- •«Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өтуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық «Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өтуге арналған
- •5В073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы студенттеріне арналған
- •Практикалық сабақ №1 Заттың құрылымы. Құрылыс материалдарындағы химиялық байланыстың табиғатын анықтау.
- •Практикалық сабақ №2. Химиялық тепе-теңдік. Қайтымды процестерді басқару.
- •Практикалық сабақ №3 Беттік құбылыстар. Сұйықтықтың қатты денеге жұғуы. Гидрофильді және гидрофобты қатты денелер
- •3.1 Сурет – Сұйықтың қатты денеге жұғу сызбасы
- •3.2 Сурет – Бетке жұғу Практикалық сабақ №4 Фазалық тепе-теңдік шарттары. SiO2 жүйесіндегі тепе-теңдік күйден ауытқу
- •4.1Сурет – SiO2 модификациясы өзгерісінің диаграммасы ( Феннер бойынша)
- •Практикалық сабақ №5 Ерітінділер. Ерітінділердің сандық сипаттамалары.
- •Практикалық сабақ №6 Құрылыс материалдарын зерттеуде дифференциялды-термиялық талдау әдісін қолдану
- •6.1 Сурет - Заттың дериватограммасы.
- •6.2 Сурет - Заттың дериватограммасы.
- •6.4 Сурет - Заттың дериватограммасы.
- •Практикалық сабақ №7 Құрылыс материалдарын зерттеуде рентгенографиялық талдау әдісін қолдану.
- •7.1 Сурет- Шикізат үлгісінің рентгенограммасы Практикалық сабақ №8 Минералды тұтқыр заттарды алу мен қатаюының физика-химиялық негіздері.
- •Сурет – Үшкомпонетті жүйе күйі диаграммасы
- •Практикалық сабақ 9 Тұтқыр заттың гидратациялану реакциясының механизмін зерттеу.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Практикалық сабақ 10. Қоспалы бетон құрамын таңдау бойынша есептеулер.
- •3 Кесте
- •Бетон құрамын есептеуге қажетті шикізаттық материалдардың сипаттамалары
- •8 Кесте- Ірі толтырғыштарың негізгі сипаттамалары.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Практикалық сабақ 11. Қоспалы бетон технологиясының ерекшеліктері
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Практикалық сабақ 11. Құрылыста полимер композицияларын қолдану.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Рысдәулетов р.А., Қалшабекова э.Н. «Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өтуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •5В073000 - «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығының студденттеріне арналған
4.1Сурет – SiO2 модификациясы өзгерісінің диаграммасы ( Феннер бойынша)
4.1кесте - Кремний төрт оксиді полиморфты модификациясының қасиеттері
Практикалық сабақ №5 Ерітінділер. Ерітінділердің сандық сипаттамалары.
Сабақтың мақсаты: студенттерді әр түрлі концентрациядағы жұмысшы ерітінділерді дайындауға үйрету.
Ерітінділер дегеніміз екі немесе одан да көп компоненттерден және олардың сол компоненттері әрекеттескенде түзілетін өнімдерден тұратын біртекті жүйелер.
Ерітінділердің табиғатта және техникада алатын маңызы өте зор. Соның ішінде құрылыс матераилдарын өндіруде де ерітінділер кеңінен қолданылады. Мәселен бетондарға пластификациялаушы, гидрофобтық, аязға төзімділік т.б. қасиеттер беретін химиялық қоспалар бетон араласпасына жұмысшы ерітінді түрінде ендіріледі.
Кез келген ерітіндінің маңызды сипаттамасы - оның құрамы. Ерітінді құрамын сан мәнімен өрнектеудің әр түрлі тәсілдері бар: еріген заттың массалық үлесі, молярлық концентрация, проценттік концентрация т.б.
Еріген заттың массалық үлесі – бұл еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасына тең өлшемсіз физикалық шама:
ω = mе.з. / mер.
мұндағы ω – еріген заттың массалық үлесі, mе.з . – еріген заттың массасы, mер. – ерітіндінің массасы.
Проценттік концентрация дегеніміз – еріген зат массасын ерітінді массасына бөліп, 100% көбейткенге тең шама:
С% = mе.з.* 100% / mер.
Мысалы: массалық үлесі 0,05 немесе 5% тең кальций хлоридінің 200г ерітіндісін дайындау үшін қажетті кальций хлоридінің массасын есептеңдер.
