
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •1 Курс студенттеріне арналған
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •№1 Практикалық сабақ
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7 Мысал.
- •8 Мысал.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Жиындарға қолданылатын амалдар.
- •1 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •№3 Практикалық сабақ
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Бос құжатты даярлау
- •3. Жаңа бумаға құжатты сақтау.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Тақырыбы: ms excel кестелік процессорымен жұмыс. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелер. Диаграмма тұрғызу.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •1 Тапсырма. Access мқбж-інде жаңа мәліметтер қорын құру.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •3. Кестеде іздеу жасау.
- •7. Алгоритм тармақталған болып аталады, егер:
- •8. Қайталанатын командалар цикл – дейін деп аталады, егер:
- •9. Қайталанатын командалар цикл - әзір деп аталады, егер:
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Мысал 3. Функциясының мәндері 0,1 қадамымен [1;20] аралығында өзгереді. Функцияның өзгеру мәндерін табу алгоритмінің блок-схемасын құрыңыздар.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Өз бетінше жұмысқа тапсырмалар:
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – html. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер
- •Төмендегі программаның тексін Блокнот текстік редакторында теріп, құжатты Тапсырма_4.Html деген атпен сақтаңыз. Кестені жасауда қолданылатын барлық тегтерді меңгеріңіз.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Әдебиеттер
- •№1 Практикалық сабақ. Санау жүйелері. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру. Екілік арифметика...................................................................4
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Факультет______физика-математика______
Кафедра____Информатика және ЕТ____
1 Курс студенттеріне арналған
«Информатика» пәні бойынша практикалық сабақтарға
Әдістемелік нұсқаулық
Ақтөбе 2015
Аман К.П., Ильясова Т.Ж. «Информатика» пәні бойынша практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулық: Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ баспасы, 2015 – 107 б.
«Информатика» пәнінен практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау жұмыс бағдарламасына сәйкес жасалған және өзіндік есептер мен тапсырмалардың шешу үлгісіне әдістемелік ұсыныстарды қамтиды.
Әдістемелік нұсқау жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарында оқитын 1 курс студенттеріне тәжірибелік дағды алу үшін оқу материалы болып табылады.
Пікірсарапшы:
физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Тасмамбетов Ж.Н.
техника ғылымдарының докторы, доцент Әбдіқалықов Қ.Ә.
Құрастырушылар: Аман К.П., Ильясова Т.Ж.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті физика-математика факультетінің Информатика және ЕТ кафедра отырысында баспаға ұсынылды.
АЛҒЫ СӨЗ
Информатика оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді. Қазіргі кезде информатика өте үлкен қарқынмен динамикалық даму үстінде . Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жие өзгерістерге ұшырайтын ғылыми пән болып саналады.
Информатика жалпы білімдік пән және міндетті компонент болып табылады. Студенттерге есептерді алгоритмдеу негізін, тиімді алгоритмдерді құруды және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдануды оқытуға; қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін және олардың даму перспективасын игертуге; компьютерлік желілер мен компьютердің программалық және аппараттық жабдықтарының перспективалары мен жағдайларын игертуге бағытталған.
Негізгі мақсаттары мен міндеттері: информатиканың дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру; дискретті математика элементтерімен таныстыру; есептелінетін жүйе архитектурасы, операциялық жүйелер мен желілер туралы түсініктер беру; студенттерге алгоритмдер мен блок-схемаларды құруды үйрету; компьютерлік графика негіздерімен және желілік қосымшаларды құрудың негізгі концепцияларымен таныстыру.
Әдістемелік нұсқау келесі мақсаттар мен міндеттерге жетуге мүмкіндік береді:
дайындық бағыттарына сәйкес мамандар дайындаудың тиімділігі мен сапасын арттыру;
ғылым, техника және өндірістің жетістіктерін есепке алып, оқу пәнін оқып-үйренуді ұйымдастыру және мазмұнын жүйелеу;
білім беру процесінің әдістемелік қамтамасыз етілуін жақсарту;
студенттердің білімін бақылау мен оқу жұмысын өзбетінше тиімді жоспарлау және ұйымдастыру;
оқу материалын меңгертуде студенттерге әдістемелік көмек көрсету;
педагогикалық шеберлігін жетілдіруде оқытушыларға көмек көрсету.