Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘН Құрылыс материалдарының химиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.74 Mб
Скачать

Практикалық сабақ №6 Құрылыс материалдарын зерттеуде дифференциялды-термиялық талдау әдісін қолдану

Термиялық талдау температураның өзгерісі кезінде жүретін физика-химиялық өзгерістердің барысын бақылауға мүмкіндік беретін, жеткілікті дәрежеде жылдам және нақты талдау әдісі болып табылады.

Мұндай талдау минералдарды қыздыру және салқындату кезіндегі фазалық өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік беретін тиімді әдіс бола отырып, күйдірілетін құрылыс материалдарын, сонымен бірге жоғары температурада қатаятын бұйымдардың минералогиялық құрамын қосымша талдау әдісімен зерттеуде ерекше маңызға ие.

Әдістің мазмұны термиялық эффектермен (жылу сіңіру - эндотермиялық немесе жылу бөлу - экзотермиялық) бірге жүретін заттардың әрекеттесу және өзгеру температураларын анықтау болып табылады (материалды қыздыру немесе салқындату қисықтары негізінде).

Төмендегі процестерде эндотермиялық эффект байқалады: материалды кептіру кезіндегі адсорбциялық ылғалдың кетуі; кристалогидраттарды қыздыру кезіндегі гидратталған судың кетуі; құрамында кальций немесе магний карбонаты бар материалдарды қыздыру кезінде газ бөлу арқылы диссоциациялануы; заттардың балқуы т.б.

Экзотермиялық эффектер төмендегі процестер кезінде байқалады: тұтқыр заттың қатаюы кезінде; кейбір полиморфты ауысулар кезінде; заттардың аморфты күйден кристалды күйге өту процестері кезінде; заттардың қайта кристалдану процесі кезінде.

Затты қыздыру кезінде жүретін эндотермиялық және экзотермиялық процестер температураны дифференциалды - автоматты жолмен жазу арқылы тіркеледі.

Сабақтың мақсаты: термиялық талдау әдісімен шикізат пен құрылыс материалдарының минералогиялық құрамдарын анықтаудың негіздерін игеру.

Ұсынылатын әдебиеттер.

  1. В.С. Горшков, В.В. Тимашев, В.Г. Савельев «Методы физико-химического анализа вяжущих средств». – Москва. Высшая школа, 1981г.

  2. В.Н. Вершигора, Н.И. Макридин, Ю.А. Соколова «Современные химические методы исследования строительных материалов». Изд. АСВ. –М.; 2003г.

  3. Л.В. Потемкин, Н.А. Зиброва, Ю.А. Мамонтов и др. «Методы исследования и контроля строительных материалов». Шымкент, 1994г.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары.

        1. Термиялық талдау әдісінің мәні.

        2. Термиялық талдау әдісінің мүмкіндіктері.

        3. Жылу эффектерін тіркеу әдістері (қарапайым, дифференциалды).

        4. Дифференциялды-термиялық талдау әдісінің аппараттары.

        5. Дифференциялды-термиялық талдау әдісін жүргізу техникасы.

        6. Термиялық эффект сипаттамаларын анықтау.

        7. Заттың энтальпиясы дегеніміз не?

        8. Эндотермиялық және экзотермиялық физико-химиялық процестер. Дифференциялды қисықтың сипаттамасы.

        9. Дериватограммаларды шешу реті.

Практикалық тапсырма.

Ұсынылған шикізат пен құрылыс материалдарының термограммаларын оқыңдар (5.1, 5.2, 5.3, 5.4, 5.5 суреттер).

Шешу кезеңдері:

Термограммадағы шыңдардың басталу және аяқталу температураларын, шыңдардың ені мен тереңдігін анықтау.

Шыңның бағыты бойынша процестің сипатын анықтау: эндотермиялық немесе экзотермиялық.

Зат массасының өзгерісін анықтау.

Табиғи шикізаттық материалдардың құрамына кіретін қосылыстардың идентификациялық сипаттамалары көрсетілген анықтамалық материалдарды пайдалану арқылы төменде термограммалары көрсетілген материалдардың құрамын анықтаңдар.