
- •Орыс және ағылшын тілдеріндегі терминдік сөздік
- •Әдебиеттер
- •Орыс және ағылшын тілдеріндегі терминдік сөздік
- •Әдебиеттер
- •Орыс және ағылшын тілдеріндегі терминдік сөздік
- •Дәріс жоспары:
- •Орыс және ағылшын тілдеріндегі терминдік сөздік
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс мазмұны
- •Орыс және ағылшын тілдеріндегі терминдік сөздік
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
|
|
ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ |
Тақырып №1: Физология пәні. Қозғыш тіндер физиологиясы. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Биопотенциалдар, пайда болу механизмдері.
Мақсаты:
1. Студенттердің физиология пәні, қызметтерді реттеудің жалпы принциптері туралы білімін қалыптастыру.
2. Студенттердің қозғыш тіндердің физиологиясы, қозғыш тіндердегі электрлік құбылыстар туралы білімін қалыптастыру
Дәріс жоспары:
Физиология пәні, оның басқа ғылымдармен байланысы, даму кезеңдері. Физиологияның медицинадағы орны.
Қозғыштық, оның көрсеткіштері.
Қозғыш ұлпалардағы электірлік құбылыстар. Мембраналық потенциал, оның пайда болуы. Әрекет потенциалы, кезеңдері.
Дәрістің мазмұны
Физиология - дені сау ағзаның қызметін (тіршілік әрекетін) зерттейтін ғылым.
Физиология (грекше «physis»- табиғат, «logos» – ілім) тірі организм мен оның жеке жүйелері, мұшелері, тіндері және жасушаларының кызметтері, олардың реттелуі механизмдері туралы ғылым.
Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Қозғыштықтың табиғаты туралы қазіргі кездегі түсініктер. Мемраналық потенциал. Жергілікті жауап. Әрекет потенциалы. Мембраналық-иондық теория олардың пайда болуы. Қозғыштықтың жеке айналымының түрлі кезіндегі мембрана қозғыштығының өзгеруі. Қозғыштықтың көрсеткіштері: қозу табалдырығы, реобаза, хронаксия, аккомодация жылдамдығы, пайдалы уақыт және лабильдік. Гоорвег-Вейсс күш және уақыт қисық сызығы.
Қозғыштық кезеңдері – абсолюттік және салыстырмалы рефрактерлік, экзальтация, субнормальды және супернормальды кезең.
Көрнекті құралдар: Студентке мультимедиялық дәрістердің электрондық түрі кафедрада беріледі.
Орыс және ағылшын тілдеріндегі терминдік сөздік
Қозғыш тіндер-возбудимые ткани –excitable tissue
Қозу-возбуждение –excitation
Абсолютті рефрактерлі кезең, мүлдем қозбайтын кезең –абсолютная рефрактерность –the absolute refractory
Қозғыштық қалыптан жоғары (супернормалды кезең) – супернормальный период –supernormal excitability
Қозғыштық қалыптан төмен (субнормалды кезең) – субнормальный период –subnormal period
Әсердің пайдалы уақыты –полезное время- useful time
Әдебиеттер
Негізгі:
1.Адам физиологиясы.Сәтбаева Х.Қ, Өтепбергенов А.А, Нілдібаева Ж.Б. Алматы, 2005 ж, 54-57, 60,61 беттер.
2. Физиология человека под. ред. Покровского В.М., Коротько Г.Ф.- М.-2003, 39-90 б.
3. Нормальная физиология //Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д. Москва, 2005 г. 69–116.
4. Физиология человека под. ред. Агаджаняна Н.А., Циркина В.И. – М.-2001, 5-32 б.
5. Основы физиологии человека под.ред.Ткаченко Б.И. (2т)- СПб-1994г, 6-53,146-168 б.
Қосымша:
Основы физиологии человека //Агаджанян Н.А., Власова И.Г., Ермакова Н.В., Торшин В.И. Москва, 2003 г. 15–42. б
Нормальная физиология //под ред. Яковлева В.Н. Москва«Академия»2006, Т 1. 7–74 б.
Руководство по общей и клинической физиологии //Филимонов В.И. Москва, 2002 г. 40–76 б.
Секреты физиологии // Гершел Рафф. Санкт-Петербург, 2001 г. 15–62 б.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
Физиология пәні (анықиамасы), оның даму кезеңдері.
Қандай тіндер қозғыш тіндерге жатады?
Қозғыштықтың көрсеткіштері.
Әрекет потенциалы, оның кезеңдері.
Тақырып №2: ОЖЖ-нің рефлекстік қызметі. ОЖЖ-гі тежелу,оның механизмі. Ішкі сөлініс бездерінің ағза қызметтерінің гуморалдық реттелуіндегі маңызы
Мақсаты:
Студенттерге организмнің интегративті қызметіндегі ОЖЖ-нің рөлі туралы білімді қалыптастыру.
