- •Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы
- •5В011100 - Информатика мамандығы бойынша
- •Оқу бағдарламасы
- •Түсініктеме
- •Пән мазмұны
- •Практикалық сабақтар тізімі
- •Соөж -ге арналған тақырыптар тізімі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы
- •Бағалау саясаты
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •Глосарий
- •Дәрістік кешен
- •Стандартты математикалық функциялар
- •Тақырып. Айнымалылар және өрнектер.
- •Switch таңдау операторы
- •Тақырып. Қайталану операторлары Жоспар:
- •For(инициализация; өрнек; модификация) операторлар;
- •While (өрнек) оператор
- •Тақырып. Функциялармен жұмыс. Функция аргументтері. Жоспар:
- •Функциялар, main функциясы
- •Тақырып. Жолдармен жұмыс.
- •Тақырып. Құрылымдар мен біріктірулер.
- •Тақырып. Графикалық операторларды өңдеу
- •Тақырып. Файлдар.
- •Fprintf және fscanf функцияларын пайдалану
- •Fgets және fputs функцияларын пайдалану
- •Fwrite және fread функцияларын пайдалану
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Бақылау—өлшем құралдары
- •Оқу сабақтарының программалық және мультимедиалық тізімі
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі
Глосарий
Лексема немесе элементарлы конструкция- өзіндік аты бар тілдің минималды бірлігі.
Өрнек-қандайда бір мәнді есептеу ережесін береді.
Оператор- қандайда бір әрекеттің аяқталған сипаттамасын береді.
Препроцессор - программалардың алғашқы текстімен программа трансляторға түспей тұрып кейбір өзгерістерді жүргізуге арналған программа.
Идентификатор – программалық объектінің аты. Идентификаторда латын әріптері, цифрлар және төменгі сызықша пайдаланылады.
Амалдар белгісі- операндаларға қолданылатын әрекеттерді анықтайтын бір немесе бірнеше символдар.
Тұрақтылар – бұл өзгермейтін шамалар.
Арифметикалық типтер– бұл негізгі мәліметтер типтері.
Айнымалылар дегеніміз белгілі бір типтегі мәліметтер сақталатын жадының аты бар аймағы.
Идентификатордың әрекет ету облысы программа бөлігі болып табылады.
Идентификатордың көріну облысы ол жерден жады облысының идентификаторымен байланысты жеріне өтуге болатын программа бөлігі.
Функцияларға арналған көрсеткіштер функцияларды қосымша түрде (оның аты арқылы емес адресін сақтап тұрған айнымалыны шақыру аты) шақыру үшін және функцияның атын басқа функцияға параметр ретінде беру үшін пайдаланылады.
Массив дегеніміз- бір ғана атпен берілген бір типті айнымалылардың жиынтығы.
Жол дегеніміз – символдардың тізбегі.
Файл – сыртқы есте сақтау құрылғыларында (магниттік дискілерде) орналастырылған және мәлімет өңдеу, тасымалдау, кездерінде біртұтас күйде қарастырылатын мәліметтер жиыны.
Дәрістік кешен
1-дәріс
Тақырып. Тілдің жалпы сипаттамасы. Негізгі ұғымдар.
Жоспар:
Тілдің құрамы.
Алфавиті.
Идентификаторлар.
Кілттік сөздер: Лексема , өрнек, оператор, идентификатор, қызметші сөздер, препроцессор.
Иллюстрациялық материал: кестелер, электрондық оқулық – Алдабергенова А.О. С++ тілінде программалу негіздері
Қоғамымыздағы ғылыммен техниканың дамуы, жан-жақты дамыған адамзаттың қалыптасуын талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табуда программалау тілдерінің орны ерекше. Программалау тілдерін оқыту «Информатика» курсының негізгі бір бөлігі болып есептеледі. ЭЕМ-ді адам қызметінің әртүрлі салаларында пайдалану үшін программалау тілдерін меңгеру және сол тілдерде жазылған программаларды қолдана білуі қажет. Қазіргі кезде программалау тілдерінің түрлері өте көп. Солардың бірі программистер арасында кеңінен тараған Си, С++ программалау тілдері болып табылады.
