- •Силлабус
- •2. Бағдарлама
- •2.4 Оқудың қорытынды нәтижелері
- •2.7. Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •2.7. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.8. Студенттің өзіндік жұмысының тақырыпары
- •Сөж қойылатын талаптар (бағалау критерилері) мен ұсынылатын атқару қалыптары Реферат
- •Слайдтық ұсыну
- •1. Рәсімдеу:
- •Электронды ақпараттар базасынан дәлелді ақпаратіздеу алгоритмі
- •Таңдалған кж сапасын бағалау бойынша agree сұрастыру парағын толтыру
- •2.9. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2.10. Оқу және оқыту әдістері
- •2.11. Студенттің білімін бағалау:
2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе. Соңғы он жылдың ішінде медицинада – дәлелді медицина (ДМ-evidence-based medicine) деген жаңа білім саласы қалыптасты. Оны сөзбе-сөз аударғанда – «тек фактыға негізделген, медицина» немесе бұл термин «ғылыми – негізделген практикалық медицина» деген ұғымды береді және «ғылыми-дәлелденген медицина» деуге де болады. Ғылыми-дәлелденген медицина – бұл жинау технологиясының, анамнездердің, интерпритациялар мен жиынтықтардың және ғылыми ақпараттардың жаңа бағыты мен түрі деп есептеледі.
Бұл дәрігердің клиникалық тәжірибесінің, пациенттің құндылығының маңызды ғылыми интерграциясы, клиникалық тексерулер мен ем жасаудың дәл, ең тиімді түрін белгілі ауруға жасай білу.
Соған байланысты, қазіргі дәрігер тек медицина саласындағы технологиялық жаңалықтарды біліп қана қоймай, оның тиімді және залалсыз түрлерін ауруларға пайдалана білуі тиісті.
2.2 Пәннің мақсаты: студенттерге дәлелді медицинаның негізін қалыптастыру, оны орындай білудің дағдыларын пайдаланудың тәсілдерін, әрбір медициналық жаңалықтарды сын көзбен бағалаумен, болашаққа керекті жерінде пайдалануды оқыту.
2.3 Пәннің міндеттері:
студенттерге ДМ негізгі терминдеріне оқыту
студентерді клиникалық тексерулердің негізгі түрлерін айыра білуді үйрету
студенттерге ДМ-да пайдаланатын негізгі дағдыларға оқыту
студентттерге медициналық ақпараттарды сынай бағалауды үйрету
2.4 Оқудың қорытынды нәтижелері
Студент білуге тиісті:
дәлелді медицинаның даму тарихын (дәлелденген негіздегі медицинаны);
дәлелді медицинаның клиникалық эпидемиологиясын, биологиялық статистикамен байланысын;
интернеттегі дәлелді медицинаның барлық мәліметтерін;
клиникалық практикада шешім қабылдаудың түрлерін;
клиникалық эпидемиологияда қолданылатын тексеру түрлерін;
клиникалық туысқандық туралы ұғымды (стандарт, диагностикалық және емдік хаттамалар);
клиникалық аудит туралы ұғымды;
Студент істей алуға тиісті:
PICO тәсілімен клиникалық сұрақтарды (проблемаларды) құрастыруды;
әртүрлі деректерді салыстыра отырып, дәлелді ізденіспен бағалауды жүргізуді;
фильтрлерді (сүзгілерді) пайдалана отырып, іздестіру жүйесінде жұмыс істеуді;
медициналық статьяларды сынауды және талдауды;
өзінің практикалық жұмысында, клиникалық аудитті жобалау жоспарын жасауды.
2.5 Алғы реквизиттер: информатика, социология, биостатистика, эпидемиология.
2.5 Кейінгі реквизиттер: қоғамдық денсаулықты сақтау, жалпы дәрігерлік практика, ішкі аурулар, хирургиялық аурулар, акушерство және гинекология, балалар аурулары, неврология, психология және наркология, медициналық жедел жәрдем көмегі
2.6. Пәннің қысқа мазмұны:
ДМ-ның анықтамасы, даму тарихы, дүниежүзілік даму тәжірибесі. Клиникалық эпидемиологиядағыы тексеру принциптері мен әдістері. ДМ-ның мәліметтер базасы. Интернеттен дәлелды медицина фильтрлері пайдаланып ақпарат алу. Мақаларды талқылау және сыныптау. Клиникалық тәжірибе бойынша жетекшілікке кіріспе. Медициналық аудит: түсініктеме, мақсаты және бағыты.
