- •А.С.Сағымова, м.Н.Жакипова, ә.Ж.Баялиева, г.Ә.Имаханова, б.С.Бөпішева
- •«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы», «Тоқыма бұйымдарын жобалау технологиясы», «Дизайн» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жеңіл өнеркәсіп.
- •Мал терісінен халқымыз қандай бұйымдар жасаған?
- •Саба ненің белгісі болған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Киім туралы түсінік
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Киім жіктемесі
- •Төл сөздің жасалу жолдары мен орын тәртібі
- •Қазақтың ұлттық киімдері
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Дизайнер мамандығы
- •Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологы және құрастырушысы мамандығы
- •Тігін өнеркәсібі саласының мәселелері
- •Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
- •Өлшем нышандарын түсіру және олардың реті
- •Иығы босады – уһ деп дем алды, жеңілдеп қалды.
- •Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
- •Біздің университетімізде студенттер ательесі бар ма?
- •Жастардың қазіргі киіп жүрген сән киімі жөнінде пікіріңіз қандай?
- •Трикотаж
- •Трикотаж өрімдері
- •Тоқыма кәсіпорындарының бояу-өңдеу цехтары
- •Өнім сапасын стандарттау және бақылау
- •Жүн және одан жасалатын бұйымдар
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары
- •Тоқыма өнеркәсібінің даму тарихы
- •Алматы мақта-мата комбинаты
- •Жеңіл өнеркәсіп саласына арналған қазақша-орысша сөздік:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
Өнім сапасын стандарттау және бақылау
Стандарттау – белгілі бір саладағы қызметті, іс-әрекетті ретке келтіру мақсатымен ережелер белгілеу және оны қолдану. Стандарттау обьектілері – нақты өнім, нормалар, сапаны тексеру, теңдеп буу, өнімді маркалау және сақтау, әзірлеу технологиясы және т.б. әдістерді стандарттау обьектілері бола алады.
Стандарттау жүйесінің негізгі міндеттері дайын бұйым сапасына, шикізаттар мен материалдарға қойылатын талаптарды анықтау, өнім сапасының, әдістердің және оны сынақтан өткізудің біртұтас көрсеткіштер жүйелерін анықтау, бірегейлендіру әдістерін жасау және ендіру, елдегі өлшемдердің бірдейлігін және дұрыстығын қамтамасыз ету, құжаттардың біртұтас жүйесін орнату және т.б. болып табылады.
Стандарттаудың негізгі мақсаттары – техникалық прогресті шапшаңдату, еңбек өнімділігін арттыру, өнім сапасының экспортты және басқа елдермен мәдени байланысты кеңінен дамыту жағдайларының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік стандарт – көптеген ғалымдардың, инженер-техник қызметкерлердің, өндіріс озаттарының ұжымдық еңбегі. Мемлекеттік стандартты Мемлекеттік комитет бекітеді. Салалық стандарттарды өнімнің тиісті түрін өндірудегі жетекші министрліктер мен ведомстволар бекітеді. Стандарттардың техникалық тәртібін сақтауды мемлекеттік қадағалау орындары мен ведомстволық бақылау тексереді.
Бұйымдарды тігу кезінде мынадай нормативтік-техникалық құжаттар қолданылады.
Бүкіл киімдер ГОСТ 17037-83-ке сәйкес мынадай топтарға бөлінеді: сырт киім, іш киім, белдеме-белбеулік бұйымдар, бөбектерге арналған киім, бас киім, жаздық, қыстық, күздік, және барлық маусымға жарамды киімдер, жағажай киімі, мектепте оқитын оқушыларға арналған киім, шаруашылық, өндірістік, санитарлық, спорттық, күнделікті және салтанатты киім.
Көптеп өндіруге әйел тыс киімін әзірлеген кезде ГОСТ 17238 – 73 «Әйел және кішкене қыздарға арналған пальтолар мен қысқа пальтолар», «Жалпы техникалық шарттар» және ГОСТ 17551 –75 Жоғары сапалы тігін бұйымдары тәрізді Жалпы техникалық шарттарды басшылыққа алу керек. Техникалық шарттар мынадай бөлімдерден тұрады:
- модельдердің суретін сызу;
- модельдің сырқы түрін суреттеу;
- бұйымды өңдеуге қойылатын техникалық талаптар;
- ұсынылатын материалдардың тізімі;
- пішінді бөліктерінің тізімі;
- бұйым өлшемдері мен үлгілер мәліметі;
- бойға өлшеу, маркалау, буып-түю және бұйымды тасымалдау ережелері;
- нормативтік-техникалық құжаттар тізімі;
- қосымша үлгілер комплектісі, үлгілер көлемінің кестесі, материалдарды пішу картасы, жайып пішу сызбасы, қосымша қолданылатын үлгілер тізімі.