Си программалау тілдерінің тобы- көптеген есептер сипаттауға және есептеу процестері мен өңдеу жұмысын жасаудың алдыңғы қатарлы механизмін құрайтын көрнекті де ыңғайлы программалау тілдері. Бұл топ тілдерінің құрылымы қолданушыға өзінің жұмысында төменнен жоғары жобалау, құрылымды программалау және модулдарды сатылап жобалау, жылдам орындалатын ықшамды программалау құру жолдарын қолдануға мүмкіндік береді. Соған қарамастан Си тілі өте қарапайым тіл: оған жоғары деңгейлі программалау тілдеріне қарағанда ассемблерге тән кейбір құралдар кіреді. Си тобының соңғы қарапайым модификациясының бірі С++ болып саналады.
Тілдің құрамы. Кез келген табиғи тіл негізгі төрт элементтен тұрады. Олар символдар, сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер. Бұндай элементтер алгоритмдік тілде де бар, бірақ мұнда сөздер – лексемалар (элементарлы конструкциялар), сөз тіркестері- өрнектер, ал сөйлемдер – операторлар деп аталады.Лексемалар- символдардан, өрнектер- лексемалардан және символдардан, ал операторлар- симвлодардан, өрнектерден және лексемалардан құралады.
Тілдің алфавиті немесе оның символдары негізгі бөлінбейтін белгілер. Олардың көмегімен тілдегі барлық текстер жазылады.
Лексема немесе элементарлы конструкция- өзіндік аты бар тілдің минималды бірлігі.
Өрнек-қандайда бір мәнді есептеу ережесін береді.
Оператор- қандайда бір әрекеттің аяқталған сипаттамасын береді. Күрделі әрекетті сипаттау үшін операторлардың тізбегі қажет етіледі. Операторлар құрама операторларға немесе болкқа біріктірілуі мүмкін. Бұл жағдайда олар бір оператор ретінде қарастырылады. С++ тілінде болк болып фигуралы жақшаның ( { }) ішіне жазылған операторлар тізбегі алынады.
Препроцессор - программалардың алғашқы текстімен программа трансляторға түспей тұрып кейбір өзгерістерді жүргізуге арналған программа.
Препроцессордың операторы (формат) # символынан басталатын және одан кейін оператор немесе операндалар аты жазылатын бастапқы текстің бір жолы. Препроцессордың операторы программаның кез келген жерінде пайда болу мүмкін және олардың әрекеті бастапқы файлға түгел таралады.
Препроцессордың мына операторлары жиі пайдаланылады:
# іnclude, # defіne. Бұдан басқа да # prаgma, # іf, # error т.б. директивалары бар.
Препроцессордың маңызды қызметі бастапқы текстке басқа файлдардың мазмұнын қосу болып табылады. Бұл мүмкіндік негізінен программаларды қандайда бір бәріне ортақ мәліметтермен, анықтамалармен қамтамасыз етуде пайдаланылады.
Тілдің алфавиті. С++ тілінің алфавитіне кіретін символдар:
Латынның үлкен, кіші әріптері және төменгі сызықша;
Араб цифрлары;
Арнайы символдар:” {} [] | , () + - / % * . \ / : ? ‘ <= >= ! & # ~ ;^
Бос орындық символдар: бос орын, табуляция және келесі жолға өту символдары жатады.
Алфавиттің символдарынан тілдің лексемалары қалыптасады. Олар: идентификаторлар, кіліттік сөздер(қызметші сөздер), амалдар белгілері, тұрақтылар және ажыратқыштар (жақшалар, нүкте, үтір, бос орындық символдар жатады).
