Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский учебник.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
753.66 Кб
Скачать

Тоқыма өнеркәсібінің даму тарихы

Тоқыма өнеркәсібі – жеңіл өнеркәсіптің ең ірі салаларының бірі. Елімізде тоқыма өнеркәсібі қолөнері түрінде ежелден дамыған. Ғылым мен білім әлі өркен жая қоймаған қазақ жерінде сонау 18-19 ғасырларда-ақ тоқыма өнері ұлттық дәстүрге айнала бастағаны халқымыздың өнер тарихынан аян. Қазақтардың өмірінде үнемі қолданылатын тоқыма бұйымдарының сан алуан түрлерінің болуы – осының дәлелі.

Ашық түсті айшықты текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-жасыл түскиіздер, алқызыл гүлдері құлпырған түкті кілемдер, өрнектері терме алашалар мен тоқылған сандыққап, аяққап, кесеқап немесе шекпен, шапан сияқты киім-кешектер о бастан, сөз жоқ, тұрмыстық қажеттіліктен туған. Айталық, жүннен иірілген жіп жылу ұстағыштығымен, күннің көзін өткізбейтіндігімен, бояу алғыштығымен жоғары бағаланған. Жүннен тоқылған киім қыртыстанбайды әрі жеңіл келеді. Сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары, ішкі әшекейлері түгелдей жүннен жасалған.

Киіз үйдің ішкі қабырғаларына жылу ұстау үшін іргелі алаша немесе кілем тұтқан. Ал керегенің бастары мен шаңыраққа ою-өрнектер салып, безендіріліп тоқылған түкті басқұр, желбаулар өзіндік сән берген. Жерге киіз, алаша төселген. Күнделікті тұтыну бұйымдары – аяққап, қоржын, дорба, кесеқап, т.б. толып жатқан дүниелер қолдан тоқылған.

Ел ішінде әр істің қас шебері болған. Аты шыққан қолөнер шеберлері – тоқымашылар, кілемшілер және киіз басушылар, текеметке түрлі ою ойыстыратындар өз өнерлерін ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырған. Сөйтіп өнердің осынау бір мәңгі өшпейтін түрі тұрмысымызда күні бүгінге дейін өз орнын алып келеді.

Жасыратыны не, жеңіл өнеркәсібіміздің өркендеп дамыған қазіргідей кезеңінің өзінде тоқыма қолөнерінің туындыларына деген сұраныс аспаса азайған жоқ. Фабрикалық кілемдер мен алашалар, түрлі төсеніштерді кеңінен қолдана отырып, жұрт қолдан жасаған киіз бен текеметті, сырмақ пен алашаны да аластаған емес. Жиектелген, көздің жауын алатын түрлі-түсті, әсем де жеңіл сыриықтар, оюлы текеметтер мен түскиіздер, түкті де тақыр кілемдер, сан өрнекті термелер мен қақпа алашалар – әлі күнге тұрмыс сәні.

  • Тоқыма өнеркәсібі деген не?

  • Қазақ жерінде тоқыма өнеркәсібі қай кезден бастап дамыған?

  • Тоқыма өнеркәсібінің туындауына не себеп болған?

  • Бұрынғы кезде тоқыма бұйымдарын кімдер өндірген?

  • Тоқыма қолөнерінің туындыларына не жатады?

  • Қазіргі таңда еліміздегі тоқыма өнеркәсібінің жағдайы қандай?

  • Елімізде тоқыма қолөнерінің туындыларына сұраныс бар ма?

