Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский учебник.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
754 Кб
Скачать
☆

Жеңіл өнеркәсіп.

Халыққа қажетті тауарды өндіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында халықтың киімге, көпшілік қолданатын тұрмыстық және шаруашылық тауарларына жан-жақты сұранысын толық қамтамасыз ету қарастырылған. Өнеркәсіп салаларында халықтың түрлі топтарының тілегіне сай бұйымдар әзірлеу белгіленген. Аталған бағдарламаны жүзеге асыруда өнеркәсіп түрлерінің адам өмірі үшін пайдалы заттарды өндіруі басты мақсат болып табылады.

Әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуді көздеген мемлекет алдымен өз өнеркәсібін өркендетуі тиіс. Бұл бағытта елімізде көптеген игі істер атқарылып жатыр. Қазақстанды тек шикізат экспорттаушы мемлекет ретінде емес, тұрмыста кеңінен қолдануға қажетті бұйымдар өндіруші мемлекет дәрежесіне көтеру қазіргі таңда басты мақсатымыз болып табылады. Осы мақсатқа жету жолында жеңіл өнеркәсіптің алар орны мен маңызы ерекше.

Жеңіл өнеркәсіп – халық тұтынатын, көпшілік қолданатын заттарды, ең алдымен мата, іш және сырт киімдік трикотажды, шұлық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары – мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, аяқ киім, былғары және аң терісі бұйымдарын өндіретін өнеркәсіптер. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің мақтаны, зығырды, жүнді өңдейтін, тері илейтін, жасанды былғары және трикотаж, былғары галантереясын өндіретін салалары құрылып, кең өріс алды.

Қазақ елінің тарихында жеңіл өнеркәсіп ежелден дамыған. Халқымыздың өмірінде күнделікті қолданылатын тұрмыстық заттардың, киімнің көп түрлерінің болуы – осының дәлелі. Қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Киімдер ұлттың этикалық тарихынан, әлеуметтік, климаттық және экономикалық жағдайынан хабар беретін ежелгі салт-дәстүрлерді негізге ала отырып тігілген.

Көшпелілерде жеңіл өнеркәсіптің ертеден жақсы дамыған түрі – жүн, былғары саласы. Себебі күнделікті тұрмыста теріден, жүннен жасалған бұйымдар кеңінен қолданылды. Қазақтар тіпті ас сақтайтын ыдыстарын да мал терісінен жасаған. Олар: саба, торсық, мес, көнек, аяққап, талыс, т.б. Осылардың ең үлкені – саба. Саба халқымыздың молшылығының, байлығының белгісі болған. Жылқысы көп байлар сабаны бәстесіп, бәсекелесіп жасаған.

Жеңіл өнеркәсіптің дамуы мен жетілуі адамзат санасының өсуімен тығыз байланысты. Өйткені өнеркәсіптің қазіргідей дамыған дәрежеге көтерілуі инновациялық технологиялардың нәтижесі болып табылады.

(Баспасөз материалдарына)(

  • Жеңіл өнеркәсіп дегеніміз не?

  • Жеңіл өнеркәсіптің адамзатқа тигізер пайдасы қандай?

  • Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің қай салары жақсы дамыған?

  • Мамандығыңыздың жеңіл өнеркәсіпке қандай қатысы бар?

(бар байланысты ашып айтып беріңіз)

  • Мал терісінен халқымыз қандай бұйымдар жасаған?

  • Саба ненің белгісі болған?

4-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

5-тапсырма. «Ойлан, тап» ойыны: «Өнеркәсіп» деген сөзден екі минут ішінде көп сөз жасап шығыңыз.

6-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, еліміздегі жеңіл өнеркәсіптің қазіргі жай-күйі туралы көршіңізбен сұқбат құрыңыз.

7-тапсырма. Берілген сөздерден хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер құрастырыңыз.

Трикотаж, галантерея, зығыр, бұйым, экспорт, торсық, нарық, өркендету.

8-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып жазыңыз.

1) … – халық тұтынатын, көпшілік қолданатын заттарды, тігін, галантерея бұйымдарын өндіретін ... мен ... жиынтығы. 2) Жеңіл ... негізгі салалары – мақта-мата, аяқ киім, былғары бұйымдарын ... өнеркәсіптер. 3) Қазақстанды алуан түрлі бұйымдар ... мемлекет дәрежесіне көтеру қазіргі таңда басты ... болып табылады. 4) Осы ... жету жолында жеңіл өнеркәсіптің алар ... мен ... ерекше. 5) Қазақ елінің ... жеңіл өнеркәсіп ... дамыған. 6) Қазақтардың басқа халықтарға ... киім үлгілері ... тіршілікке сәйкес қалыптасты. 7) ... халқымыздың ..., байлығының белгісі болған.