Идентификатор – программалық объектінің аты. Идентификаторда латын әріптері, цифрлар және төменгі сызықша пайдаланылады. Үлкен және кіші әріптердің айырмашылығы болады. Мысалы esep деген идентификатор алайық, оны esep, ESEP, EsEp деп жазсақ , онда ол әртүрлі идентификатор болып табылады. Идентификатордың алғашқы символы әріп немесе төменгі сызықша болуы керек. Бос орындарды идентификатор алдында қолдануға болмайды. Идентификатор айнымалыны, функцияны, типтерді тағы басқаларды сипаттау кезінде құрылады. Стандарт бойынша идентификатордың ұзындығы шектелмеген, бірақ кейбір компоновшиктер оның шектеуін қажет етеді. Идентификатор қызметші сөздерге сәйкес келмеуі қажет. Сонымен қатар идентификаторды төменгі сызықшадан бастамау ұсынылады.
2-дәріс
Тақырып. Амалдар белгілері. Тұрақтылар. Түсініктемелер. Басқарушы тізбектер. Программаны құру технологиясы.
Жоспар:
1. Амалдар белгілері.
2. Тұрақтылар және түсініктемелер.
3. Басқарушы тізбектер.
4. Стандартты функциялар.
5. Программаны құру технологиясы.
6. Енгізу, шығару операторлары
Кілттік сөздер: қызметші сөздер, тұрақтылар, түсініктемелер.
Иллюстрациялық материал: слайд, электрондық оқулық – Алдабергенова А.О. С++ тілінде программалу негіздері
Амалдар белгісі- операндаларға қолданылатын әрекеттерді анықтайтын бір немесе бірнеше символдар. Амалдар белгілері арасында бос орын қойылмайды. Амалдар ондағы операндалар санына қарай унарлы (бір операнда), бинарлы (екі операнда) және тернарлы (үш операнда) болып бөлінеді.
С++ тілінің негізгі амалдары
Амалдар |
Қысқаша сипаттама |
Унарлы амалдар |
|
++ -- sizeof ~ (тильда) ! - + & * new delete (type) |
1-ге арттыру 1-ге кеміту өлшем разряд бойынша терістеу логикалық терістеу арифметикалық терістеу(унарлы минус) унарлы плюс адресті алу адресті алып тастау жадыны белгілеу(жадыны бөлу) жадыны тазарту немесе босату типті түрлендіру |
Бинарлы және тернарлы амалдар |
|
* / % + - << >> < <= > >= = = != & ^
| && || ?: = *= /= %= += -= <<= >>=
&= |= ^= , |
көбейту бөлу бөлуден қалған қалдық қосу алу солға жылжыту оңға жылжыту кіші кіші не тең үлкен үлкен не тең тең тең емес разряд бойынша канионсы (және) разряд бойынша теріске шығару (немесе) разряд бойынша дизнюкция логикалық ЖӘНЕ логикалық НЕМЕСЕ шартты амал(тернарлы) меншіктеу көбейтіп алып меншіктеу бөліп алып меншіктеу бөлуден қалған қалдықты меншіктеу қосып алып меншіктеу шегеріп алып меншіктеу солға қарай жылжытып меншіктеу оңға қарай жылжытып алып меншіктеу разряд бойынша ЖӘНЕ меншіктеу разряд бойынша НЕМЕСЕ меншіктеу разряд бойынша терістеу меншіктеумен тізбек бойынша есептеу
|
Тұрақтылар деп өзгермейтін шамаларды айтады.Тұрақтылар бүтін, нақты, символдық және жолдық болады.
С++ тілінің тұрақтылары
Тұрақты |
Формат |
Мысал |
Бүтін |
Ондық: ондық цифрлар тізбегі. Бұл тізбек 0 цифрынан тек қана санымыз нолге тең болған кезде ғана басталады.(0..9) Сегіздік:нолден кейін сегіздік цифрлар орналасады(0..7) Оналтылық: Ох немесе ОХ кейін оналтылық цифрлар(0..9,A,B,C,D,E.F) |
5,4,3,0,1985
012,05,071,т.б.
