павлов бойынша талдағыш жүйелеріні құрылымының жалпы принциптері.
2. Оралдық талдағыштар туралы түсінік
3. Ауыз, дәм сезу, иіс сезу, есту, тепе-теңдік талдағыштарының бөлімдері.
4. Шартты қарашық рефлексін тудыру әдістері мен ережелері
Дәріс мазмұны
И.И. Павлов бойынша талдағыштар – ағзаның ішкі және сыртқы орталық тітіркендіргіш қабылдайтын, қабылданған ақпаратты талдап және қайта өңдейтін жүйке жүйесінің бөлігі. И.П. Павлов бойынша барлық талдағыштар 3 негізгі бөлімдерден тұрады: перифериялық (онда сыртқы ортадан келген сингалды электрикалық процесске айналдырады), өткізгіштік – онда ақпаратты талдау мен оны мидың жоғарғы бөлімдеріне өткізу жүреді, сонымен қатар орталық немесе қыртыстық бөлім, онда сенсорлық ақпараттың қорытынды өңделуі өтіп, сигналдың субъективті сипаты пайда болады.
Көру, соматосенсорлық,дәм сезу,оралдық,есту,тепе-теңдік,иіс сезу талдағыштарының 3 бөлімдерінің сипаттамасы. Стоматологиялық практикада оралдық талдағыш деген түсінік бар. Себебі, ауыз қуысында дәм сезумен қатар температуралық және механикалық тітіркендіргіштер де қабылданады. Оралдық талдағыш ауыз қуысының кілегейлі қабатында орналасқан неше түрлі рецепорлар импульсті қабылдап орталыққа жеткізеді. Жүйке орталығы мен өткізгіш жолдар оралдық және дәм сезу талдағыштарға бірдей болады.
XX ғасырдың басында И.П. Павлов ми қыртысын зертеуде көптеген өзгерістер енгізді. Адамның мінез-құлқы негізінде, ЖЖІӘ-нің маңызды орын атқаратынын атап көрсетті. Сілекей бөліну үрдісін зерттей келе И.П. Павлов шартты рефлексті ашты. Ол шарты рефлекстің жоғарғы деңгейі тітіркендіргіш емес, оған ілесіп жүретін сигнал (ишара) екенін көрсетті.
Шартсыз рефлекстер |
Шартты рефлекстер |
Туа біткен |
Жүре пайда болған |
Рефлекстік доға тұрақты |
Рефлекстік доға құбылмалы, уақытша байланыстар жоғалуы мүмкін |
Рефлекстік доға қыртыстын қатысуысыз қалыптасады |
Рефлекстік доға міндетті түрде қыртыстың қатысуымен іске асырылады |
Тек қана адекватты тітіркендіргішке қалыптасады |
Кез келген индифферентті тітіркендіргішке қалыптасады |
Түрлік рефлекстер |
Жеке рефлекстер |
Шартты рефлекстерді қалыптастырудың ережелері мен әдістері.
Шартты рефлекстердің жіктелуі.
Ғылыми деректердің көптеп жиналуына байланысты уақытша байланыстар туралы пікірлер негізінде шартты рефлекстердің қалыптасуы жатқандықтан үнемі жаңартылып және толықтырылып отырады. .
И.П. Павлов бойынша шартты рефлекстердің қалыптасуы( негізнен бас миы қыртысының қызметімен байланысты екенін, бірақ қыртыс асты құрылымның да бұл үрдіске қатысатынын атап айтты. И.П. Павловтың пікірімен келісі отырып, шартты рефлекстердің пайда болуы бас миы қыртысындағы «уақытша» байланыстардың шартты және шартсыз рефлекстер орталықтарының арасында (қыртыс-қыртыс) болатындығымен түсіндіріледі, бірақ шартты тітіркендіргішті нықтамаса ол жоғалады.Бұл үрдіс жаңа ғылыми деректермен толықтырылған бірнеше заңдылықтарға тәуелді:
Қозудың таралуы - (шартты рефлекс орталығынан - шарттсыз рефлекс орталығына).
Доминантты орталық қағидаларына (шартсыз рефлекс орталығында).
Із қалдыру.
Қыртыс және қыртыс асты, шартты және шартсыз рефлекстер орталықтары арасындағы қозудың реверберациясы .
Синапстардағы құрылымдық өзгерістер.
Нейрондардағы биохимиялық өзгерістер.
Конвергенция құбылысының пайда болуы.
Иллюстрациялық (көрсету) материалы: мультимедиалық дәрістердің электрондық материалы.
