Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский учебник.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
753.66 Кб
Скачать

Төл сөздің жасалу жолдары мен орын тәртібі

Төл сөз автор

сөзінен бұрын

келеді

Төл сөз автор

сөзінен кейін

келеді

Төл сөз автор

сөзінің ортасында

келеді

Төл сөзді автор

сөзі ортадан

жарып өтеді

«Төл сөз»,- автор

сөзі.

Автор сөзі:

«Төл сөз».

Автор сөзі: «Төл

сөз»,- автор сөзі.

«Төл сөз,- автор

сөзі, - төл сөз».

«Ертең қар жауатын шығар»,- деді әкем.

Әлібек былай деді:

«Балалардың өздері

шешсін».

Әлібек: «Олар әзір қайтпас»,- деді.

«Олардың, - деді Әлібек,- өздері

шешсін».

Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың ең негізгі және жиі қолданылатыны – төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны (төл сөзді) автор сөзімен байланыстыру тәсілі. Алдымен төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Мысалы: «Мен судан қорқамын»,- деді Ақсәуле. Ақсәуле өзінің судан қорқатынын айтты.

Егер төл сөз етістіктің келер шақ (бұйрық түрінен басқа) не ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда -атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары есімше арқылы беріледі. Мысалы: «Сәуле жазда келеді»,- деді Алмас. Алмас Сәуленің жазда келетінін айтты.

Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық рай формасында айтылса, төлеу сөз де тұйық етістік формасына айналады. Мысалы: «Сен ертерек кел», - деді Анаржан. Анаржан оған ертерек келуін айтты.

Баяндауышы есім сөзден немесе есім сөздің араласуынан болған, немесе атау тұлғалы тұйық етістіктен болса, төлеу сөзге айналғанда е етістігі көмекші болып келеді: «Кітап – білім бұлағы», - деді Айжан. Айжан кітаптың білім бұлағы екенін айтты.

1-тапсырма. Төлеу сөзді төл сөзге айналдырыңыз.

1) Майра киімді пішіп құрастыратын мамандар 14 ғасырда пайда болғанын айтты. 2) Дина өзінің инженер-технолог болғысы келетінін хабарлады. 3) Мен сатушыдан мына матаның сапасы қандай екенін сұрадым. 4) Ол маған өз мамандығының қызығы туралы айтып беретінін растады. 5) Бас редактор сән журналы келесі аптада шығатынын жариялады. 6) Оқытушы қазіргі таңда киім қызметінің бірнеше түрлері бар екенін айтты. 7) Ол киім қызметі біздің өмірімізде үлкен рөл атқарып отырғанын түсіндірді. 8) Тілші ертең Сән үйінде атақты модельер жаңа топтамасын көрсететінін мәлімдеді.

2-тапсырма. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.

1) Жетекшіміз: «Мақта-тоқыма өнеркәсібі туралы материал жинап келіңдер», - деді. 2) «Мен киім дизайнері болғым келеді», - деді Назира. 3) «Сіздерде қажетті жабдықтар бар ма?» - деп сұрады инженер. 4) «Қазақтардың, - деді оқытушы, - басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері қалыптасты». 5) Президент былай деді: «Қазақстанның киім брендін жасайтын мамандар даярлау – уақыт талабы». 6) «Сіз қателесіп тұрсыз», - деді басшы. 7) «Біз тәжірибені тоқыма комбинатында өтетін болдық», - деп хабарлады Гүлнәз. 8) «Киім қызметі дегеніміз – киімнің киілетін ортасы, міндеті мен оған қойылатын талаптар», - деп түсіндірді оқытушы.

3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Мой друг сказал, что все студенты любят лекцию по истории моды. Я сказал ему, что я предпочитаю занятия по дизайну интерьера. Декан сообщил, что победители конкурса будут участвовать со своими моделями на выставке в Астане. Спонсоры конкурса пообещали, что самый лучший конструктор изделий легкой промышленности поедет обучаться в Милан. Руководитель предприятия спросил нас, что мы знаем об отечественных предприятиях легкой промышленности. Мы ответили, что его комбинат – лидер по производству качественных натуральных тканей. Известные модельеры отметили, что костюмы казахстанских спортсменов были самыми стильными на Зимней олимпиаде. На пресс-конференции один из лучших дизайнеров нашей страны заявил, что он сначала хочет завладеть рынком Казахстана.

К лимат – белгілі бір жердің географиялық ерекшелігін танытатын ауа райының көп жылғы жағдайы.

Әшекей (украшение, узор, мозаика, орнамент) – әдемі ою-өрнек, нақыс.

Ою (орнамент) – бір нәрсенің бетіне түсірілген түрлі нақыс, бедер, өрнек.

Өрнек (1.узор, орнамент, 2.тиснение, чеканка, резьба) – оюлы бедер, әшекей, нақыш.

Сымбат (фигура, стать, осанка) – сырт көрініс, мүсін, тұлға.

Парша (парча, блестящая ткань) – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқыған жалтырауық жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.

Қыжым (плющ) – әдемі, түкті мата.

Оқа, зер (позумент, галун) – жібек және зер жіптерден өрнектеле тоқылған зер.

4-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.