- •«Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өтуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық «Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өтуге арналған
- •5В073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы студенттеріне арналған
- •Практикалық сабақ №1 Заттың құрылымы. Құрылыс материалдарындағы химиялық байланыстың табиғатын анықтау.
- •Практикалық сабақ №2. Химиялық тепе-теңдік. Қайтымды процестерді басқару.
- •Практикалық сабақ №3 Беттік құбылыстар. Сұйықтықтың қатты денеге жұғуы. Гидрофильді және гидрофобты қатты денелер
- •3.1 Сурет – Сұйықтың қатты денеге жұғу сызбасы
- •3.2 Сурет – Бетке жұғу Практикалық сабақ №4 Фазалық тепе-теңдік шарттары. SiO2 жүйесіндегі тепе-теңдік күйден ауытқу
- •4.1Сурет – SiO2 модификациясы өзгерісінің диаграммасы ( Феннер бойынша)
- •Практикалық сабақ №5 Ерітінділер. Ерітінділердің сандық сипаттамалары.
- •Практикалық сабақ №6 Құрылыс материалдарын зерттеуде дифференциялды-термиялық талдау әдісін қолдану
- •6.1 Сурет - Заттың дериватограммасы.
- •6.2 Сурет - Заттың дериватограммасы.
- •6.4 Сурет - Заттың дериватограммасы.
- •Практикалық сабақ №7 Құрылыс материалдарын зерттеуде рентгенографиялық талдау әдісін қолдану.
- •7.1 Сурет- Шикізат үлгісінің рентгенограммасы Практикалық сабақ №8 Минералды тұтқыр заттарды алу мен қатаюының физика-химиялық негіздері.
- •Сурет – Үшкомпонетті жүйе күйі диаграммасы
- •Практикалық сабақ 9 Тұтқыр заттың гидратациялану реакциясының механизмін зерттеу.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Практикалық сабақ 10. Қоспалы бетон құрамын таңдау бойынша есептеулер.
- •3 Кесте
- •Бетон құрамын есептеуге қажетті шикізаттық материалдардың сипаттамалары
- •8 Кесте- Ірі толтырғыштарың негізгі сипаттамалары.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Практикалық сабақ 11. Қоспалы бетон технологиясының ерекшеліктері
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Практикалық сабақ 11. Құрылыста полимер композицияларын қолдану.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Рысдәулетов р.А., Қалшабекова э.Н. «Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өтуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •5В073000 - «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығының студденттеріне арналған
Бетон құрамын есептеуге қажетті шикізаттық материалдардың сипаттамалары
6 кесте - Тұтқыр заттың негізгі сипаттамалары
Цемент түрі |
Белсенділігі, марка Rц |
Тығыздығы кг/дм3 |
Үйме тығыздығы кг/дм3 |
Қалыпты қоюлығы НГ, % |
Құны тг/т |
Қоспасыз портландцем. |
400 500 550 600 |
3,15 |
1,3 |
22 23 24 25 |
19-73 22-73 26-73 30-93 |
ПЦ минералды қоспамен 20% |
400 500 550 600 |
3,0 |
1,2 |
24 25 26 27 |
17-83 20-63 23-73 27-93 |
ПЦ тез қатаятын |
400 500 |
3,1 |
1,3 |
26 27 |
19-23 22-23 |
Шлакопорт ландцемент |
300 400 500 |
2,9 |
1,1 |
32 31 30 |
13-63 15-33 17-73 |
ЩПЦ тез қатаятын |
400 |
2,9 |
1,1 |
31 |
17-83 |
Сульфатқа төзімді ПЦ |
400 |
3,1 |
1,3 |
24 |
22-93 |
Сульфатқа төзімді қоспалы ПЦ |
400 500 |
3,0 |
1,2 |
25 26 |
19-43 22-93 |
Сульфатқа төзімді ЩПЦ |
300 400 |
3,0 |
1,2 |
30 31 |
15-73 18-33 |
Пуццоланды ПЦ |
300 400 |
2,9 |
1,1 |
33 34 |
14-83 17-03 |
7 кесте - Құмдардың негізгі сипаттамалары.
№ |
Құм түрі |
Тығыздығы кг/дм3 |
Үйме тығыздығы кг/дм3 |
Ірілік модулі Мкр |
% |
Құны тг/м3 |
1 |
Бадам |
2,65 |
1,55 |
2,4 |
4 |
4-90 |
2 |
Тассай |
2,63 |
1,58 |
2,7 |
3 |
5-60 |
3 |
Шу |
2,58 |
1,51 |
2,1 |
2,5 |
7-38 |
4 |
Арыс |
2,6 |
1,43 |
1,3 |
8-10 |
3-37 |
8 Кесте- Ірі толтырғыштарың негізгі сипаттамалары.
