- •Дәріс №3-4. Тұрақты ток электр машиналары.
- •Дәріс №5-6. Трансформаторлар.
- •Дәріс №7-8. Айнымалы ток электр машиналары теориясының жалпы мәселелері.
- •Дәріс №9-10. Вентильді түрлендіргіштермен басқару.
- •Дәріс №11-12. Қадамды қозғалтқышты дискретті жетек.
- •Дәріс №13-14. Электрлі микромашиналар механикалық шамаларды электрлікке түрлендіргіш ретінде.
- •Дәріс №15-16. Электрқозғалтқышын таңдау және олардың жылулық жұмыс режимдері.
- •2 Сурет.
- •Дәріс №17-20. Автоматиканың электрмагниттік құрылғылары.
- •6. Орындайтын элементтер.
- •7. Корректірлеуші элементтер.
- •Дәріс №21-24. Электромагниттер.
- •Тақырып №25-26. Электромагнитті реле.
- •1.Нейтралды электромагнитті реле. Оның тарту және динамикалық сипаттамасы. 2.Электромагнитті релелердің динамикалық параметрлері.
- •Дәріс №27-28. Датчиктер.
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырып №29-30. Өлшеу түрлендіргіштері.
Дәріс №17-20. Автоматиканың электрмагниттік құрылғылары.
1.Автоматиканың электрмагниттік құрылғыларында қолданылатын магнитті материалдар.
2.Автоматиканың электромагнитті құрылғылары туралы жалпы мағлұматтар.
Реттеу обьектілерінің іс-әрекеттерінің динамикасы сызықты емес дифференциалдық теңдеулермен бейнеленеді. Оларды шешу және оларға анализ жасау оңай шаруа емес. Сондықтан оларды ықшамдауға тура келеді. Әдетте сызықты емес теңдеуді мүмкіншілік болса сызықты теңдеуге ауыстыруға тырысады (линеаризация әдісі).
Бірақ көп жағдайда бұл әдісті қолдануға болмайды. Онда обьектінің динамика теңдеуін екі теңдеу арқылы түрлендіреді: біреуі сызықтық дифференциалдық, екіншісі сызықты емес статикалық теңдеулер арқылы және оларға фазалық кеңістік әдісін қолданады.
2. Сезімтал элементтер мен датчиктер
Сезімтал элементтер мен датчиктер АРЖ –нің негізгі элементтері болып табылады және әр түрлі көптеген физикалық шамаларды өлшеуге арналған. Сезімтал элемент реттелетін шаманың орташа мәнінен ауытқуын сезеді де, оны кейін оңай өлшейтін және өңдейтін күйге түрлендіреді.
Сезімтал элементтер мен датчиктер жұмыста берікті, сезімталдығы қажетті мөлшерде, өлшемдері ықшам, инерциалдығы керекті диапазон ішінде жататын болуы керек. Сезімтал элементтерге көбінесе арнайы түрлендіргіштерді стандарттық сигнал алу үшін жалғайды. Сондықтан сезімтал элемент пен түрлендіргіштің жиынын датчик деп атаймыз.
Датчиктің сапалылығының негізгі көтсеткіші – сезімталдығы
мұнда у – шығыс шамасы, х – кіріс шамасы.
Датчикті таңдағанда оның сезімталдығына және инерциялық қасиеттеріне көңіл аударады.
3.Функционалдық аналог түрлендіргіштер
Функционалдық аналог түрлендіргіштер кіріс және шығыс шамаларының арасындағы математикалық тәуелділікті іске асыруға арналған . АРЖ бұндай түрлендіргіштерді әдетте шығыс шаманың берілген кіріс шаманың заңдылығы бойынша өзгеруін іске асыру үшін қолданылады. Функционалдық элементтер екі топқа бөлінеді: сызықты және сызықты емес. Аналог есептеуіш құрылғыларға қойылатын талаптар:
- қарапайымдылығы;
- пішіндері үлкен емес;
- беріктігі;
- шапшаңдылығы.
Цифрлық есептеуіш құрылғылар.
Цифрлық
есептеуіш құрылғылар функционалдық
түрлендірудің дәлділігімен сипатталады
, ал бұл құрылғының разрядтар санымен
анықталады. АРЖ –де 16-20 екілік разрядтар
құрылғыларын қолданғанда; дискреттік
сигналдарды түрлендіру кезіндегі жалпы
қателік
шамасын
құрайды.
Күшейткіш элементтер.
Сезімтал элементтер мен датчиктерден алынатын сигналдардың шамасы, құат бойынша реттейтін органды қозғалтуға әлі келмейді, сондықтан көптеген жағдайда қуат күшейткішін пайдалануға мәжбүрміз. Кейбір кезде күшейткіштер өзінің тура міндетімен қатар, яғни күшейтумен бірге, сигналды АРЖ-не қолайлы түрге түрлендіруді де жүргізеді. Күшейткіштің негізгі көрсеткіші – ол оның күшейту коэффициенті. АРЖ –де қолданылатын күшейткіштерге қойылатын талаптар мыналар:
күшейткіш қуат бойынша қажетті күшейту коэффициентіне ие болу керек;
күшейткіштің сипатамасы не құрлым сызықты болғаны жөн;
күшейткіштің сезімталдығы қажетті диапазон ішінде жату керек;
күшейткіштің уақыт тұрақтысы минимал мәнге ие болу керек;
гистерезистің күшейткішке тигізетін әсері жоқтың қасы болу керек.
