Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘН Құрылыс материалдарының химиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.74 Mб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Ратинов В.Б. и др. Добавки в бетоны.-М.: ВІІІ., 1989. 276с.

2. Вавржин Ф. Химические добавки в бетоны .-М.: ВІІІ., 1964. 256с.

3. Косторных Л.И. Добавки в бетоны и строительные растворы.Р-н-Д.

Феникс. 2007. 179с.

4. Гост 24211-91. Добавки для бетонов. Обшие технические требования.-М.:

Изд. Стандартов. 1992г. 20с.

5. Афанасьев Н.Ф. Добавки в бетоны и растворы.-К.:Будивельник,1989.128с.

6. Мамыркулов М. Ы. «Бетон технологиясы» пәні бойынша курстық жобалауға арналған әістемелік нұсқаулық. Шымкент. 2007. 36б.

Практикалық сабақ 11. Қоспалы бетон технологиясының ерекшеліктері

Практикалық сабақтың мақсаты: Бетондар үшін қоспалардың түрін таңдау және қоспалы бетонды дайындау ерекшеліктерімен танысу.

Ауыр, жеңіл және майда түйіршікті бетондар үшін қоспаларды таңдау [1,2,3,4,5] нормативті-техникалық құжаттардың ұсыныстары мен техника-экономикалық есептеулер негізінде жүргізіледі.

Қоспаны таңдау бетон араласпасын дайындау технологиясы мен құрылыс бұйымы мен конструкцияларын дайындау тәсіліне және қоспаның бетон араласпасы мен бетонның негізгі қасиеттеріне әсеріне сәйкес жүргізіледі.

Ауыр және ұсақтүйіршікті бетондарды қоспаларды қолдану төмендегі технологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  • Цементтің шығынын төмендету;

  • Ірі толтырғыштың шығынын азайту немесе ірі толтырғышты ұсақтүйіршікті толтырғыштармен ауыстыру;

  • Технологиялық және реологиялық қасиеттерін жақсарту;

  • Бетон араласпасының жылжымалылығын және қатаю мен ұстасу процесінің жылжымалығын реттеу үшін;

  • Жылу агрегаттарындағы бетонды жылумен өңдеу уақытын қысқырту;

  • Бетонның табиғи жағдайда қатайуы кезінде бетонды қалыптан шығару жеделдету;

  • Бетонның беріктігін арттыру және су мен газөткізгіштігін төмендету;

  • Бетон мен темірбетонның аязға және коррозияға төзімділігін арттыру;

  • Бетонның арматураға байланысты қорғаныс қабілетін арттыру.

Тапсырма:

  1. М400 маркадағы портландцемент негізінде В35 кластағы бетонның құрамын, «REOBUILD 561» суперпластификатордың шығыны 0,85% (жұмысшы ерітіндінің концентрациясы С=25%, ρ =1,16) жағдай үшін есептеңдер. Бетонның жылжымалылығы П1.

  2. М300 маркадағы портландцемент негізінде В20 кластағы бетонның құрамын, «Мелмент» суперпластификатордың шығыны 1,2% (жұмысшы ерітіндінің концентрациясы С=30%, ρ =1,15) жағдай үшін есептеңдер. Бетонның жылжымалылығы П1.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Ратинов В.Б. и др. Добавки в бетоны.-М.: ВІІІ., 1989. 276с.

2. Вавржин Ф. Химические добавки в бетоны .-М.: ВІІІ., 1964. 256с.

3. Косторных Л.И. Добавки в бетоны и строительные растворы.Р-н-Д.

Феникс. 2007. 179с.

4. Гост 24211-91. Добавки для бетонов. Обшие технические требования.-М.:

Изд. Стандартов. 1992г. 20с.

5. Пособие по применению химических добавок при производстве сборных железобетонных конструкций и изделий (к СНиП 3.09.01-85)/НИИЖБ. – М.: Стройиздат, 1989.-39с.

6. Мамыркулов М. Ы. «Бетон технологиясы» пәні бойынша курстық жобалауға арналған әістемелік нұсқаулық. Шымкент. 2007. 36б.