Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИЙ стом. каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251.9 Кб
Скачать

Орыс және ағылшын тілдеріндегі терминдік сөздік

  1. Рефлекстік шеңбер- рефлекторное кольцо - reflex ring

  2. Кері байланыс – обратная афферентация (обратная связь)- return afferentation

  3. Бітелу -окклюзия –occlusion

  4. Соңғы жалпы жол – общий конечный путь- common final pathway

  5. Ілеспелі тежелу – реципрокное торможение- reciprocal inhibition

  6. Босатушы фактор - рилизинг фактор- releasing factor

  7. Күшейтуші заттар - либерины- liberiny

  8. Тежеуші заттар - статины- statins

Әдебиеттер

Негізгі :

1. Адам физиологиясы.Сәтбаева Х.Қ, Өтепбергенов А.А, Нілдібаева Ж.Б. Алматы, 2005 ж, 94-106 беттер.

Қосымша :

1. Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д. «Нормальная физиология» М., Медицина, 2005 г.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Рефлекс, рефлекстік доға туралы түсінік

  2. ОЖЖ үйлестіру механизмі

  3. Тежелу, түрлері

  4. Гипоталамо-гипафизарлы жүйенің физиологиялық маңызы

Тақырыбы № 3: Қанның қорғаныштық қызметтері. Қан ұюының механизмдері . Гемостаз

Мақсаты:

  1. Студенттерде қан физиологиясы туралы білімді қалыптастыру

  2. Студенттерде қанның қорғаныс қызметі туралы білімді қалыптастыру

  3. Қан ұю механизмі бойынша білімді қалыптастыру

Дәрістің жоспары:

  1. Қанның қызметі және қасиеттері Қан және плазма құрамы

  2. Эритроциттердің саны мен олардың атқаратын қызметтері

  3. Қанның физико-химиялық қасиеттері

  4. Гемостаз туралы түсінік. Қанның ұюы туралы қазіргі кездегі ұғымдар.

Дәріс мазмұны

Қан тірі ағзалардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Қанның негізгі қызметтері: тасымалдау, тыныс алу қызметі, трофикалық, яғни нәрлендіру қызметі, экскрециялық, қорғаныс, гуморалдық реттеу, жылу реттелу, креаторлық байланыстарды қамтамасыз ету, қан қан мен тін арасындағы су–тұз алмасуын қамтамасыз етеді және т.б..

Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан (52-58%) және қан жасушаларынан (42-48%): эритроциттерден (қанның қызыл түйіршіктері), лейкоциттерден (қанның ақ түйіршіктері) және тромбоциттерден (қан пластинкалары) тұрады.

Плазма құрамы 90-92% судан, 8-10% құрғақ заттан, оның ішінде 7-9% органикалық заттардан, 1% бейорганикалық заттардан тұрады.

Қанның физикалық – химиялық қасиеттері.

Қанның формалық элементтеріне эритроциттер (қанның қызыл түйіршіктері), лейкоциттер (қанның ақ түйіршіктері) және тромбоциттер (қан пластинкалары).

Эритроциттер ядросыз жасушалар, пішіні екі жағы ойыс диск тәріздес, диаметрі 7,4-7,6 мкм. Эритроциттердің өмір сүру ұзақтығы – 100-120 күн

Эритроциттердің қалыпты мөлшері: ер адамдарда – (4,5-5,1)*1012. әйел адамдарда – (3,7-4,7)*1012. Эритроцитоз – эритроциттер санының артуы, эритроцитопения – эритроциттер санының азаюуы.

Эритроциттердің қызметтері.

Лейкоциттер (4-9 )*1012, қызметтері:

Тромбоциттер (қан пластинкалары), мөлшері 180-320х109/л (103 в 1 мкл)

Қанның ұюы (гемостаз, коагуляция) – қан сұйық түрінен қоймалжың ұйынды – тромбқа ауысатын биологиялық және биохимиялық үрдіс. Тромб тамырды тығындап, қан кетуді тоқтатады.

Қанның ұю кезеңдері:

  1. Алғашқы кезеңі (тамырлық-тромбоциттік гемостаз – 5 кезеңмен жүреді.)

  2. Коагуляциялық гемостаз 3 кезеңмен жұреді..

  3. Соңғы кезеңі (ретракция, фибринолиз)

Ретракция тромбтардың жарақаттанған тамырларға жабысып және тығындалуын қамтамасыз етеді. Ретракция ұйынды пайда болғаннан кейін 2-3 аралығында аяқталады.

Ретракциямен қатар бірақ, аз жылдамдықпен фибринолиз басталады - ол тромб негізін құраушы фибриннің ыдырауы. Фибринолиздің негізгі қызметі- қан ұйындысымен бітелген тамырлардың саңылауын қалпына келтіру.

Көрнекі құралдар: Студентке мультимедиялық дәрістің электрондық түрі кафедрада беріледі.