Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский учебник.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
753.66 Кб
Скачать

Толықтауыш

Сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейді. Толықтауыш зат есімнен (Апама көмектестім), есімдіктен (Сәбит ешкімнен қорықпайды), сын есімнен (Жақсыдан үйрен), сан есімнен (Бестен үшті алса, екі қалады), тұйық етістіктен (Үйге баруға қолы тимеді) жасалады.

Толықтауыш құрамына қарай дара (бір сөзден тұратын) және күрделі толықтауыш (кемінде екі сөзден тұратын) болып бөлінеді. Мысалы: Оны ешкімге көрсетпе. Отанын сататын су жүректерден қорқу керек.

Толықтауыштар мағынасына, синтаксистік қызметіне және тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді. Олар: тура толықтауыш және жанама толықтауыш.

Табыс септігінде жұмсалатын сөйлем мүшесі тура толықтауыш болады. Сұраулары: кімді? нені? кімін? несін? Мысалы: Көшеде Сәбитті көрдім. Барыс, шығыс, жатыс, көмектес септіктеріндегі толықтауыштар жанама толықтауыш болады. Барыс, жатыс, шығыс септіктерінің қайда? қашан?, қайдан? деген сұрақтарына жауап беретін сөздер толықтауыш емес, пысықтауыштар. Өйткені, толықтауыш тек заттық ұғыммен, қимыл-іспен байланысты болады.

Анықтауыш

Сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктік-қатынастық жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш деп атаймыз. Мысалы: Қазір «Әділетте» мың жарым бала оқиды.

Анықтауыштың сын есімнен (Әдемі қыздың көйлегі де әдемі екен), есімдіктен (Бұл сөз оған қатты әсер етті), зат есімнен (Олар ағаш есікті сындырып кірді), сан есімнен (Волейболды алты ойыншы ойнайды), есімшеден (Айтқан сөзің дәл келсе сыйлық беремін) жасалады.

Басқа сөйлем мүшелері сияқты анықтауыш та дара (Қызық әңгіме басталып кетті) және күрделі (Қара торы, ат жақты, сұңғақ бойлы адам) болып бөлінеді.

Түрлі сөз таптарынан жасалатын анықтауыштарды мағынасына қарай негізгі екі топқа (сапалық, меншіктік) бөлуге болады:

1) сапалық анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар жатады: Жанар ақылды қыз.

2) меншіктік анықтауышқа ілік жалғауында айтылған анықтауыштар жатады: Мен Сәбиттің үйіне бардым.

Пысықтауыш

Сөйлемде іс-әрекеттің қасиетін жан-жақты анықтайтын, яғни жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын көрсететін тұрлаусыз мүше пысықтауыш деп аталады.

Мысалдары

Жасалу жолдары

Олар лезде жетіп келді.

Үстеу

Олардың дауысы таяудан естіледі. Жасымда ғылым бар деп ескермедім.

Зат есім

Сәбит екі сөйлемейді.

Сан есім

Олар тасыр-тұсыр жүгірді.

Еліктеу сөздер

Пысықтауыштар да басқа сөйлем мүшелері тәрізді дара (Бейбіт сұраққа ойланбастан жауап берді), күрделі (Жәнібек жымың-жымың етіп сахнаға шықты) болып бөлінеді.

Пысықтауыш мағынасына қарай беске бөлінеді: мекен, мезгіл, себеп, сын-қимыл (амал), мақсат.

Түрі

Сұраулары

Мысалдары

Білдіретін мағынасы

мекен

қайда? қайдан?

қай жерде?

Бұл маңда ел жоқ.

Ол үйге қарай кетті.

қимыл-әрекеттің орнын, бағыт-бағдарын білдіреді

мезгіл

қашан?

қай кезде?

қашаннан бері?

Кеше киноға бардық.

Кешеден бері күн суытты.

қимыл-әрекеттің уақыт, мезгілін білдіреді

себеп

неліктен? неге? не үшін? не себепті?

Ол білмей қателесті.

кимыл, іс-әрекеттің себебін білдіреді

амал

қалай? қайтіп?

қанша? неше?

Тез барып қайттың.

қимыл-әрекеттің амалын, тәсілін білдіреді

мақсат

не үшін?

не мақсатпен?

Алматыға оқу үшін келдім.

қимыл-әрекеттің не мақсатпен орындалғанын білдіреді

1-тапсырма. Көшіріп жазып, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажыратып, олардың қай сөз табынан екенін анықтаңыз.

1) Бұл технологиялар біздің елемізге де көп ұзамай жетер. 2) Өнеркәсібіміз жыл санап қарқынды дамып келеді. 3) Біздің негізгі мақсатымыз – білім алу. 4) Оған жүктелеген тапсырманың нәтижесін бір жылдан артық күттік. 5) Мақта-тоқыма өнеркәсібінің қызметкерлері өз ісінің шебері екен. 6) Фабриканың бас технологы тәжірибе алмасу үшін Италияға барып келді. 7) Жеңіл өнеркәсіп конференциясына шетелден бірталай мамандар келді. 8) Бесеуі Ресейден және үшеуі Алманиядан ұшып келді. 9) Тоқыма бұйымдарын өндіруде пайдаланылатын негізгі шикізат – жүн. 10) Бұл – өте үлкен жетістік.

Жасанды – табиғи емес, қолдан жасалған.

Жиынтық – бір нәрсенің қосындысы, қорытындысы.

Маусымдық – мерзімдік, кезеңдік.

Табиғи – жаратылыстың өзіндегі табиғатқа тән, жасанды емес, таза, қоспасыз.

Талшық – зат құрамының жеке бөлшектері, талы.

Органикалық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміне жататын.

Сұраныс – қажет етушілік, керек затты талап етушілік.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.