4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз (мәтін бойынша)

1) Тоқыма өнері елімізде 8-19 ғасырларда-ақ ... ... айнала бастаған. 2) Қазақтардың өмірінде үнемі қолданылатын ... ... алуан түрлері болған. 3) Жүннен тоқылған киім ... әрі жеңіл келеді. 4) Киіз үйдің ішкі қабырғаларына іргелі ... немесе ... тұтқан. 5) Қолөнерінің алуан түрлі бұйымдары ... қажеттіліктен туған. 6) Безендіріліп ... түкті басқұр, желбаулар киіз үйге ... сән берген. 7) Ел ішінде әр істің ... болған. 8) Тоқымашылар өз өнерлерін ... мирас етіп қалдырып отырған. 9) Қазіргі кезде тоқыма ... ... туындыларына сұраныс көбейді. 10) Тоқыма өнеркәсібі ... түрінде ежелден дамыған.

5-тапсырма. Мәтін бойынша 6 мақсат бағыныңқылы сөйлем құрастырыңдар.

6-тапсырма. Жақшаны ашып, ішіндегі сөздерді қазақ тіліне дұрыс аударыңыз.

1) Тоқыма өнеркәсібінің (история развития) ежелгі заманнан басталады. 2) Тоқыма өнеркәсібі (в виде прикладного искусства) дамыған. 3) 18-19 ғасырларда тоқыма өнері (в национальную традицию) айнала бастады. 4) Тоқыма бұйымдары (из шерсти) жасалған. 5) Жүннен (сотканный) киім жылы әрі (легкий) келеді. 6) (Мастера прикладного искусства) өз өнерлерін ұрпақтарына мирас етіп қалдырып отырған. 7) Тоқыма қолөнерінің туындыларына (спрос) бүгінгі күні де азайған жоқ. 8) Тоқыма өнеркәсібі – жеңіл өнеркәсіптің ең ірі (одна из отраслей).

7-тапсырма. Тақырыпқа байланысты өзара пікір алмасып, пікіріңізді дәлелдеңіз, қарсы пікір айтыңыз.

Киімге байланысты ырымдар оқып, есте сақтаңыз.

Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды: ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі.

Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады.

Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді.

Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды.

Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.

Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.

1. Мақсат бағыныңқылы құрмалас сабақтас сөйлемді табыңыз

А) Ұлттық киім сатып алғысы келіп, туристер «Қазақстан» сауда үйіне барды

В) Ол бізді жақсы танымаған соң, қонаққа келмеді

С) Дала салқын болғанмен, үй іші жылы

Д) Жұмыс бітпей, ешкім үйге қайтпайды

Е) Елімізде тоқыма өнеркәсібі ежелден дамыған

2. Мақсат бағыныңқылы сабақтастың сұрағын табыңыз

А) қайтсе

В) не үшін

С) не себепті

Д) қалай

Е) қашан

3. Мақсат бағыныңқылы сабақтастың сұрағын табыңыз

А) қашан

В) не етпек болып

С) не етсе де

Д) қайткенмен

Е) қайтіп

4. Қандай сөйлемді мақсат бағыныңқылы сөйлем дейміз

А) бағыныңқысы басыңқыдағы істің шартын білдіретін

В) бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін

С) бағыныңқысы басыңқыдағы істің себебін білдіретін

Д) бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін

Е) бағыныңқысы басыңқыдағы істің қалай орындалғанын білдіретін

5. Мақсатын бағыныңқылы сөйлемді дұрыс аяқтаңыз: «Жақсы маман болу үшін, ...»

А) дүкенге бардым

В) ежелден дамыған

С) алуан түрлері болады

Д) терең білім алу керек

Е) рұқсат сұрау керек

СОӨЖ: Сырт киім.

Киім адам үшін бірегей қажет нәрсе болып табылады. Ол адам тәнінің 80 пайызынан астам жерін жауып тұрады және сыртқы ортаның қолайсыз жайттарынан қорғайды, ада ағзасын күйлі ұстауға көмектеседі, сондай-ақ адамға көрік береді.

Сырт киім түрлері, дизайны сан алуан болып келеді. Ол киім сатып алушының талап-талғамының үздіксіз өсуі, халықтың хал-ахуалының және мәдени деңгейінің көтерілуі әсерінен үнемі жаңарып отырады. Сырт киімге пальто, қысқа пальто, сулық плащ, жакет, белдемше, шалбар, көйлек, халат, т.б. жатады.

