- •«Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өтуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық «Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өтуге арналған
- •5В073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы студенттеріне арналған
- •Практикалық сабақ №1 Заттың құрылымы. Құрылыс материалдарындағы химиялық байланыстың табиғатын анықтау.
- •Практикалық сабақ №2. Химиялық тепе-теңдік. Қайтымды процестерді басқару.
- •Практикалық сабақ №3 Беттік құбылыстар. Сұйықтықтың қатты денеге жұғуы. Гидрофильді және гидрофобты қатты денелер
- •3.1 Сурет – Сұйықтың қатты денеге жұғу сызбасы
- •3.2 Сурет – Бетке жұғу Практикалық сабақ №4 Фазалық тепе-теңдік шарттары. SiO2 жүйесіндегі тепе-теңдік күйден ауытқу
- •4.1Сурет – SiO2 модификациясы өзгерісінің диаграммасы ( Феннер бойынша)
- •Практикалық сабақ №5 Ерітінділер. Ерітінділердің сандық сипаттамалары.
- •Практикалық сабақ №6 Құрылыс материалдарын зерттеуде дифференциялды-термиялық талдау әдісін қолдану
- •6.1 Сурет - Заттың дериватограммасы.
- •6.2 Сурет - Заттың дериватограммасы.
- •6.4 Сурет - Заттың дериватограммасы.
- •Практикалық сабақ №7 Құрылыс материалдарын зерттеуде рентгенографиялық талдау әдісін қолдану.
- •7.1 Сурет- Шикізат үлгісінің рентгенограммасы Практикалық сабақ №8 Минералды тұтқыр заттарды алу мен қатаюының физика-химиялық негіздері.
- •Сурет – Үшкомпонетті жүйе күйі диаграммасы
- •Практикалық сабақ 9 Тұтқыр заттың гидратациялану реакциясының механизмін зерттеу.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Практикалық сабақ 10. Қоспалы бетон құрамын таңдау бойынша есептеулер.
- •3 Кесте
- •Бетон құрамын есептеуге қажетті шикізаттық материалдардың сипаттамалары
- •8 Кесте- Ірі толтырғыштарың негізгі сипаттамалары.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Практикалық сабақ 11. Қоспалы бетон технологиясының ерекшеліктері
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Практикалық сабақ 11. Құрылыста полимер композицияларын қолдану.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Рысдәулетов р.А., Қалшабекова э.Н. «Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өтуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •5В073000 - «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығының студденттеріне арналған
3.1 Сурет – Сұйықтың қатты денеге жұғу сызбасы
Мұндағы шамасы В жұғу деп аталады. Жұғу жағдайы өзгергенде бұл бұрыш өзгереді. Толық жұғуға ( = 0) В=1 жауап беретіні анық. Сұйық қатты денеге олардың молекулаларының арасындағы әсер аз болған сайын жақсы жұғады. Аз беттік кернеулікке ие болған полярсыз сұйықтар, негізінде беттерге жақсы жұғады. Бұл жағдайда алынған екі сұйықтықтан дененің бетіне, қайсысының қатты денемен полярлық айырмашылығы аз болса сол жақсы жұғады.
бұрышын анықтау әдістерінің бірі, қатты дененің горизонталь бетінде тұрған тамшы пішіні бойынша тікелей өлшеу болып табылады. Тамшы про-филін, оның бейнесін экранға проекциялау арқылы ұлғайтылған масштабта алады. Бейненің ең жоғары анықтығына қол жеткізіп, контурларын карандаш-пен сызып шығады. Суретте тамшы контуры мен төс етегінің қиылысу нүктесіне жанасу сызығын жүргізіп, транспортирмен жанасу сызығының ең кіші бұрышын өлшейді.
Шеттік бұрыш әрқашан сұйық бағытында есептеліп, сұйық тамшысының қатты дене бетіне түйісу нүктесі мен қатты дене беті арасындағы бұрыш мәнімен анықталады (1–2 және 1–3 беттік кернеуліктері векторлары бағыттары арасындағы бұрыш). Ол жеткілікті дәрежеде дәл анықталып бетке жұғу өлшемі қызметін атқарады. Егер < 900 болса бетке жақсы жұғады, егер > 900 – нашар жұғады деп есептеледі.
Осыған сәйкес шеттік бұрыштың мәнін бағалау және осы мәнді басқару мақсатында, оны қатар болатын көлемдік фаза қасиеттерімен байланыстыру, құрылыс материалдары бетін гидрофобтау процесі үшін маңызы ерекше. Жұғудың тепе-теңдік шеттік бұрышын білу капиллярлы-кеуекті денелердегі сұйықтың өзін тұтуын анықтауда көмектеседі.
.
Ұсынылытын әдебиеттер:
А.П. Писаренко, К.А. Поспенова, А.Г Яковлев- Курс коллоидной химии-изд. –М: Высшая школа 1964-246с.
Т.В. Кузнецова, И.В. Кудряшев, В.В. Тимашев – Физическая химия вяжущих материалов-М: Высшая школа 1989-384с.
В.Б. Ратинов, Ф.М. Иванов Химия в стр.
О.П. Мчедлов-Петросян Химия неорганических строительных материалов-М.: Стройиздат, 1988, 304с.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары.
Гидрофобты және гидрофильдік ұғымдарына түсінік беріңдер.
Гидрофобты цемент қасиеттері.
Гидрофобты-пластификациялаушы қоспаларды қолдану.