OxA, Ox1B8, OXOOFF |
Нақты |
ондық: [цифр].[цифр] экспоненциалды:[цифр][.][цифрлар]{Е:е}[+:][цифрлар] |
1,3000000000Е-02 1,3000000000* 102= 0,013 |
Символдық |
Апострфқа (‘) алынған бір немесе екі символдар |
‘A’,’LO’,’*’, ’Lb’, ’\0’,’\n’,’1012’ т.б |
Жолдық |
Тырнақшаға алынған символдар тізбегі |
“Бұл 35-ші группа”, “Мен студентпін” т. Б |
Бір символдан тұратын символдық тұрақты жадыдан бір байт орын алады және оның типі char болады.Ал, екі символдық тұрақты жадыдан екі байт орын алады типі int болады.
Қисық сызық (\) символы графикалық бейнесі жоқ кодтарды бейнелеу үшін пайдаланылады.Мысалы,
\n- кусорды келесі жолдың басына орналастырады;
\а- дыбыстық сигнал;
Апострф (‘) , кері сызық(\), сұрақ белгісі(?) тырнақшаларды белгілеу үшін қажет. Кері қисық сызықтан басталатын символдар тізбегін басқарушы тізбектер деп аталады.
С++ тілінің басқарушы тізбектері
Бейнеленуі |
Оналтылық коды |
Аты |
\а \b \f \n \r \t \v \\ \’ \’’ \? \oddd \OXddd |
7 8 C a D 9 B 5C 27 22 3F - ddd
|
Дыбыстық сигнал Бір қадам қайту Бетті ауыстыру Жолды ауыстыру Каретканы қайтару Көлденең табуляция Тік табуляция Кері қисық сызық Апострф Тырнақша Сұрақ белгісі Символдың сегіздік коды Символдық оналтылы коды |
Түсініктеме (комментарий)
Коментарий //- символынан басталып жазылады немесе /* және */ символдарының арасына жазылады. Түсініктеме үшін //- символын, ал
/* ...*/ символын программаны жөндеу барысында блоктарды уақытша ала тұруда пайдалануды ұсынады.
С++ тіліндегі программа функциялардан, сипаттамалардан және препроцессордың директиваларынан тұрады. Функциялардың біреуінің аты main болуы керек. Программаның орындалуы осы функцияның бірінші операторымен басталады. Функция қандай да бір мәнді есептеу үшін пайдаланылады, сондықтан функция атының алдынан оның типі көрсетіледі. Мысалы, квадрат түбірді табатын функция былай жазылады:
double sqrt(double x);
Функцияға қажетті мағлұматтардың негізгілері:
егер функция мәнді қайтармау керек болса, онда void типі көрсетіледі.
функция денесі блок болып табылады және фигуралы жақшаға алынып жазылады.
әрбір оператор нүктелі үтірмен (;)аяқталады (құрама оператордан басқасы).
Программаның жалпы жазылу құрылымы:
Препроцессордың дерективалары
int main( ) {
айнымалыларды сипаттау;
[Операторлар тізбегі];
return 0;
}
Программа бірнеше модульден тұруы мүмкін. Си тіліндегі енгізу- шығарудың негізгі функциялары:
-scanf(const char*fmt[,par1,par2,…,parn])- параметрлер жолын белгілі бір форматта енгізу.
-printf(const char*fmt…)- параметрлер жолын белгілі бір форматта шығару.
Си тілінде енгізу- шығару функциялардың пайдалану мысалы:
#include<stdio.h>
int main ( ) {
int i;
printf(“Бүтін сан енгіз\n”);
scanf (“%d”,&i);
printf(“сіз” %d санын енгіздіңіз”);
return 0;
}
Бұл программаның бірінші жолы препроцессордың директивасы. Оның көмегімен программаның текстіне еңгізу- шығару функциясының сипаттамасынан тұратын <stdio.h> тақырыптық файлы қойылады.Үшінші жолда бүтін типті і айнымалысы сипатталған. printf функциясы экранға «бүтін сан енгіз» сөздерін шығарады. Ал \n курсорды келесі жолға түсіреді. scanf функциясы клавиатурадан енгізілген бүтін санды і айнымалысына меншіктейді, & белгісі адресті алу операциясын білдіреді.
