2. Энергетиканың негізгі түрлері.
Энергетика – шаруашылықтың энергетикалық қорды және әр түрлі энергияны өндіру, түрлендіру, жеткізу, пайдалану мәселелерін қамтитын саласы;
Ядролық энергетика– техниканың ядро ішіндегі энергияны энергияның басқа түріне (мысалы, жылулық, механикалық, электрлік) түрлендіру және оны өнеркәсіптік, тұрмыстық қажетке пайдалану мәселелерін қарастыратын саласы. Өнеркәсіптік ядролық энергетикалық қондырғылардың төмендегідей түрлері бар: жылулық атомстансасы (тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсат үшін жылу өндіруге арналған), ядролық күш қондырғысы (локомотив, кеме, ұшақты қозғалысқа келтіру үшін ядролық энергияны пайдаланатын), атом электр стансасы.
Баламалы энергетика — энергияны дәстүрлі қазба көздерінен (көмір , мұнай, газ) емес, Күннен, геотермиялық көздерден әрқалай температураны және т.б. пайдалану арқылы алу. Оған энергияның аралас көздері де енеді. Бір жағдайларда баламалы энергетикаға атом энергетикасын қосса, екінші бір жағдайда қоспайды. Дәстүрлі энергетикаға қарағанда, баламалы энергетика көздерінің бір бөлігіне экологиялық сыйысу тән.
Механикалық энергия — потенциалдық және кинетикалық энергияның қосындысына тең. Механикалық энергия — объекттiң жылжуы немесе орнымен байланысты энергия.
Қайта жаңаратын энергия көздеріне
Қайта жаңаратын энергия көздеріне (ҚЖЭ) мына энергия формалары кіреді: күн, геотермаль және желден, теңіздегі не мұхиттағы толқындардың ағыстарынан пайда болатын энергиялар, биомасса энергиясы, гидроэнергия, төменгі потенциальды жылу энергиясы және тағы басқа жаңаратын энергия түрлері.
Қайта жаңартылатын энергияның басты артықшылығы – олардың таусылмайтындығы және экологиялық тазалығы. Қайта жаңартылатын энергияны қолдану планетамыздың энергетикалық баланысын өзгертпейді. Осы қасиет қайта жаңартылатын энергия көздерінің шет елде қарқынды дамуына себепкер болды және жақын жылдардағы даму барысының жоғары болатындығына сенімділік көрсетеді.
Қайта жаңаратын энергияның дамуына жағдай жасайтын бес негізгі себептерді айтып өтуге болады, олар мыналар:
энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны сақтау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
қайта жаңаратын энергияның әлемдік рыногын басып алу, әсіресе
дамушы елдерде;
меншікті энергоресурстар қорларын болашақ ұрпақ үшін сақтау;
отынның энергетикалық емес мақсатта қолданатын шикізатын тұтынуды
көбейту.
Жел энергиясы
Жел энергиясы атмосферадағы ауа массаларының кинетикалық энергиясын электр энергиясы, жылу немесе басқа да энергия түрлеріне айналдыру үшін қолданылады. Энергияның бір түрден екінші түрге өзгеруі жел генераторлары (электр тоғын алу үшін), жел диірмендері (механикалық энергия үшін) және басқа да агрегаттар көмегімен жүзеге асады.
Жел генераторларының қуаттылығы генератор қалақтарының ауданына тәуелді. Мысалы, даниялық компания Vestas шығарған қуаттылығы 3 МВт (V90) турбинаның жалпы биіктігі 115 метр болса, мұнара биіктігі 70 метр және қалақ диаметрі 90 метрді құрайды.
Жел энергиясын өндірудің ең тиімді жерлері ретінде жағалау аймақтары және биік тау шыңдары қарастырылады. Теңізде, жағадан 10-12 км қашықтықта офшорлық жел электр фермалары салынады. Жел генераторларының мұнаралары тереңдігі 30 метрге дейін қағылған қадалы іргетастартарға қондырады.
Жел генераторлары іс жүзінде қазбалы жанар-жағар май қолданбайды. Қуаттылығы 1 МВт жел генераторы 20 жыл бойғы қолданысымен 29 мың тонна көмір, 92 баррель мұнай үнемдеуге мүмкіндік береді.
