Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус CИ_АО 2014-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.75 Mб
Скачать

Тақырып. Функциялармен жұмыс. Функция аргументтері. Жоспар:

    1. Функциялар, main функциясы

    2. Функция аргументтері

    3. Мән қайтаратын функциялар

Кілттік сөздер: функция, функция прототипі, аргумент, формалды және нақты параметрлар.

Иллюстрациялық материал: слайд

С тілінде модульдар функциялар деп аталады. Функцияны анықтауда анықталған барлық айнымалылар локальді айнымалылар болып табылады да, олар өздері анықтаған функцияларда ғана қызмет ете алады. Көптеген функциялар параметрлер тізімінен тұрады. Параметрлар функцияларға мәлімет алмасуға мүмкіндік береді. Функция параметрлары да локальді айнымалылар

int main () k=sqrt

Көптеген функциялардан тұратын программаларда main функциясы жұмыстың негізгі бөлігін орындайтын функцияларға қатынау тобы ұйымдастырылуы керек. Программаны бірненше функцияларға бөлу- біріншіден оны бақылауға ыңғайлы; екіншіден- программада қайтатын код болмайды; үшіншіден – программа кодын функция түрінде өрнектеу оны шақыру арқылы программаның кез-келген бөлігінен орындауға мүмкіндік береді. Әрбір функция программа мақсатын қамту керек.

Функцияны сипаттау

Тип функциясы (Тип1 Параметр1, Тип2 Параметр2, Тип n Параметр n )

{Айнымалыны сипаттау ;

Функция нұсқаулары;

return (мән) }

Программадағы әрбір нақты параметрлардың типі функцияны жариялауда көрсетілген сәйкес параметрлердің типіне және санына сәйкес келуі тиіс. С-дің маңызды ерекшеліктерінің бірі- функция прототипі б.т. Прототип функцияны оны алғаш қолданғанға дейін жариялайды. Прототип компиляторға функциямен қайтарылатын мәліметтер типін функция қабылдайтын параметрлер саны, параметрлердің типі мен ретін хабарлайды. Прототиптің соңында міндетті түрде үтір нүкте (;) қойылады:

int maximum (int x, int y, int z);

Егерфункция мән қайтармайтын болса , оның типі void болуы керек.

9-дәріс

Тақырып. Көрсеткіштер және массивтер

Жоспар:

  1. Көрсеткіштер.

  2. Сілтемелер және массивтер

Кілттік сөздер: көрсеткіш, сілтеме, массив, матрица

Иллюстрациялық материал: слайд.

Көрсеткіштер. Компилятор айнымалыны анықтау операторын өңдеген кезде мысалы int i=5; int типке сәйкес жады бөлінеді және көрсетілген мәнге меншіктейді. Программадағы айнымалыны оның аты ( i ) арқылы шақыру компилятор мен айнымалының мәні сақталатын жады аймағының адресіне ауыстырылады. Программалаушы жады аймағының адресін сақтау үшін жеке меншік айнымалыларды анықтауына болады. Бұндай айнымалылар көрсеткіштер деп аталады. Сонымен көрсеткіштер жады аймағының адресін сақтауға арналған. С++ -те көрсеткіштердің үш түрі бар. Олар:

  1. объектілерге арналған көрсеткіштер.

  2. функцияларға арналған көрсеткіштер.

  3. қасиеттерімен және амалдар жиынтығымен ерекшеленетін void-қа арналған көрсеткіштер .

Көрсеткіштер өз алдында жеке дара тип болып табылмайды. Олар әрқашанда қандай да бір нақты типпен байланысты болады. Функцияның атқарылатын коды орналасқан код сегментінде функцияға арналған көрсеткіштің адресі болады, яғни ол функцияны шақырғанда басқару берілетін адрес.

Функцияларға арналған көрсеткіштер функцияларды қосымша түрде (оның аты арқылы емес адресін сақтап тұрған айнымалыны шақыру аты) шақыру үшін және функцияның атын басқа функцияға параметр ретінде беру үшін пайдаланылады. Функцияға арналған көрсеткіштің типі мынадай болады: “берілген типтің мәнін қайтаратын және сол типтің аргументтеріне ие функция көрсеткіші”. Функцияға арналған көрсеткіштің жалпы түрі:

тип (*аты)(аргументтер типтерінің тізімі)

Мысалы:

int (*fun)(double, double)

Бұл мысал int типінің мәнін қайтаратын және double типті екі аргументтен тұратын функцияға fun атаулы көрсеткішті қайтарады.

Объктіге арналған көрсеткіш берілген типтегі деректер сақталатын жады аймағының адресінен тұрады. Объектіге арналған көрсеткіштің қарапайым түрде жариялануы келесі түрде болады:

тип*аты

мұндағы тип сілтеме және биттік өрістен басқасының барлығы бола алады. Олар деректерді тығыздап жинауға арналған (биттік өріс). Биттік өрістен басқасының барлығы бола алады (Биттік өріс- құрылым өрістерінің ерекше түрі. Олар деректерді тығыздап жинауға арналған), сонымен қатар тип бұл кезде әлі анықталмаған бірақ, тек қана жарияланған болуы мүмкін.

Жариялаулардағы жұлдызша тек қана атауға қатысты болғандықтан, егер бірнеше көрсеткішті жариялау қажет болса, онда жұлдызшаны (*) олардың әрқайсысының атының алдына қою талап етіледі. Мысалы мына операторда

int *а, b,*с

мұнда а және с бүтін типті айнымалыға арналған екі көрсеткіш және бүтін типті b айнымалысы сипатталған. Көрсеткіштің өлшемі жады моделіне тәуелді болады. Сонымен қатар көрсеткішке арналған көрсеткішті де анықтауға болады.

