Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘН Құрылыс материалдарының химиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.74 Mб
Скачать

Ф.7. 11-19

Рысдәулетов Р.А., Қалшабекова Э.Н.

«Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өтуге арналған әдістемелік нұсқаулық

Шымкент 2014 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Құрылыс материалдар бұйымдары мен конструкциялары технологиясы» кафедрасы

Рысдәулетов Р.А., Қалшабекова Э.Н.

Әдістемелік нұсқаулық «Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өтуге арналған

5В073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы студенттеріне арналған

Оқу формасы: күндіізгі және сырттай

Шымкент 2014 ж.

ӘОЖ 66. 982.001.2

Құрастырушылар: Рысдәулетов Р.А., Қалшабекова Э.Н. «Құрылыс материалдары химиясы» пәнініен практикалық сабақтарды өтуге арналған әдістемелік нұсқаулығы. – Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ; 2014ж. -54 бет.

Әдістемелік нұсқаулық «Құрылыс материалдары химиясы» пәнінің оқу жоспары мен типтік бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған және курс бойынша практикалық сабақтарды ұйымдастыруға қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.

Әдістемелік нұсқаулық 5В073000 – «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы студенттері үшін арналған

Әдістемелік нұсқаулықта «Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтардың тақырыптары, сабақты ұйымдастыру әдістемелері, типтік есептер мен оларды шешу жолдары қарастырылған.

Пікір білдіргендер: М. Әуезов Атындағы ОҚМУ

профессоры т.ғ.д. Исмаилов А.А.

М. Әуезов Атындағы ОҚМУ

доценті, т.ғ.к. Айтуреев М.Ж.

ҚМБжКТ кафедрасының мәжілісінде (хаттама №__, 10.01.14ж.) және Құрылыс және көлік факультетінің әдістемелік комиссиясында (хаттама №___, 15.01.14ж.) қаралған және баспаға ұсынылған.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ Әдістемелік Кеңесінде баспадан шығаруға ұсынылған, хаттама №____, «___» _____2014ж. .

© М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2009ж.

Шығаруға жауапты: Рысдәулетов Р.А.

Кіріспе

Қазіргі кезеңде құрылыс индустриясының қарқынды дамуы, құрылыс материалдары өндірісі саласына жоғары сапалы материалдар өндіру міндетін қоюда. Құрылыс материалдары мен бұйымдарының негізгі қасиеттері мен төзімділігін арттыру тек қана жоғары сапалы шикізаттар мен қазіргі заманғы қондырғыларды қолдануға тәуелді болып қалмастан, құрылыс материалдарын өндіру кезінде жүретін химиялық процестерді білікті басқаруға да тәуелді. Сонымен бірге соңғы кезде құрылыс материалдары нарығында жасанды полимерлік материалдар негізіндегі бұйымдар мен құрылыс материалдарының түрлі қасиеттерін жақсартуға бағытталған химиялық қоспалардың үлесі артуда. Яғни құрылыс техникасы тек қана құрылыс өндірісі процестерін механикаландыру бағытында ғана емес, сонымен бірге құрылысты химияландыру бағытында да, атап айтқанда жаңа материалдарды алу, құрылыста химиялық және физика-химиялық процестердің маңызын арттыру бағытында да дамуда.

Құрылысты химияландыру нәтижесінде тұтқыр заттардың қатаю процесін басқару, тұтқыр заттың тиімділігін арттыру, құрылыс материалдары өндірісінің тиімді жағдайларын анықтау, олардың оңтайлы құрамын таңдау, құрылыс материаладары мен бұйымдарының сыртқы ортаның түрлі агрессиялы факторларының әсеріне төзімділігін арттыру т.б. маңызды мәселелер шешілуде.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты 05.07.30 «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы студенттері үшін құрылыс материалдарын алу кезінде жүретін химиялық және физика-химиялық процестердің жүру жағдайлары мен оларды басқару тетіктерін оқып үйренудің маңызы зор. Осы мәселені шешу мақсатында мамандықтың оқу жоспарына «Құрылыс материалдары химиясы» пәні ендірілген.

Бұл әдістемелік нұсқауда «Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтардың тақырыптары, тақырыпқа қатысты теориялық сұрақтар, типтік есептер, оларды шешу жолдары және тақырыпқа байланысты тапсырмалар көрсетілген. Әрбір тақырып бойынша тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдебиеттер тізімі берілген.

«Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өту барысында студенттер лекциялық сабақтар кезінде алған теориялық білімдерін қолдану біліктілігін қалыптастырады. Әрбір сабақ соңында студенттерден берілген тапсырмалар бойынша есеп алынып, студенттің білімі мен біліктілігі бағаланады.