Беттік-белсенді қоспалар. Оларды құрылыс материалдарын өндіру мен пайдалануда қолданудың техника-экономикалық тиімділігі.
Құрылыс материалдарына жұғуды сандық бағалау.
Құрылыс материалдарына жұғуды сапалық бағалау.
Жұғу процесіне әсер етуші факторлар.
Практикалық тапсырма.
3.2 сретті пайдалана отырып, жұғудың шеттік бұрышының шамасын анықтаңдар және құрылыс материалдарының гидрофобтығын бағалаңдар.
г)
д)
3.2 Сурет – Бетке жұғу Практикалық сабақ №4 Фазалық тепе-теңдік шарттары. SiO2 жүйесіндегі тепе-теңдік күйден ауытқу
Теория мен практика үшін силикатты жүйелердегі фазалық ауысулардың физика-химиялық табиғаты және зерттелетін жүйедегі жеке фазалардың оларды келесі химиялық талдау арқылы бөліп алмастан жүйеде болу мүмкіндігін білудің маңызы зор. Бұл мәселені нақты практикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін силикатты жүйелер күйінің диаграммасы көмегімен шешуге болады. Практика үшін әр түрлі қоспалардың қатысуында және кең температуралық интервалда силикаттық жүйелердегі өзгерістердің өзіне тән ерекшеліктерін білу маңызды. Мысалы зерттелетін өнім ыстыққа төзімді пештерде қажетсіз оңай балқитын эвтектиктер немесе қатты ерітінділер түзетіндігі жайлы мәлімет немесе осы құрамдағы шыны шихтасындағы ликвациялық құрылымның түзілуі мүмкіндігі, тағыда басқа мәліметтерге ие болу қажет. Сұйық шлакты балқыманың кристалдануы нәтижесінде алынған дайын өнімнің құрылымы мен қасиеттерін алдын ала болжаудың және жүйе құрам бөліктерінің өмір сүру жағдайларын білудің маңызы ерекше.
Отқа төзімді материалдарды өндіру және олардың жұмыс істеу кезіндегі полиморфты өзгерістер нәтижесінде кристалдардың көлемдік өзгерістерін есекретін температуралық режим таңдау қажет (мысалы, кварц пен тридимиттің динасқа өзгеруі). Құю әдісімен бұйымдарды өндіру кезінде кристалдану процесі кезіндегі балқыманың көлемдік өзгерістері шамасын білу маңызды. Көптеген технологиялық мәселелерді шешу кезінде араласпаның қажетті құрамын таңдау және бір компоненттің басқа компонентпен қанығу концентрациясын білу қажет.
Кремний төрт оксиді күрделі полиморфизмге ие біркомпонентті жүйе болып табылады. Табиғатта кремний төрт оксидінің он бір кристалды полиморфты модификациясы мен екі шыны тәрізді формасы кездеседі (4.1 кесте). Келтірілген модификациялардың әр біреуі белгілі бір темперетура мен қысым интервалында ғана термодинамикалық тұрақты болып табылады.
Кремний төрт оксидінің құрылымы мен физикалық қасиеттері бойынша ерекшеленетін негізгі үш полиморфты модификациясы (бірінші реттегі модификациялар) – кварц, тридимит және кристоболит, бір біріне энантиотропты болып табылады. Оған қоса олардың әр біреунің төмен және жоғары температуралық модификациялары бар (екінші реттегі модификациялар). Кремнеземнің негізгі кристалдық формаларының термодинамикалық тұрақтылық аймағы Феннер диаграммасында анық бейнеленген (4.1 сурет). Зерттелетін температура диапазонында кремний төрт оксиді қаныққан буы қысымының өте аз шамасын дәл анықтау практикалық тұрғыдан мүмкін болмағандықтан, келтірілген диаграмма шартты болып табылады. Әрбір модификация тек өзіне ғана тән тұрақтылық аймағына ие.
Жұмыстың мақсаты: Біркомпонентті силикатты жүйелерді талдау біліктілігіне ие болу, кремнезем модификацияларының қасиеттерін білу.
Ұсынылатын әдебиеттер.
А.А. Пащенко, А.А. Мясников и др.Физическая химия силикатов. Учебник для студентов вузов. М: Высшая школа 1986-368с.
Т.В. Кузнецова, И.В. Кудряшев, В.В. Тимашев Физическая химия вяжущих материалов. Учебник для студентов вузов. М: Высшая школа 1989-383с.
В.С. Горшков, В.В. Тимашев, В.Г. Савешев Методы физико-химического анализа вяжущих веществ. Учебное пособие.- М: Высшая школа 1981-335с.
Өзін өзі бақылау сұрақтары.
«Күй диаграммасы» ұғымы.
Қарапайым біркомпонентті жүйелердің сипаттамасы.
Силикатты жүйелердің күй диаграммасы көмегімен шешілетін теориялық және практикалық мәселелер.
Полиморфизм дегеніміз не?
Энантиотропты және монотропты полиморфты өзгерістер.
SiO2 жүйесі күйі диаграммасының практикалық маңызы.
SiO2 модификациясының құрылымы, қасиеттері.
SiO2 полиморфты ауысуларына қоспалардың әсері.
Практикалық тапсырма.
SiO2 модификациясы ауысулары диаграммасын қолдану арқылы (4.1 сурет) барлық модификациялардың қысым мен температураға қатысты тұрақтылық аймағын анықтаңдар.
SiO2 модификациясы кристалдары құрылымының қасиетіне әсерін талдаңдар (4.1 кесте).