Өнім сапасы мынандай мемлекеттік стандарттарға сәйкес тексеріледі:
- ГОСТ 15467-79 Өнім сапасын басқару. Негізгі ұғымдар терминдер, анықтауыштар;
- ГОСТ 15895-77 Өнім сапасын басқарудың статистикалық әдістері. Терминдер мен анықтауыштар;
- ГОСТ 16504-81 Өнімді мемлекеттік сыннан өткізу жүйесі. Өнім сапасын сынақтан өткізу және тексеру. Негізгі терминдер мен анықтауыштар.
Стандарттау дегеніміз не?
Стандарттау жүйесінің негізгі міндеттері қандай?
Стандарттаудың негізгі мақсаттары қандай?
Мемлекеттік стандарт дегеніміз не?
Бұйымдарды тігу кезінде қандай нормативтік-техникалық құжаттар қолданылады?
Біздің университетімізде стандарттау маманын даярлай ма?
Мәтін бойынша сұқбат құрастырыңыз.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.
1) Мемлекеттік стандарт – ... ... ұжымдық еңбегі. 2) Киім әзірлеген кезде, ... .... басшылыққа алу керек. 3) ... нақты өнім, сапаны тексеру, өнімді маркалау және сақтау, әзірлеу технологиясы бола алады. 4) Бұйымдарды тігу кезінде ... құжаттар қолданылады. 5) Стандарттардың техникалық тәртібін сақтауды ... ... тексереді. 6) Стандарттау – белгілі бір саладағы қызметті ретке келтіру мақсатымен ... және ... . 7) Стандарттаудың негізгі мақсаттары – ... ... қамтамасыз ету. 8) ... Мемлекеттік комитет бекітеді.
5-тапсырма. Мәтін бойынша өзара сұхбат құрып, пікіріңізбен ортақтасыңыз.
6-тапсырма. Жақшаны ашып, ішіндегі сөздерді қазақ тіліне дұрыс аударыңыз.
1. Мемлекеттік стандарт – көптеген ғалымдардың, инженер-техник қызметкерлердің (коллективный труд). 2. Стандарттау белгілі бір саладағы қызметтің ережелерін (определяет). 3. Оны өндіріс салаларының іс-әрекетін (привести в порядок) үшін жасайды. 4. Өнім сапасын тексеру, өнімді маркалау және сақтау және т.б. әдістер (обьектами стандартизации) бола алады. 5. Стандарттаудың негізгі мақсаттары – техникалық прогресті шапшаңдату, (производительность труда) арттыру. 6. Өнімді дайындағанда Жалпы (технические условия) басшылыққа алу керек. 7. Нормативтік-техникалық (список документов) болуы – техникалық шарттар бір бөлімі. 8. Стандарттардың техникалық тәртібін сақтауды мемлекеттік қадағалау орындары мен (ведомственный контроль) тексереді.
7-тапсырма. Берілген етістіктермен мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құраңыз.
Стандарттау, қадағалау, басшылыққа алу, арттыру, бақылау, қолдану, белгілеу, тексеру.
8-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдермен танысып, олардың тақырыпқа қандай қатысы бар екенін анықтаңыз. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.
1) Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.
У оратора меткие слова, у умельца меткие глаза.
2) Адал еңбек елге жеткізер, арам қулық елден кеткізер.
Честность и труд славу несут, хитрость и ложь к позору ведут.
3) Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.
Колодец один человек роет, этот колодец тысячи поит.
4) Еңбек шаһар түзетеді, еңбексіздік оны жүдетеді.
Труд города украшает, лень их в пустыню превращает.
5) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Руки поработают до пота – и зубам тоже будет работа.
1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты дұрыс толықтырыңыз: «..., құстар жылы жаққа ұшып кетеді.»