Студенттерде жүйке орталығында қозудың өту ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру
Студенттерде ОЖЖ –ғы тежелу және оның түрлері туралы білімді қалыптастыру
Студенттерде қызметтердің нейрогуморальдық жолмен реттелудегі ІСБ-і маңызы туралы білімді қалыптастыру.
Дәріс жоспары
1.Рефлекстік доға және шеңбер. Кері афферентация
2.Жүйке орталығы, оның физиологиялық ерекшеліктері
3.ОЖЖ-нің үйлестіру қызметінің механизмі
4.Тежелу, түрлері, механизмі
5.Гормондардың жалпы қасиеттері,әсер ету типтері және әсер ету жолдары
6.Гормондардың жіктелуі
7.Гипоталамо-гипофизарлы-адренал жүйесі
Дәріс мазмұны
Физиологиялық қызметтердің реттелуінің жалпы қағидалары болып жүйкелік, гуморальдық, рефлекстік жатады. Рефлекс- бұл ағзаның ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге ОЖЖ-нің қатысуымен беретін жауабы. Рефлекстің негізі- рефлекстік доға. Рефлекстер былай жіктеледі:
- рецепторлардың орналасуы бойынша
- қатысатын ми бөліміне қарай
- жүйке жүйесінің түріне байланысты
- қимыл-әрекетәне қарай
- нейрондардың саны бойынша
- Павловтың жіктеуі бойынша
Жүйке орталықтары- ОЖЖ әрбір бөліміндегі орналасқан нейрондар жиынтығы және белегілі бір рефлекс түрін реттейді. Жүйке орталықтарының келесі физиологиялық қасиеттерін ажыратады: түйіспелердегі кідіру, қозудың бір бағытта өтуі, із салу, тез қажуы, тітіркендіргіштен кейінгі әрекет, конвергенция, дивергенция, окклюзия, жинақы қозу, лабильдігінің төмендігі, күштің трансформациясы және қозудың ырғағы, гипоксияға сезімталдық, дәрілік заттарға сезімталдығы, әрқашан тонуста болуы, пластикалық, төменгі орталықтың жоғары орталыққа бағынуы.
ОЖЖ-нің үйлестіру қызметінің қағидалары концентрация, индукция, иррадиация, соңғы жалпы жол, кері байланыс, доминанттық қозу, реципроктық тежелу
ОЖЖ-нің тежелу құбылысын 1862 жылы И.М. Сеченов ашты. Пайда болу механизміне байланысты пресинапстық, постсинапстық, пессимальды және қозудан кейінгі тежелу болып ажыратылады. Алғашқы екі тежелу Реншоу, Пуркинье сияқты тежелу жасушаларының қатысуымен жүреді.
Адам ағзасының барлық қызметтері жүйке-гуморальдық механизмімен реттеледі.
Гуморальдық реттелу қан арқылы іске асады. Гуморальдық реттелудің факторлары болып гормондар, электролиттер, биологиялық белсенді заттар (ББЗ), медиаторлар табылады. Гормондар ішкі сөлініс бездерімен қанға түседі, электролиттермен ББЗ қанда, лимфада, тінаралық сұйықтықта болады, ал медиаторлар қозу кезінде жүйке талшықтарының ұшынан бөлінеді.Гуморальдық реттелудің 3 түрге бөледі: эндокриндік, паракриндік, нейрокриндік.
Эндокринді бездердің, іс-әрекетінің жоғарғы реттеушісі және маңызды звеносы жүйкелік-гуморальдық жүйе болып гипоталамо-гипофиздік болып табылады.
Гипофиз үш бөлімнен тұрады: алдыңғы(аденгипофиз, артқы(нейрогипофиз), аралық, олардың әрқайсысы өз гормондарын бөледі.
Аденогипофиздің гипоталамуспен байланысының ерекшелігі гипофизден гипоталамуске гипофизарлық артерия барады. Онда капиллярлар торында ыдырайды,ал онда гипоталамустың ерекше нейросекреторлық жасущалары аяқталады. Соңғысы нейрогормон бөледі-релизинг фактор, аденогипофиздегі қақпа жүйесіне түседі де , гормондардың бөлінуін күшейтіп, тежейді.Нейрогипофиз гипоталамуспен жүйке арқылы байланысады: гипоталамустың нейросекреторлық жасушалары гормондар бөледі де ұзын аксондар арқылы бұл гормондар гипофиздің артқы бөліміне барып, сонда бөлінеді.
Көрнекі құралдар: Студентке мультимедиялық дәрістің электрондық түрі кафедрада беріледі.