Сырт киім бұйымдары пайдалану тәсіліне қарай жоғарғы және белден төменгі киімдер болып бөлінеді. Сәніне қарай бұйымдардың кескіні әр түрлі болып, сәндік элементтері ерекшеленіп келеді. Моделіне қарай бұйым әр түрлі жапсырмалармен, белдікшелермен, желбіршектермен әсемделуі мүмкін.

Пішілуіне қарай бұйымдар қондырма жеңді, доғал иықты, тұтас пішілген, екі түсті матадан аралас пішілген болып және басқа да талап-талғамға сәйкес айрықшаланады.

Сырт киімге қойылатын талаптар алуан түрлі болып келеді.

Гигиеналық талаптар киімнің жылуды сақтауын, киімнің ішкі қабаттарында ауа алмасуын қамтамасыз етеді, сыртқы дымқылдан сақтайды.

Пайдалану талаптары киюге ыңғайлы және падалануға төзімді болуды қамтамасыз етеді. Киюге ыңғайлылық – адамның еркін қозғалып, тыныстануына, киімнің оңай киіліп, шешілуіне, ал пайдалануға төзімділігі – тастағанға немесе әбден тозғанға дейін киюге төтеп беретіндігіне байланысты.

Әсемдік талаптарына – бұйымның көркем безендірілуі, материалдардың және түйме-ілгектердің түр мен түске қарай іріктелініп алуы жатады.

Техникалық талаптар киімді тігіп шығару барысында мемлекеттік стандарт пен техникалық шарттар талабына толық сәйкес келетіндей болып орындалуы тиіс.

Үнемділік талаптар бұйымдарды дайындаудың өзіндік құнын төмендетуді, материалды мейлінше аз жұмсауды, бұйымдарды әзірлеуге кететін уақытты қысқартуды, типтендіруді, бөліктер мен бөлшектерді жымдастыруды тағы басқа жайттарды қарастырады.

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

  • Сырт киімнің қандай түрлерін білесің?

  • Киім түрлері, дизайны сан алуан болуы неге байланысты?

  • Сырт киім бұйымдары пайдалану тәсіліне қарай қандай түрлерге бөлінеді?

  • Сырт киімге қандай талаптар қойылады?

  • Сырт киім таңдағанда ең басты неге назар аударасыз?

  • Мәтіннің жоспарын құрастырып, мазмұнын айтып беріңіз.

  • Мәтіндегі сөйлемдерді пайдалана отырып, мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

СӨЖ: Тақырыпқа байланыстыақпарат жинап, тұсаукесер ұйымдастырыңыз.

15- тақырып

Грамматика: Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

Лексика: Алматы мақта-мата комбинаты.

Құрамындағы бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңар бір-біріне қарсы мағынада қолданылған сабақтастың түрін қарсылықты бағыныңқылы сабақтас (СПП с уступительными придаточными) құрмалас сөйлем дейміз.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары

Сұрағы

Бағыныңқы баяндауышының жасалу жолы

Мысалдар

Қайтсе де?

Не етсе де?

шартты райлы етістік + да/де шылауы

Қыс түссе де, күн әлі жылы.

Жаз шықса да, күн әлі салқын.

Қайткенмен?

Не еткенмен?

етістік + -қанмен,-кенмен

етістік + -ғанмен,-генмен

Қар жауғанмен,күн жылы.

Ерте жатқанмен, кеш тұрдым.

Қайте тұра?

Не ете тұра?

көсемше тұлғалы (-а,-е,-й, -ып,-іп,-п) етістік + тұра көмекші етістігі

Дүкенге бара тұра, жіп алуды ұмытып кетіппін.

Қайткеніне қарамастан?

Етістік + қанына/-кеніне қарамастан,

етістік + -ғанына/-геніне қарамастан

Шаршағанына қарамастан, олар тапсырманы орындады.