А) Көктем келгенше
В) Күз болғанда
С) Жаңбыр жауғандықтан
Д) Кітап оқып
Е) Ол адамдар еститіндей
2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты дұрыс толықтырыңыз: «..., концерт әлі басталмапты».
А) Біз театрға келгенде
В) Күз болғанда
С) Есікті біреу тақылдатты
Д) Сұрақтарға жауап беру үшін
Е) Тауға шығып
3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз
А) Ғалия қалаға оқуға түскендіктен, жолдастарын көрген жоқ.
В) Ғалия қалаға оқуға түскеннен бері, жолдастарын көрген жоқ.
С) Ғалия қалаға оқуға түссе де, жолдастарын көрген жоқ.
Д) Ғалия қалаға оқуға түсу үшін, жолдастарын көрген жоқ.
Е) Ғалия қалаға оқуға түсіп, жолдастарын көрген жоқ.
4. Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты дұрыс толықтырыңыз: «..., екі жыл болды».
А) Күз түсіп
В) Кеш түсіп
С) Сұрақтарға жауап берсең
Д) Күн жылынды
Е) Ол шетелге кеткелі
5. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз
А) Ерте тұрғанмен, ол сабаққа кешігіп қалды
В) Жұмысқа тез жету үшін, мен таксиге отырдым
С) Сабақ аяқталған соң, біз үйге қайттық
Д) Жұмыс бітпей, ешкім үйге қайтпайды
Е) Асан ауырып қалағандықтан, біз онымен кездесе алмады
СОӨЖ: Өндіріс технологиясы.
Табиғи және аралас жіптерден, олардың синтетикалық және жасанды жіптермен біріктірілген түрінен тоқылған шұлық бұйымдардың ассортиментіне қарай типтік технологиялық процесс мынадай операциялар арқылы жүзеге асырылады:
1. Шикізатты тоқуға дайындайды.
2. Тоқу
3. Жалпы сапасын бақылау.
4. Теріс жағына айналдыру.
5. Теріс жағынан басын біріктіріп тігу.
6. Өң жағына айналдыру, ағарту, бояу, сығу, қалыптастыру, қалпына келтіруге жатқызу.
7. Калготкаларды тігу.
8. Талдап сұрыптау. Жұптарға талдап сұрыптау.
9. Маркілеу.
10. Орау. Буып-түю.
11. Релаксация (қалпына келтіру)
Релаксация бумен, сумен, ылғалдандыру камерасында ұстаумен немесе қалпына келтіріп жатқызумен өткізіледі. Сумен релаксациялау немесе дымқылдау боялған жіптерден тоқылған, біртегіс, шұбар-ала, өрнекті шұлық бұйымдарды қалыптастыру операциясының алдында жүргізілуі тиіс. Содан кейін өңі жағынан басын біріктіріп тігіп, ұзартылған шұлықтарды жұптау керек.
(А.Ж.Құтжанова, Л.Н.Худова. Тоқыма кәсіпорындарының бояу-өңдеу цехтарын және бөлімдерін есептеудің әдістемелерінің нұсқауы.)
Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:
Типтік технологиялық процесс қандай операциялар арқылы жүзеге асырылады?
Релаксация қалай өткізіледі?
Маркілеу дегенді қалай түсінесіз?
Тауар маркасы сіз үшін маңызды ма?
Дүкеннен зат сатып аларда сатушының көмегіне жүгінесіз бе, әлде өз талабыңызды қоясыз ба?
Егер сіз өндіріс орнында жұмыс істеген болсаңыз, жұмыс уақытын, тауар өнімділігін қалай ұйымдастырған болар едіңіз?
Мәтін бойынша сұқбат құрастырыңыз.
СӨЖ: Тақырыпқа байланысты тұсаукесер ұйымдастырыңыз.
13-тақырып
Грамматика: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Лексика : Жүн және одан жасалатын бұйымдар.
Құрамындағы бағыныңқы сыңар басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными причины) құрмалас сөйлем дейміз.
Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары
Бағыныңқы баяндауышы |
Тұлғалық белгісі |
Сұрағы |
Мысалы |
Есімше |
-ған/-қан+дықтан -ген/-кен+діктен |
неліктен? неге? не себепті?
|
Жеңіл өнеркәсіп саласын жақсы білгендіктен, мен бұл іске бірден кірісіп кеттім. |
-ған/-ген + себепті -қан/-кен + себепті |
Табиғи мата болмаған себепті, жасанды матадан тігуге тура келді. |
||
-ған соң, -ген соң -қан соң, -кен соң |
Жоспарды орындап болған соң, барлығының көңілі орнына түсті. |
||
Көсемше |
-ма+й, -ме+й -ба+й, -бе+й -па+й, -пе+й |
Ол өзін тоқтата алмай, сән жорналын түгел қарап шықты. |
1-тапсырма. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, себеп бағыныңқылы сабақтас құрмаластардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
1. Мен жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндіктен, үнемі білімімді жетілдіруге тырысамын. 2. Дамыған елу елдің қатарына қосылу басты мақсатымыз болғаннан соң, көптеген игі істер атқарылып жатыр. 3. Көшпелілерде жеңіл өнеркәсіптің жүн, былғары саласы ежелден болғандықтан, бұл бізге таңсық емес. 4. Заманға сай сән бір бағытта қалып қоймай, жыл мезгіліне байланысты үнемі өзгеріп отырады. 5. Пішіні тұтас пішілген соң, көйлек маған аса ұнап тұрған жоқ. 6. Киімге қойылатын талаптар орындалмай, стандартқа сай келеді деп айтуға болмайды. 7. Киім құрастыру киім пішуден басталған соң, ең алдымен пішу сызбасын жасау керек. 8. Көшіп, қонуға ыңғайлы боғандықтан, жайлауға шығатындар киіз үйді пайдаланады.
2-тапсырма. Себеп-салдар салалас сөйлемдерді себеп бағыныңқылы сабақтасқа айналдырыңыз.
1) Асан қызмет бабымен жиі сапар шегеді, сол себепті ол еліміздің көптеген қалаларында болды. 2) Мен ел аралауды жақсы көремін, сондықтан жыл сайын әр түрлі мемлекеттерге саяхат жасаймын. 3) Ағам ұшаққа билет сатып алды, өйткені ол ұзақ жолды ұнатпайды. 4) Әпкем қаланың қандай көрікті орындарын тамашалауды жақсы біледі, неге десеңіз ол туристік фирмада саяхат жүргізуші болып жұмыс істейді. 5) Демалуды әркім әрқалай түсінеді, себебі адамның өмірге деген көзқарасына әр түрлі болады. 6) Францияның астанасын «сән орталығы» деп атайды, неге десеңіз қалада көптеген әлемге танымал киім индустриясының шеберлері жұмыс істейді. 7) Біз «Жеңіл өнеркәсіп саласындағы ең үздік кәсіпорын» деген атаққа ие болдық, сондықтан олимпиадаға қатысушылардың киімін тігуді біздің фабрикаға тапсырды. 8) Біз тендерді жеңіп алдық, сондықтан тапсырыс бізге жүктелді.
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
1) Мата дүкендерін көп аралағандықтан, ... . 2) Матаның түрлерін жақсы білетіндіктен, ... . 3) Жақсы тігінші таба алмаған себепті, ... . 4) Табиғи матаны жақсы ажырата алатын болған соң, ... . 5) Күнделікті кигенге қолайлы болған себепті, ... . 6) Бұрын мұндай көрмеге қатыспағандықтан, ... . 7) Киімнің пішімі дұрыс болмаған себепті, ... . 8) Сызбалар тұлға пішінінің жарты бөлігіне тұрғызылғандықтан, ... . 9) Мен тек табиғи матаны жақсы көрген соң, ... . 10) Сіздің шеберханаңызда жиі болатындықтан, ... .
Алаша – түрлі-түсті иірімжіптен арқау салып жолақтап тоқитын тақыр кілем, төсеніш.
Биязы – нәзік, жіңішке, жұмсақ.
Жүн – мал терісінің түгі.
Кілем – түрлі-түсті жіптен өрнек сала тоқылып, еденге, қабырғаға пайдаланатын бұйым.
Талшық (волокно) – зат құрамының жеке бөлшектері, талы.
Текемет – бетіне әр түрлі ою-өрнек салынып басылған бағалы киіз.
Шұға (сукно) – майда түкті, биязы жүн мата.
