Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус CИ_АО 2014-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.75 Mб
Скачать

Тақырып. Жолдармен жұмыс.

Жоспар:

  1. Жол ұғымы

  2. Жолдармен жұмысқа арналған функциялар.

Кілттік сөздер: жолдық тип, нөл-символ,жолдық функциялар.

Иллюстрациялық материал: слайд, электрондық оқулық – А.О. Алдабергенова, С++ тілінде программалу негіздері

Жол дегеніміз символдардың тізбегі. Си және С++ тілінде жол 0 символымен аяқталады. Жолды массив ретінде қарастырамыз

Char s[15] = «Программалау»

п

р

о

г

р

а

м

м

а

л

а

у


Char s2 [] = «Информатика»

Char *s3 = «тобы»,

С++ кітапханасында жолдарды немесе жеке символдарды енгізуге және шығаруға арналған <stdio.h> тақырыптық файлының gets (s) енгізу , puts(s) шығару функциялары бар.

Мысалы: puts(«1-ші жолды енгіз»);

Gets (s1);

С, С++ кітапханасында <string.h> тақырыптық файлының жолдық қатарды өңдейтін келесі функциялары бар:

  1. strlen (s) – берілген s жолының ұзындығын анықтайды. Мысалы: n=strlen (s)

  2. strcpy (s1,s2) – 2-ші жолды 1-ші жолға көшіру

  3. strcat (s1, s2) – 1-ші жолды 2-ші жолға біріктіріп нәтижені 1-ші жолға шығарады

  4. strcmp(s1, s2) – 2-ші жолмен 1-ші жолды салыстырады. Егер жолдар тең болса, функция 0 мәнін қайтарады. 1-ші және 2-ші жолдан кіші болсо, онда 0-ден кіші мәнін береді, ал 1-ші жол 2-ші жолдан үлкен болса, онда 0-ден үлкен мәнді қайтарады

  5. strset (s,’t’) – жолды берілген символмен толтырады

  6. strlwr (s) – жолдың үлкен әріптерін кіші әріптерге ауыстырады

  7. strups(s) – жолдың кіші әріптерін үлкен әріптерге ауыстырады

<stdlib.h>

  1. atof (s) – жолды нақты санға түрлендіреді

  2. atoi (s) – жолды бүтін санға айналдырады

  3. atoll (s) – жолды ұзын бүтін санға түрлендіреді

  4. sprintf (s) – санды жолға айналдырады

Мысалы:

Екі символдық жол берілген, осы жолдарды біріктіріп олардың ұзындығын анықтау қажет.

#include <stdio.h>

#include <string.h>

#include <iostream.h>

int main ();

{

char s[], c[], int n;

gets (s);

gets (c);

strcat (s,c);

n=setlen(s);

cout<<n;

return 0;}

11-дәріс

Тақырып. Құрылымдар мен біріктірулер.

Жоспар:

  1. Құрылымдар

  2. Біріктірулер

  3. Биттік өрістер

Кілттік сөздер: құрылымдар, біріктірулер, биттік өрістер.

Иллюстрациялық материал: слайд, электрондық оқулық – Алдабергенова А.О. С++ тілінде программалу негіздері

Құрылымның массивтен айырмашылығы: құрылымның элементтері әр типті бола береді. C++ құрылымдық класс түрі болып табылады және оның барлық қасиеттеріне ие.

Құрылымды сипаттау үшін struct қызметші сөзі қолданылады.

Сипатталынуы:

struct [тип аты] {

тип1элемент1;

тип2элемент2;

............................

тип n элементn ; }

[сипаттау тізімі];

Құрылым элементтері құрылым өрістері деп аталады және осы құрылымның типінен басқа кез келген типті қабылдай береді. Бірақ оған көрсеткіш бола алады. Егер типтің аты болмаса, онда айнымалылардың, көрсеткіштердің немесе массивтердің сипаттау тізімі көрсетілу керек. Бқл жағдайда құрылымды сипаттау осы тізімнің элементтерін анықтау үшін пайдаланылады.

Құрылым массивін және құрылымдағы көрсеткіштерді анықтау

struct {

char fio[30];

date, code;

double salary; }

stuff [100]*ps;

Егер тізім жоқ болса, құрылым сипаттамасы жаңа типті анықтайды. Ол типтің атын кейін стандартты типтермен қатар пайдалануға болады.

Мысалы. struct work {

char fio[30];

int date, code;

double salary; }

……………….

worker stuff[100]*ps;

Құрылым инициализациясы үшін оның элементтерінің мәнің фигуралы жақша{} ішіне олардың сипатталу реті бойынша жазылады.

struct {

char fio[30];

int date, code;

double salary;}

worker={“”,14,117,225,50};

Құрылым массивін инициализациялау кезінде фигуралы жақшаның ішіне массивтің әрбір элементін алу керек.

struct complex {

float k,z;}

compl [2][3]={

{{1,1},{1,2},{1,3}} //compl[0]

{{2,1},{2,2},{2,3}} //compl[1] };

Құрылым өрістеріне өту таңдау (.) амалының көмегімен жүреді. Ол үшін өріске құрылым аты немесе көрсеткіш арқылы ( ) өту керек.

Worker.fio=””;

Stuff[8].Code=2/7;

ps salary =0.74;

Мысалы .

int main () { struct { char f[25]; int gruppa;

double oplata; } Dannie={“kim”};

dannie.gruppa=311;

dannie.oplata=125000.500

cout<<”\nfio=”<<dannief;

cout<<”\ngruppa=”<<dannie.gruppa;

cout<<”\ntolem_aki=”<<dannie.oplata;

return 0; }

12-дәріс