Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский учебник.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
753.66 Кб
Скачать

Өлшем нышандарын түсіру және олардың реті

Кез келген бұйымның негізгі пішу сызбасын жасау үшін өлшемдерді алуымыз керек. Өлшемдерді дұрыс алу – сызбаның тұрғызылуы мен бұйымның дене бітіміне жақсы қонымдылығын қамтамасыз етеді. Денесінің өлшемін алып жатқанда адам тік тұрып, өзін бос, еңсесін қалыпты ұстап, қолдары екі шетте тұруы керек. Сантиметрлік таспаны қатты тартып немесе бос ұстауға болмайды. Өлшеу кезінде киім кедергі келтірмес үшін, адамды іш киіммен белін жіппен орап, иығына иықтама салып өлшейді. Иықтама артқы бой мен алдыңғы бойдың бөлігі болып саналады. Иықтаманы дайындау үшін иықтың жоғарғы тігісіне бастапқы сандардан басталатын бірінші алдыңғы бөлігінде, екіншісі артқы бөлігінде жататын екі таспаны бекітеміз. Иықтаманы кез келген матадан дайындауға болады. Егер матасы жұқа болса, оны екі қабаттап ұшын шығарып тіккен жөн. Өлшемді алар кезінде иықтама тігісі иық доғасының дәл ортасында орналасу керек. Оны фигураның оң бетіне салады. Бұл сызықты дұрыс орналастыру өте маңызды, себебі ол бұйым балансына әсер етеді. Өлшемдерді тұлғаның оң бөлігінен өлшеп алады. Иық енін, яғни жеңін қондыру сызығын белгілеу (иықтаманаң артық жерін астына қайыру), белдегі жіптің артқы және алдыңғы бөлімдігін еденнен көлденең орналасуын тексеру керек.

Конструктивті қималар мен сызбаның тұрғызылуы қорытындысы тұлғаның өлшемдеріне тікелей байланысты. Өлшемдер негізгі және толықтырушы (тексеруші) болып бөлінеді. Негізгілері сызбаны тұрғызу үшін, ал толықтырушылар тексеру үшін қажет.

Өлшемдердің қысқартылған жазылуындағы бір әріп (немесе екі әріп) өлшемі беріледі: Ұ-ұзындығы, Т-тереңдігі, Т-толық айналымдар, Ж-жартылай айналымдар, Б-бой және т.б. әріптегі индекстер өлшем орындарын көрсетеді: Сш-мойынның жартылай айналымы, Crl-кеуденің бірінші жартылай айналымы және т.б.

Сызбалар тұлға пішінінің жарты бөлігіне тұрғызылғандықтан (жағаны екі қабатталған матаға түсіріп пішеді), жартылай айналымдар (жең айналымынан басқасы) және ені жартылай өлшемде, ал ұзындық толық түсіріледі.

  • Кез келген бұйымның пішу сызбасын жасау үшін не істейді?

  • Өлшеу кезінде неге назар аудару керек?

  • Сантиметірлік таспа не үшін қажет?

  • Иықтама дегеніміз не?

  • Өлшемдердің қысқартылған атаулары қандай?

  • Сызбалар тұлға пішінінің қай бөлігіне тұрғызылады?

4-тапсырма. Жақшаны ашып, ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Кез келген киімді тігу үшін, алдымен оның (чертеж раскроя) жасайды. 2. (Схема чертежа) өлшемдерді дұрыс алуыңызға байланысты. 3. Сондықтан (обьекты измерения) қалай түсіретінін біліп алған жөн. 4. Өлшемін алып жатқанда адам тік тұрып, (прямо держать осанку) керек. 5. (Сантиметровая ленту) қатты тартып немесе бос ұстауға болмайды. 6. Киімнің иығына міндетті түрде (наплечник) салып өлшейді. 7. Иықтаманы кез келген (из ткани) дайындауға болады. 8. Сонымен қатар (линию подокатника) дұрыстап белгілеу керек.

5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз.

1. Өлшеу кезінде киім кедергі келтірмес үшін, иығына ... салып өлшейді. 2. Иықтама артқы бой мен алдыңғы бойдың ... болып саналады. 3. Иықтаманы ... ... дайындауға болады. 4. Егер матасы ... болса, оны ... ... ұшын шығарып тіккен жөн. 5. Өлшемдерді ... оң бөлігінен өлшеп алады. 6. Бұл сызықты ... ... өте маңызды, себебі ол ... ... әсер етеді. 7. Өлшемдерді тұлғаның ... ... өлшеп алады. 8. Өлшемдер ..., ... болып бөлінеді.

6-тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрып, жоспарға сүйеніп өз түсінігіңізді айтып беріңіз.

7-тапсырма. Берілген сөйлемдерді қолданып, өзара сұхбат құрастырыңыз.

Мен сіздің шеберханаңызда көйлек тіккізуге тапсырыс берейін деп едім. Матасы өз қалауыңызша болсын. Мен табиғи мата таңдасам деп едім. Сіздердегі бар матаның түрлерін бір қарап шықсам ба деймін. Маған өзі қай түс көбірек үйлеседі? Сіздерде дайын киім үлгілері бар ма? Қазір өзі қандай үлгідегі киімдер сәнді? Мен бір қатар түймелі костюм және шалбарға да тасырыс бергім келеді. Костюмнің ішінен киетін жеңі қысқа кофта да керек пе, қалай? Менің байқағаным, сіздерде тек қана табиғи маталар екен, бұл мені қуантады. Тіпті пальтолық матаның да ең тазасы бар екен. Егер де сіздер менің көңілімнен шығып жатсаңыздар, мен сіздердің тірі жарнамаларыңыз боламын. Жүрген жерімде осы киімдерді киіп жүремін. Жақсы, ал енді осының бәрінің сомасын айтсаңыз. Сіздерде киім тіккізуден басқа да қызмет көрсету жақсы жолға қойылған екен.

8-тапсырма Тақырыпқа қатысты тұрақты тіркестерді оқып, есте сақтаңыз, олармен кезектес салалас құрмалас сөйлем құрыңыз.