№ |
Толтырғыштың түрі
|
Тығыздығы кг/дм3 |
Тығыздық кг/дм3 |
МПа |
Беріктігі |
Құны тг/м3 |
1 |
Бадам шағалы |
2,65 |
1,58 |
2 |
Др12 |
5-82 648 |
2 |
Бадам қиыршық тасы |
2,65 |
1,32 |
1,5 |
Др8 |
9-18 1022 |
3 |
Тассай шағалы |
2,62 |
1,63 |
1,5 |
Др16 |
6-05 674 |
4 |
Шағал тас |
2,62 |
1,41 |
1,0 |
Др12 |
9-55 1063 |
5 |
Жамбыл шағалы мен қиыршық тасы |
2,6 |
148 |
0,5 |
Д 8 |
11-93 1328 |
1м3 бетон араласпасының және жеке компоненттің шығынына кететін материалдардың құнын төмендетеді:
С=
СцЦ+СқҚ+СшШ+
,
(14)
мұндағы, СцЦ, СқҚ, СшШ – 1кг цементтің, құмның, шағалдың өзіндік құны;
- i – дың
1кг – ның құны; Di
– 1м3
– қа кететін i – дың шығыны.
Бетон араласпасына ендірілетін қоспаның мөлшерін төмендегі әдіспен есептеу қажет.
Мәселен, араласпаға ендірілетін қоспаның мөлшері 2% шамасында болсын.
100кг цемент үшін қажетті қоспаның мөлшерін есептейміз:
100 кг – 100%
X кг – 2%
Қоспаның табиғи ылғалдылығы болады, сондықтан қоспаның табиғи ылғалдылығын 5% болған жағдайда, қоспаның шығыны мынаған тең:
кг құрғақ
қоспа
2. Қоспалар негізінен жұмысшы концентрациядағы ерітінді түрінде қолданылады, сондықтан қоспа ерітіндісінің көлемін табу қажет (М: ρ = 1,14г/см3, С = 25%):
2,11кг - 25%
Х - 100% х = (2,11 ∙ 100%):25% = 8,44кг жұмысшы концентрациядағы қоспа ерітіндісі қолданылады.
V = m : ρ = 8,44 : 1,14 = 7,4л, яғни 100кг цемент үшін 7,4л жұмысшы концентрациядағы қоспа ерітіндісі қолданылады.
Қоспалы бетондардың құрамын есептеу қоспалардың бетонның негізгі физика-механикалық қасиеттеріне әсерін ескеру арқылы қоспасыз бетондардың құрамын есептеудің дәстүрлі әдістемесі негізінде жүргізіледі.
Қоспалы бетон араласпасын дайындаудың дәстүрлі бетон араласпасын дайындаудан негізгі ерекшелігі, бетонараластырғышқа қатаю суымен бірге, бетон құрамын таңдау кезінде анықталған қоспа мөлшері ендіріледі. Суда еритін қоспаларды араласпаға ендіру үшін, алдын ала қоспалардың жұмысшы концентрациядағы ерітіндісі, ал суда ерімейтін қоспалар үшін сулы суспензиялар мен эмульсиялары дайындалады.
Жұмысшы ерітіндінің концентрациясы төмендегі формула көмегімен анықталады:
C = 2Д / n, %,
мұндағы Д – цементтің ең аз шығыны кезіндегі, құрғақ зат массасына есептегендегі қоспа мөлшері, n – үлестегіштің мүмкін болған қателігі.
1м3 бетон үшін жұмсалатын жұмысшы концентрациядағы қоспа ерітіндісінің шығынын төмендегі формула бойынша есептейді:
А = Ц · w / (ρ ·C), л
Мұндағы: Ц - 1м3 бетон үшін цемент шығыны, кг;
w – қоспа мөлшері, цемент массасына шаққанда %;
C – жұмысшы ерітіндінің концентрациясы, %;
ρ – жұмысшы ерітіндінің тығыздығы, г/см3;
1м3 бетонды қатайту үшін жетпейтін қалған судың мөлшерін, төмендегі қатынас негізінде есептейді:
Н = C – А · П(1- 0,01К), л
Мұндағы, С – 1м3 бетон үшін есептелген судың мөлшері, л.
Егер қоспаның жұмысшы концентрациядағы ерітіндісі, сұйық қоспалар негізінде дайындалса, онда сұйық қоспаның мөлшері төмендегі формула негізінде есептеледі:
Р = Q · D1 / D, л
Мұндағы Q – дайындалатын ерітіндінің көлемі, л;
D1 – 1л дайындалған ерітіндідегі сусыз заттың мөлшері, кг;
D – 1л сұйық өнімдегі сусыз заттың мөлшері, кг.
Бұл жағдайда араласпаны қатайту үшін қажетті судың мәлшерін төмендегі формула бойынша есептейді:
A = Q – Р, л
Қоспалы бетонның құрамы алдын ала бетонның қажетті жылжымалылығы негізінде есептелген қоспасыз бетонның таңдалған құрамын реттеу негізінде, немесе тікелей қоспалы бетон үшін есептеледі.
Қоспалы бетонның құрамы зертханалық және өндірістік жағдайларда зерттеліп, шикізаттық материалдардың ерекшеліктері мен қолданылатын технологияларға сәйкес таңдалады.
Тапсырма:
М400 маркадағы портландцемент негізінде В35 кластағы бетонның құрамын, «REOBUILD 561» суперпластификатордың шығыны 0,85% (жұмысшы ерітіндінің концентрациясы С=25%, ρ =1,16) жағдай үшін есептеңдер. Бетонның жылжымалылығы П1.
М300 маркадағы портландцемент негізінде В20 кластағы бетонның құрамын, «Мелмент» суперпластификатордың шығыны 1,2% (жұмысшы ерітіндінің концентрациясы С=30%, ρ =1,15) жағдай үшін есептеңдер. Бетонның жылжымалылығы П1.
