Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский учебник.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
753.66 Кб
Скачать

Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары

Бағыныңқы

баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрағы

Мысалы

Етістіктің әр түрі

-у үшін

Не үшін?

Не етпек болып?

Не (қандай) мақсатпен?

Киімді жақсы тіге білу үшін, көп оқу керек

-мақ/-мек

-бақ/-бек

-пақ/-пек

+ болып

Тапсырысты уақытында бітірмек болып, цехтан жарты сағат кеш шықтым.

Сән үлгісіне қатыспақ болып, бір ай бұрын дайындала бастадым.

Шартты рай тұлғалы етістік

+ көмекші етістік деп

Білмегенімді білсем деп, талапты шәкірт тырысар.

Бұйрық рай тұлғалы етістік

+ көмекші етістік деп

Жүннен жасалған көрпе (алайық деп) алайын деп, дүкенге бардым.

Қалау рай тұлғалы етістік

+ көмекші етістік кел

Мені қолдағысы келіп, тоқымашылар сайысына фабрика басшысыі да келіпті.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып,, мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмаластардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

1) Жақсы маман болу үшін, терең білім алу керек. 2) Сырт киім сатып алғысы келіп, Аман «Заңғар» сауда үйіне барды. 3) Дүкеннен түрлі маталар әкел деп, басшы Сәулені жіберді. 4) Халқымыздың өнер тарихымен таныссам деп, кітапханадан бірнеше тарихи кітап алдым. 5) Мата-тоқыма өнеркәсібін зерттемек болып, ғылыми жұмысымның тақырыбын осы салаға байланысты таңдадым. 6) Жас дизайнерлермен семинар өткізейік деп, ұжым қызметкелерімен ақылдастық. 7) Мына көйлектің төзімділігін тексерейін деп, олай да бұлай да қараймын. 8) Өздерінің киім дүкенін ашпақ болып, фабрика басшылары құрылтайшылармен кездесті.

2-тапсырма. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді аяқтаңыз.

1) Ұлттық киім сатып алу үшін, ... . Маусымдық киім таңдайын деп, ... . 3) Кеудешеге ою-өрнек салғызбақ болып, ... . 4) Мақтаны өңдеу үшін, ... . 5) Жаңа киім брендін жасасам деп, ... . 6) Зергерлік бұйымдарға тапсырыс бергісі келіп, ... . 7) Киіз басу өнерімен танысыңыз деп, ... . 8) Дүниежүзілік сән апталығына қатысу үшін, ... .

3-тапсырма. Берілген сөйлемдердің сыңарларын табыңыздар.

Жаңа топтаманы тез бітіргіміз келіп,

Былғары күртеше сатып алайын деп,

Белдемшемді қысқартпақ болып,

Киіз үйдің жабдықтарын алу үшін,

Халыққа қажетті тауар өндіру үшін,

Дамыған елу елдің қатарына кіру үшін,

Жұмысымызға бөгет болғысы келмей,

мемлекеттік бағдарламаны орындау керек.

әмбебап дүкеніне бардым.

белгілі мақсаттарға жете білу керек.

иесінен рұқсат сұрау керек.

тапсырыс берушілер тез шығып кетті.

тігін шеберханасына бара жатырмын.

жұмыстан үнемі кеш қайтып жүрміз.

Аяққап – көшкенде ыдыс-аяқ салатын киіз дорба

Қолөнер – қарапайым еңбек құралдарының көмегімен қолдан жасалған бұйым, зат.

Сырмақ – түрлі-түсті киізден, матадан сырып, оюлап, жасаған төсеніш, үй жиһазы.

Сандыққап – сандықтың сыртынан кигізілетін, кестеленген киіз қап

Кесеқап – көшіп-қонғанда ыдыс-аяқ сынбас үшін киізден жасалатын қапшық.

Шекпен – иірілген жүннен өрмекпен тоқылған соң тігілген сырт киім.

Ілгек – темірден не басқа қатты материалдан жасалған ұшы иілген, майысқан ілгіш.