Шешуі: есептің берілгеніне сәйкес ω= 0,05немесе 5% тең, ал mер = 200г тең. Формулаға сәйкес.
mе.з. = ω * mер. немесе С% = mе.з.* 100% / mер.
mе.з. = 0,05 * 200г = 10г немесе mе.з. = 5% * 200г / 100% = 10г
Молярлық концентрация немесе молярлық дегеніміз– еріген зат мөлшерінің ерітінді көлеміне қатнасына тең шама:
С(з) = n (з) / V
Мұндағы С(з) – молярлық концентрация, n(з) – еріген заттың мөлшері (моль), V – ерітіндінің көлемі (м3).
Мысалы: 200мл 0,3 М ерітінді дайындау үшін қанша грамм натрий нитараты қажет?
Шешуі: есептің берілгені бойынша С (NаNО3) = 0,3 моль/л, V=0,2л. Бұл мәндерді формулаға қою арқылы табамыз:
n (з) = С(з)* V= 0,3моль/л * 0,2л = 0,06моль
m = n * М
М(NаNО3) = 23+14+16*3=85г/моль
m = 0,06 моль * 85г/моль = 5,1г
Қажетті химиялық қоспаның мөлшерін есептеу үлгісі:
Бетон араласпасына ендірілетін қоспаның мөлшері 100 кг цементке 0.5%.құрайды деп есептейік, онда:
100 кг – 100%
X кг – 0,5%
кг құрғақ
қоспа массасы
Араласпаға қоспа жұмысшы ерітінді түрінде ендіріледі (мысалы – 35% ерітінді түрінде). Осыған сәйкес:
0,5 кг - 35%
X кг - 100%
кг,
яғни
әрбір100
кг цемент
үшін 1,429кг жұмысшы концентрациядағы
ерітінді жұмсалады.
Егер жұмысшы концентрациядағы ерітіндінің көлемін есептеу қажет болса, онда:
мұндағы: m – қоспаның жұмысшы концентрациясының массасы, кг;
d
–35% жұмысшы
концентрациядағы қоспа ерітіндісінің
тығыздығы, г/см3
(арнайы
кесте негізінде табылады)
л, 100 кг цементке
1,211л қоспа ерітіндісі.
Егер мысалы 1 м3 бетон алу үшін 360 кг цемент жұмсалатын болса, онда 0.5% мөлшерлеу кезінде :
л
жұмысшы концентрациядағы қоспа ерітіндісі
жұмсалады
(360 кг цемент
үшін).
Егер мөлшерлеу кг жүргізілсе, онда:
кг ( 360 кг цемент
үшін).
Ұсынылатын әдебиеттер:
Хомченко Г.П. Химия, - Алматы. Рауан, 1990. 397б.
Вавржин Ф., Крчма Р. Химические добавки в строительстве.– М., 1964.– 123с.
3. Косторных Л.И. Добавки в бетоны и строительные растворы.– Ростов-на-Дону: Феникс, 2007.– 221с
4. Ратинов В.Б. Химия в строительстве. М.: - Стройиздат7 1977.218с.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары.
Ерітінділер дегеніміз не?
Еріген заттың массалық үлесі дегеніміз не?
Нағыз ерітінді дегеніміз не?
Гидаратация процесінің мәні.
Молярлық концентрация дегеніміз не?
Ерітіндінің тығыздығы қалай анықталады?
Заттың еруі қандай процесс?
Ерітінді қандай компоненттерден тұрады?
Біртекті жүйелерге нелер жатады?
Әртекті жүйелерге нелер жатады?
Практикалық тапсырма.
Белгілі концентрациядағы ерітінділердің құрамын есептеп, жұмысшы концентрациядағы ерітінді дайындау.
Есеп №1
10% 500 г кальций хлоридінің ерітіндісін дайындау үшін қажетті құрам бөліктерінің массасын есептеңдер.
Есеп №2
Нтарий нитридінің 1л, 0,1 моль ерітіндісін дайындау үшін қажетті құрам бөліктерінің массаларын есептеңдер.
Есеп №3
Реламикс Т-2 қоспасының мөлшері 0,7%, жұмысшы ерітіндінің концентрациясы 35% (ρ= 1,214 г/см3), судың шығынын 10% төмендетеді, 0,1м3 ауыр бетонның құрамын есептеңдер.
Есеп №4
Криопопласт П-25-1 пластификаторының мөлшері 0,8%, жұмысшы ерітіндінің концентрациясы 32% (ρ= 1,203 г/см3), судың шығынын 15% төмендетеді, 0,5м3 ауыр бетонның құрамын есептеңдер.
Есеп №5
Полипласт СП-1 пластификаторының шығыны 1.2%, жұмысшы ерітінді концентрациясы 35% (ρ= 1,185г/см3), судың шығынын 12% төмендетеді, 0,3м3 ауыр бетонның құрамын есептеңдер.