Қайткенше?

Не еткенше?

етістік + -қанша/-кенше

етістік + -ғанша/-генше

Тауардың бағасын айтқанша, оның сапасын көрсетсеңші.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдерден да, де шылаулары арқылы қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Үлгі: Жаңбыр жауды. Жұмыс тоқтамады.

Жаңбыр жауса да, жұмыс тоқтамады.

1) Дизайнер мамандығына сұраныс көп дейді. Малик өзіне лайықты жұмыс таба алмады. 2) Хабарды уақытында алдық. Белгіленген күні көрмеге қатыса алмадық. 3) Орталық әмбебап дүкеніне бардым. Іздеген матаны таппадым. 4) Киім қазіргі талапқа сай тігілді. Тауар айналымы төмен. 5) Бөкебайдың табиғи талшықтан тоқылғаны қызықтырады. Оның түсі ұнамай тұр. 6) Киімге қойылатын талаптар орындалды. Оларды стандартқа сай келеді деп айтуға болмайды. 7) Ол өз ісінің шебері болған. Біздің елде оны жұртшылық дұрыс танымайды.

2-тапсырма. . Бірінші (І) бағандағы сөйлемдердің сыңарын келесі (ІІ) бағаннан тауып, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.

І. Бүкіл сауда орталығын аралап шықсам да,

Сырмақтың бағасының қымбаттығына қарамастан,

Кәсіпорын байқауда жүлделі орын алмағанмен,

Костюмді базардан сатып алғанша,

Жаңа инженер жұмыстың мән-жайын біле тұра,

Қолдан тоқылған бұйымдарға сұраныс аз болғанмен,

Арнайы оқу оқымаса да,

ІІ. Оны бірден сатып алдым

Халық шеберлері жасаған зергерлік бұйымдарды таппадым.

Бірнеше шетел компаниясымен пайдалы қарым-қатынас орнатты.

Сән ательесіне тапсырыс бер.

Біздің тауарларымыз тез өтіп кетті.

Ол өз ісінің нағыз шебері.

Тәжірибелі жұмысшылармен ақылдасып отырады.

3-тапсырма. Берілген сабақтас құрмалас сөйлемдердің ішінен қарсылықты бағыныңқы сөйлемдерді табыңыз.

1) Мына көйлек өте сәнді екен, дегенмен бағасы тым қымбат. 2) Дизайнер тапсырыс берушінің өлшемдерін алды да, тез арада киімнің пішу сызбасын жасап берді. 3) Мына тон бағалы аң терісінен тігілгенімен, техникалық талаптарға сәйкес жасалмаған. 4) Өндіріске келген жас мамандар білімі жағынан артық бола тұра, тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болды. 5) Киім киюге ыңғайлы болса, адам еркін қозғалып, тыныстанады. 6) Отыз жасқа енді ғана келгеніне қарамастан, ол – еліміздің ең танымал кәсіпкерлерінің бірі. 7) Тігіншілер кірген адамдарға қарамастан өз жұмыстарын жалғастыра берді. 8) Біздің өнімдеріміз сәндік элементтерімен ерекшеленбесе де, тұтынушыларды табиғи талшықтан жасалғандығымен қызықтырады. 9) Жаңа топтама үшін түрлі маталар сатып алмақшы болып, мен «Алмагүл» мата-тоқыма комбинатына келдім. 10) Нарықты сапасыз тауармен толтырғанша, өнімдеріміздің сапасын арттыру жолдарың қарастырайық.

Жөргек – жас нәрестені бөлеп орайтын жайлық.

Комбинат – түрлі өндіріс салаларын бірлестіретін ірі өнеркәсіп бірлестігі.

Қондырғы – белгілі бір аппарат орнатылған арнаулы механизм.

Тұтынушылар – пайдаға асырушы, керегіне жаратушы.

Жарақтандыру – құрал-сайман, керек жарақпен қамтамасыз ету.