Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.97 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

  1. Мәншүк Мәметова туралы жазған кімдердің естеліктерін білесіз?

  2. Мәншүк туралы көркем фильмді ең бірінші болып кім түсірді?

  3. Соғысқа дейін Әлия Молдағұлова қайда оқыды?

  4. Әлия Молдағұлова туралы жазған кімдердің естеліктерін білесіз?

1. Тақырып №31, аталуы: Маскүнемділіктің зияны.

2. Мақсаты: Салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, ішімдіктің адам ағзасын бұзатын қасиетін ашып көрсету; зиянды әдеттерге негативті көзқарасын дамыту; салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру керек;

- дұрыс сөйлей, өз ойын қазақша тиянақты жеткізе білуі керек;

  • Студент істей білуі керек:

- зиянды әдеттерге қарсы насихат жұмысын жүргізе білуі керек;

- болашақ маман ретінде кеңес бере білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қандай зиянды әдеттерді білесіз?

2. Адамның зиянды әдеттерге шалдығу себептерін атаңыз ?

3. Өзіңізде зиянды әдеттер бар ма?

5. Оқу және оқытудың әдістері. Оқылым: мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, аударма

жұмысы, түсіндіру, пікірлесім, мақал-мәтел, жазылым.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мазмұнын қысқаша айтып беріңіз.

Ақпараттардан қандай шешім қабылдауға болады?

Денсаулық - біздің емес, мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Денсаулық өмірдің басқа игіліктеріне қарағанда әлдеқайда құнды. Ел аузындағы «Ауру патшадан дені сау қайыршы артық» деген сөз текке айтылмаған.Зиянды әдеттер: темекі тарту (шылымқор), ішімдік ішу (маскүнемдік), улы заттарды иіскеу(токсикомания), есірткі тарту(наркомания). Бұл әдеттердің барлығы да адам өміріне өте зиян келтіреді. Бұл заттар организмді біртіндеп улайды. Темекіні алғаш ұстағанда, темекіні тартқанда адам жөтеледі, түтін шығады, қақалады. Ағзамызды қинаймыз. Темекіні жас кезінен тартқан бала ұмытшақ, беті сарғыш тартады, тісі сарғаяды, ұрысқақ, ашуланшақ болады.

Дауысы өзгереді, ойлау қабілеті төмендейді, темекі қатерлі ісік, асқазан жарасы, қан тамырларының тарылуы сияқты ауруларға әкеп соқтырады. Темекі ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш ауруларынан болатын жаман ауруға өкпенің қатерлі ісігіне шалдықтырады. Жағымсыз әдеттердің бірі маскүнемдік. Емделуі қиын ұзаққа созылатын ауру. Ішімдік ми, асқазан, жүрек, бауыр, бүйрек ауруы және жүйке жолы ауруларына шалдықтырады. Есірткі заттарды, токсикомания яғни, уландырғыш заттарды пайдаланудан бас жиі ауырады, ми зақымданады, құсқысы келеді, бойы өспейді, әр түрлі ауруларға шалдығады.

2-тапсырма. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев барлық халыққа жолдаған жолдауындағы бағыттар туралы ойыңызды жазыңыз. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. 1 - бағыт - «темекі шегуді тоқтату» 2 - бағыт - «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес» 3 - бағыт - «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес» 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. 1.Бензин, ацетон, клей, улағыш заттарды иіскейтін адамды қалай атайды? 2. Арақ, сыра, шарап ішетін адамды қалай атайды? 3. Қандай жағымсыз әдеттен өкпеде қатерлі ісік пайда болады? 4. Есірткіні қабылдайтын адамды қалай атайды? 5. Осы зиянды заттар барлығы қандай заттар? 6. Осы заттан қан тарылуы, цирроз аурулары пайда болады?

4-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1.Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Маскүнемдіктің негізгі және бастапқы белгілерінің бірі – мас болу үшін спирт ішімдіктерін барған сайын көп мөлшерде қажетсіну, оған қайта-қайта аңсары ауып, құмарту. Ал алкоголизмнің соңғы сатысында ішімдікті аз ішсе де адам тез мас болады. Орталық жүйке жүйесі зақымданып, соматоневрологиялық аурулар және психикалық ауытқушылық құбылыс дами бастайды.Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдердің 20 % кезінде арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады. Өз денсаулығына да әсер етеді.

5-тапсырма. «Арақ ардан бездірер» атты өлеңді паузаны қойып оқыңыз, ой түйіндеңіз.

1. Әй,адамзат неге жүрсің серіксіз?  Тоқта!Тоқта!  Мені көрсе ішіп алар адамдар бар шыдамай,  Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:  Табысы мен атақ-даңқы,қолы жеткен мансабы,  Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.  Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын,  Ақырында уақыт өте әлемді де қармаймын.

  1. Тамырына құрт түсті де тектінің  Шерлі ғасыр шерменде боп,шекті мұң  Арақ сасып,шарап мүңкіп,сыра аңқып  Заман дерті санамызға септі уын.

  2. Ішімдікті дастарханның сәні ғып  Аяқ асты тапталды ғой ар-үміт.  Жуып-шайдық ісі ғой деп ақаңның  Жатқандарды ақыл-естен жаңылтып.

  3. Арақ алмап, сыра жалмап жер үстін  Күйін кештік күлде қалған кебістің.  Қоғамымның жүрегі айнып,лоқсиды  Неге ішемін? Неге ішесің? Неге іштің?

  4. Тоңсаң мені іш,жылынасың,  Қайғырғанда іш, пәлеге ұрынасың!  Ұялшақсың ба іш, батыл боласың!  15 тәулік айықтырғышқа қонасың!

  5. Ішсең қисандап жүресің,  Ретсіз ыржаңдап күлесін,  Ар-ұяттан айырыласын,  Оны өзің де білесің!  Біле тұра ішесің,  Өз кебініңді өзің пішесің.  Ұрлықты да жасайсың,  Түрмеге де түсесің.

  6. Мен болдым ғой жексұрын да, жауыз да,  Арақ өзі құйылмайды ауызға!  Әділеттін айтындаршы, ағайын,  Кім кінәлі, арақ па әлде ауыз ба?

6-тапсырма. «Маскүнемдік- аздырар адам баласын» атты эссе жазыңыз.