Адресін сақтауға талап ететін объектінің нақты типі анықталмаған жағдайда void-қа арналған көрсеткіш пайдаланылады.(Мысалы әртүрлі уақыт кезеңінде бір ғана айнымалыға әртүрлі типтегі объектілер адресін сақтау талап етілсін). void-қа арналған көрсеткішке кез келген типтегі көрсеткіштің мәнін меншіктеуге, сонымен қатар оны кез келген көрсеткішпен салыстыруға болады. Бірақ ол сілтеме жасайтын жады облысымен қандай да бір әрекеттер орындалмай тұрып оны нақты бір типке түрлендіру қажет. Көрсеткіш тұрақты (константа) немесе айнымалы бола алады және константа немесе айнымалыға көрсете алады. Мысалы,

int i; //бүтін айнымалы

const int ci=1; //бүтін типті константа

int *pi; //бүтін айнымалыға арналған көрсеткіш

const int *km; // бүтін константаға арналған көрсеткіш

int *const cp=&i; //бүтін айнымалыға арналған – көрсеткіш константа

const int *const klm=&ci; //бүтін константаға арналған көрсеткіш константа

мысалдарда көрсетілгендей, егер const модификаторы көрсеткіштің аты мен жұлдызшаның ортасында орналасса, онда ол көрсеткіштің өзіне қатысты болады да оның өзгеруіне тиім салады. Ал егер const жұлдызшаның сол жағында орналасса, онда ол өзі көрсетіп тұрған мәннің тұрақтылығын береді.

Сілтеме сілтемені инициализациялауда көрсетілген атау синонимі түрінде көрсетіледі. Сілтемені көрсеткіш ретінде қарастыруға болады. Сілтеменің хабарлау форматы:

тип & аты;

мұндағы тип- сілтеме көрсетілген көлемнің типі, &- сілтеменің операторы, аты- көрсетілген ауыспалы сілтемелік типтің аты болады. Мысалы,

int kol;

int& pal=kol; //pal сілтемесі kol аты үшін альтернативті

const char& CR= ‘\n’; //тұрақтығы сілтеме

Сілтемелер көбінесе функцияның параметрі ретінде және функцияның мәні қайталанатын типі ретінде қолданылады. Сілтемелер функциялардың ауыспалылығы қолданылатындар, адрес бойынша берілгендер, разадрезацияның операцияларымен емес, программалардың оқытылуына мүмкіндік береді.

Сілтеме көрсеткішке қарағанда жадының қосымша көлемінде орын алмайды және көлемнің басқа қарапайым аты болады.

Массив дегеніміз- бір ғана атпен берілген бір типті айнымалылардың жиынтығы.

Массивтің элементтері тік жақшаға ([ ]) алынып жазылады, ал элементтері индекстермен беріледі. Ең соңғы элементтің индексі массивтің ұзындығын көрсетеді. С++ -те массивтің индексі 0-ден басталатындықтан оның ұзындығы көрсетілген мәннен 1-ге артық болады. Массив үшін инициализациялайтын мәндер фигуралық жақшаларда жазылады. Мәндер элементтерге рет-ретімен меншіктеледі. Егер массивтағы элементтер инициализаторлардан көп болса, онда мәндері көрсетілмеген элементтер ноль болады. Массив өлшемділігі оның элементтерінің типімен компиляция этапында орындалатын массивті орналастыру үшін қажетті жадтың көлемін анықтайды. Сондықтан өлшем бүтін оң таңбалы тұрақтымен немесе тұрақты өрнекпен берілуі мүмкін. Егер массивті сипаттау кезінде өлшем көрсетілмесе инициализатор болуы керек. Бұл жағдайда компилятор инициализацияланған мәндер саны бойынша жадты анықтайды. Массив өлшемін атаулы тұрақтылар көмегімен берген қолайлы. Мұндай өзгерту үшін программаның бір жерінде тұрақты мәнін көрсетіп қойған жеткілікті. Массивтің соңғы элементі оның өлшемін сипаттауда берілген бірге аз номерден тұратынына назар аударыңыз.

Мысалы: k, n массиві берілген. Массив элементтерінің қосындысын анықтау қажет.

# include < iostream.h>

int main (){

const int n=5;

int i,s;

int mas1[n]={1,4,15,-20,7};

for (i=0,s=0;i<n;i++)

s+=mas1[i];

cout<<”s=”<<s;

return 0 ;

}

Нәтиже s=7 болады.

Назар аударыңыз!

Массив элементтеріне автоматты түрде қатынау кезінде индекстің массив шекарасынан асуын бақылау жүзеге аспайды. Бұл қатеге әкеледі.

Көп өлшемді массив әрбір өлшемді квадрат жақшада көрсетумен беріледі. Мысалы:

int math[6][8];

Оператор алты жолдан және сегіз бағанадан тұратын екі өлшемді массивтің сипаттамасын береді, жадта мұндай массив тізбек торларында жоласты орналасады. Көп өлшемді массив келесі элементке өту кезінде соңғы элементі тезірек өзгертетіндей болып орналасады. Көп өлшемді массивтің элементтеріне ену үшін оның барлық индекстері көрсетіледі.

Динамикалық көп өлшемді массив құру үшін new операциясында оның барлық өлшемдерін көрсету керек (ені жоқ өлшем айнымалы болуы мүмкін).

Массивтен жадтың босатылуы кез келген өлшем санымен delete[] амалының көмегімен орындалады. Тұрақтыға сілтеуішті жоюға болмайды.

10-дәріс