Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус CИ_АО 2014-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.75 Mб
Скачать

Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы

С И Л Л А Б У С

С++ -те программалау пәні бойынша

5В011100-информатика мамандығы үшін

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: ____1; 2___

Семестр: 2; 4

Кредит саны: _3__

Барлық дәрісханалық сағат саны: 90

соның ішінде:

Дәрістер: ___15____

Практикалық сабақтар: ____30___

СОӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Емтихан: _____2; 4 семестр______

Талдықорған 2014ж

Оқытушы туралы мәлімет

Алдабергенова Айгүл Оңалбекқызы – ақпараттық технологиялар және ИОӘ кафедрасының аға оқытушысы (№2 корпус, 316 аудитория, тел: 87023869593, e-mail: Aigul_AO@mail.ru )

Пәннің реквизиттері: «С++ тілінде программалау» курсын оқып-үйрену студенттердің информатика, математика, программалау тілдері пәндерінен алған базалық білімдеріне негізделеді және арнайы даярлықты талап етеді.

Пәннің постреквизиттері: осы пән бойынша меңгерілетін білім қоры «Объектіге бағытталған программалау тілі» пәнін оқып үйренуге қажет.

Пәннің қысқаша сипаттамасы. Си программалау тілдерінің тобы – көптеген есептерді сипаттауға және есептеу процестері мен мәліметтерді өңдеу жұмысын жасаудың алдыңғы қатарлы механизмін құрайтын бірталай көрнекті де ыңғайлы программалау тілдері. Бұл топ тілдерінің құрылымы қолданушыға өзінің жұмысында төменнен жоғары қарай жобалау, құрылымды программалау және модулдарды сатылап жобалау, жылдам орындалатын ықшамды программалар құру жолдарын қолдануға мүмкіндік береді. Соған қарамастан Си тілі өте қарапайым тіл: оған жоғарғы деңгейлі программалау тілдеріне қарағанда ассемблерге тән кейбір құралдар кіреді. Си тобының соңғы қарапайым модификациясының бірі С++ болып саналады. Си тілін көбіне жүйелік программистер кеңінен қолданады. Жүйелік программистерді соншалықты қызықтырғаны әртүрлі жадты, сонымен бірге регистрлерді қолдану мүмкіндігі, көрсеткіштердің енгізілуі, сол сияқты күрделі құрылымды мәліметтермен жұмыс жасау мүмкіндігі, процессорды пайдалану және символдық жолдармен ыңғайлы жұмыс жасау мүмкіндігі.

Курстың мақсаты студенттерге С, С++ программалау тілдерінің ерекшеліктерін, мәліметтер құрылымын үйрете отырып күрделілігі әртүрлі деңейдегі есептерді шығара, талдай білуге машықтандыру болып табылады.

Курсты оқытудың міндеті С++ программалау тілінде программа құра білуді үйрету болып табылады.

С++ тілінің негізін меңгеру программа жазуға қажетті алғашқы қадам болып саналады. Тілдің мүмкіндігін жүзеге асыру механизімін және оларды байланыстыру тәтілдерін толық меңгермей тұрып тиімді, жеңіл оқылатын және кеңейтуге қолайлы программа құру мүмкін емес. Тілдің мүмкіндігі тілді жасаудағы мақсатты толық қамтиды. С++ үшін негізгі мақсат – тиімділік, көптеген практикалық есептерде кеңінен қолданылуы, сол сияқты басқа С тілімен үйлестігі саналады.

Тілді оқу нәтижесінде студенттер:

  • С++ программалау тілінің негізгі түсініктерін;

  • тіл мүмкіндіктерінің жүзеге асу механизімін;

  • тілдің механизімдерінің өзара байланыс тәсілдерін;

  • тілдің көптеген практикалық есептерде кеңінен қолданылу жолдарын;

  • үйреншікті С тілімен үйлестігін білуі қажет

Студенттер С++ тілінде сауатты да тиімді программалар жасау тәсілдерін меңгерулері керек.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

  • қажетті теориялық білімдерді және практикалық біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру;

  • алған теориялық білімдерді практикада қолдана білу;

  • ақпараттық ресурстардан ақпараттарды іздеу және қолдану.