9-тапсырма. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамыту үшін не істеу керек?Өз ойыңызбен бөлісіп, пікіріңізді жазып беріңіз.

1. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Жеңіл өнеркәсіп дегеніміз не

Ә) Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін қалай дамытуға болады

Б) Олар басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілерін жасаған

В) Әттең, кешігіп қалдың-ау

Г) Күнделікті қолданылатын тұрмыстық заттар

2. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Кеше сауда үйіне бардық

Ә) Жайнай бер, туған жер

Б) Қандай киім үлгісін көрсетейін

В) Шіркін, мына көйлек қандай әдемі

Г) Ең төменгі қабатта орналасқан

3. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.

А) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін

Ә) Ауылға ақындар келді

Б) Мен шебер бола алар ма екенмін

В) Мәселе шешілді

Г) Осы жағдай әр уақытта есіңде болсын

4. Лепті сөйлемді көрсетіңіз.

А) Бұл сала кең өріс алды

Ә) Мынаның бәрі маған ба

Б) Туу, өзің қандай адамсың

В) Мына жерге отырыңыз

Г) Былғарыдан жасалған киімдерді ұнатасыз ба

5. Жай сөйлемді табыңыз

А) Үйге үлкендер де, кішілер де көңілді кірді

Ә) Оны танығанмен, Сәуле сыр бермеді

Б) Ауыл қыстауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді

В) Көктем шығысымен, жыл құстары ұшып келді

Г) Күн суытты да, қар жауды

СОӨЖ: Мақта-тоқыма өнеркәсібі

Мақта-тоқыма өнеркәсібінде тігін бұйымына материал таңдауға және оны тиімді қолдануға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл үшін материалдың қасиеті мен құрылысын, ассортиментін, сынау әдістерін терең біліп, олардың сапасын бағалай алу өте маңызды. Себебі қазіргі кезде түрлі жаңа құрылымды химиялық талшықтар мен жіптерді тігін өндірісінде қолданудың арқасында киімдерге арналған материалдардың ассортименті кеңейіп, жаңарып отырады. Олар өздерінің әр түрлі қасиеттерімен пішу және тігін бұйымын өндіру процесіне, химиялық тазарту және бояу параметрлеріне ықпалын тигізуде.

Біздің еліміз мақта-тоқыма өнеркәсібін қарқынды және бәсекеге қабілетті етіп дамыту үшін барлық мүмкіншілікке ие. Оңтүстік Қазақстанда мақтаның бірнеше сорттары өндіріледі. Кейбір аймақтарда қазір кәсіпкерлер зығыр, жібек өсіруді де қарастыруда. Яғни елімізде ол үшін де барлық жағдай бар. Ал тоқыма бұйымдарын өндіруде пайдаланылатын негізгі шикізат – жүннің Қазақстанда сан алуан түрі бар екені бәрімізге мәлім. Енді тек осы шикізаттарды өңдеп, ары қарай түрлі бұйым тігу мен жасау – уақыт талабы. Бұл істі ары қарай алып кету үшін бүгінгі таңда елімізге жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологтары, құрастырушылары және осы салада істейтін басқа да білікті мамандар ауадай қажет. Бар шикізатты іске асырып, мақта-тоқыма өнеркәсібін дамытатын мамандар дайындау ісі біздің елімізде Кеңес Одағы кезінен бастау алған. Бірақ заман талабына сай, ХХІ ғасыр тұтынушысының қажеттілігін өтеп, талғамын тойдыратын, жаңа келбеттегі тәуелсіз Қазақстанның киім брендін жасайтын мамандар даярлау ісі тек егемендік алған уақыттан кейін ғана мүмкін болып отыр.

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

  • Мақта-тоқыма өнеркәсібі дегеніміз не?

  • Қазақстандық киім брендін жасау үшін қандай қадамдар жасау керек деп ойлайсыз?

  • Еліміздегі киім тігетін орталықтарды білесіз бе? Білсеңіз, атап беріңіз.

  • «Киім – қазіргі кезде қолданбалы өнердің туындысы» деген пікірмен келісесіз бе? Ойыңызды дәлелдеңіз.

  • Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

СӨЖ: Тақырып бойынша ақпарат жинап, эссе жазыңыз.

2-тақырып

Грамматика: Сөйлем мүшелері.

Лексика: Киім туралы түсінік.

Сөйлем мүшелері дегеніміз – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер. Сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді. Тұрлаулы мүшелер сөйлем құрауға негіз болады, оларға бастауыш пен баяндауыш жатады.