Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прак инфор 2015 РИО.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.8 Mб
Скачать

Сызбалар, есептер, ситуациялар

Мәтін редакторымен келесі жұмыстарды орындауға болады:

- жаңа құжат құру, мәтінді теру, мәтінді сақтау;

- құжатты оқу және редакторлеу;

- құжатта түрлі кестелер дайындау;

- қарапайым геометриялық фигураларды салу;

- басқа қосымшаларда дайындалған түрлі мәліметтік үзінділерді және суреттерді кірістіру;

- дайын құжатты баспадан шығару.

Жаңа құжатты даярлау. Word редакторы іске қосылған соң, экранда Құжат1 деген бос Терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады. Келесі құжат 2-нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі т.с.с. болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай өсіп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс істеп отырғанда (осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат болып нөмірленеді. Жаңа құжат ашарда меню жолынан Файл → Создать командасын таңдалып белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және т.б. жатады. Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:

  • мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет нөмірлері);

  • кестелер (таблицалар);

  • төртбұрышты жақтаулар (керегелер);

  • графикалық бейнелер;

  • кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, айта берсек аспаптар тақтасы) және т.б.

Алдын ала келесім бойынша, жаңадан ашылған құжат «Кәдімгі» нұсқа (шаблон «Обычный») бойынша жасалады. Word редакторын алғашқы рет компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі тиіс, олар: іс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттері; т.б. типтегі құжат түрлері. Бұл нұсқалар ішінде бірден толтырылуға тиіс стандарты өріс жолдары (Кімге, Кімнен, Дата) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан, олар әркімнің уақыттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Арнаулы нұсқаларды пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі стиль береді.

Бос құжатты даярлау

Бірінші құжатты даярлау үшін «Кәдімгі» нұсқасын пайдаланайық. Бұл нұсқа кейін информация енгізетін, ал әзірге бос құжат терезесін ашарда қажет. Өйткені әзірше бұл құжатқа оның мәтінін форматтау немесе безендіру жөнінде арнайы талап қойылған жоқ. «Кәдімгі» нұсқасымен бос құжатты даярлау үшін:

  1. Файл → құру (Файл → Создать→Доступные шаблоны терезесінен →Новый документ шаблонын) таңдау қажет. Немесе құжатты Ctrl + N пернелерінің көмегімен де құруға болады

  2. Құжатты сақтау (Файл →Сахранить как... немесе F12 пернесін басу).

Құжат сақтауда әртүрлі файл типтері бар:*.doc, *.html, *.xml, *.dotm . . .

3. Файл аты деген өріс жолына құжаттқа қойылатын аты енгізу, әйтпесе Word-тың ұсынған атын (мысалы, Документ1) қабылдау.

Құжатты редакторлау.

Құжатты редакторлау дегеніміз құжатқа өзгерістер енгізу.

1. Главная панелінің қаріп тобынан қаріп түсін, стилін, өлшемін, жартылай қарайтылған, курсив, асты сызылған т.б. мүмкіндіктерді таңдау.

2. Стилдер терезесінен ерекшеленген мәтінді өзгертуге болады.

3. Алмастыру терезесінен кесіп алу, таңдалған үзіндіні буферге көшіріп, өшіру, көшіру, таңдалған үзіндінің көшірмесін буферге енгізу, кірістіру, буфермен кірістіру, тазалау, таңдалған үзіндіні өшіру.

Тапсырма 1. Мәтін құжатын құру және сақтау.

1. Жаңа құжатқа мәтінді енгізуден бұрын парақ бетінің параметрін орнатып алу қажет:

  • парақ бетінің параметрін: верхнее – 1,5, нижнее – 2, левое – 2,5, правое – 1,5 (Разметка страницы →Параметры страницы→Поля);

  • шрифтің атын, стилін, түсін, өлшемін таңдау үшін Абзац сұқбат терезесінен текст тақырыбын ортаға, қарайтылған, қатар ортасына қарай туралу, шрифтің аты – Times New Roman, – 24, асты сызылған стильдерді таңдау (Главная →Абзац).

  • Әрбір 3 минут сайын сақтау опциясын қосыңдар(Файл→Параметры → Сохранение → Автосохранение каждые → ОК).

2. Тексте арнайы маркерлерді қолданыңыз (Главная қосымшасындағы маркеры).

3. Қатар аралықтарын өзгертіңдер (Главная немесе Разметка страницы→Абзац).

4. Файлды пернелердің көмегімен сақтаңдар және жабыңдар (Shift+F12 және ALT+F4 пернелері)

5. Сақталған файлды ашыңыз. Төменде берілген мәтінді ерекшелеп Алмастыру буферіне көшіріп алыңыз да құжат бетіне орналастырыңыз. Копировать (Ctrl+) →Вставить (Shift+ Ins)

Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар

Студентті компьютермен жұмыс жасай отырып, шаршаған жағдайда келтірілген жаттығуларды пайдалануы қажет:

  1. Шаршаған кездегі көздің қарау бағытын өзгерту (ауыстыру):

  • Алысқа-жақынға, оңға-солға, жоғары-төменқарау;

  • Сағаттілінің бағытымен және керісінше көзді айналдыра, қозғалыс жасау;

  • Көзді қолмен жауып 1-1,5 минут отыру.

  1. Басты бұру жаттығуларын жасау:

  • Басты сағат тілі бағытымен және керісінше бұрып айналдыру;

  • Басты жан-жаққа бұру.

  1. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту. Денені босаңсыту және оны керіліп шынықтыру.

3. Біріккен текстің шрифт өлшемін – 12, шрифт атын – Arial өзгертіңіз.

  1. Текст маркерлерін өзгертіңіз.

  2. Текстке стиль кітапханасын қолданыңыз (Главная →Стили).

  3. Текстке колонканы қолданыңыз, типі –3 (Разметка страницыКолонки)