Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

6.8. Сурет 2тэ116 арба рамасындағы тіректің орналасуы:

1-жинақталған тірек; 2- шүберіндік торап; А- доңғалақ жұптарының шүберінге қатысты орналасуы.

Аунақшалы тіректің 1 құйылған корпусы арба рамасының бүйірінде төменгі тірек плитаның тербеліс тірегіне арбаның бұрылу радисуына қатысы бойынша қондырылған. Аунақшалар 3 өз ара құрсаулармен байланысқан және аунақшалар үшін айналшық болып табылатын металл емес төлкелерде 4 айналады. Тіректің барлық қозғалу жүйесі (құрсаулы аунақшалар мен жоғарғы тірек плитасы) жылжу кезінде копустың бүйір қабырғаларына дәнекерленген тозуға төзімді жапсырмамен 5 бағытталады. Аунақшалардың және тірек плитасының беттерінде тербеліс кезінде жоғары түйісу кернеуі болады, сондықтан аунақшалар 40х болаттан жасалған және НRC 54-60 қаттылыққа дейін 1,5-3 мм тереңдікте шыңдалған. Тірек плиталарын алдын-ала цементтейді, одан кейін олардың беттерін НRC 56 қаттылыққа дейін шыңдайды.

Тірек плиталарының тербелу беті көлбеу болып жасалаған, көлбеу бұрышы 2о тең. Тіке жол телімдерінде аунақшалар көлбеу жазықтық арасында орташа жағдайда болады. Арбалар шанаққа қатысты бұрылған кезде аунақшалар тіректің көлбеу бетінде домаланады. Осы кезде тірек радиусында қайтарым мезетін құратын көлденең күш пайда болады. Арба бұрылған кезде қайтарымды күштен басқа, тіректе арбаның бұлғақтау тербелісін азайтуға қабілеттендіретін үйкеліс күші және үйкеліс мезеті туындайды.

6.9.Сурет. 2тэ116 тепловозы шанағының құралымды тірегі:

1- аунақшалық тіректің корпусы; 2,б – төменгі және жоғарғы тірек плиталары; 3-аунақша; 4-төлке; 5-тозуға төзімді жапсырма; 7-қақпақ; 8-бұранда; 9,12- тіректік сақиналар; 10-болаттан жасалған жұқа тақтайшаның сақиналық ілігіші; 11-қарыспа элемент; 13-реттегіш төсемдер; 14-конус тәрізді стакан; 15,16-қамыт; 17-қынап; 18-тығын; 19-құрсау; 20-ағызғыш тығын; 21-арба рамасы.

Құрамдалған тіректің қарсыпалы сатысы арбадағы аунақша қондырғысының тірек сақинасы 9 және тепловоз шанағының тірек сақинасы 12 арасында орналасқан жеті қарсыпалы элементті құрайды. Қарсыпалы жинақ тепловозбен радиусы 125 м қисықпен өту кезінде болып өтететін көлденең тірелуінің ең жоғарғы шамасынан асатын саңылауды жоя отырып конус тәрізді сақинамен шектелген. Қарыспалы элемент болаттан жасалған жалпақ тақтайшаға пісіріп жапсырылған 11 резеңке шайба тәрізді болады. Бұл жалпақ тақтайшаларда жинақтағы элементтер мен тірек плиталардың жылжуын боыдырмайтын мөр тәрізді жасалған сақина ілгек 10 бар. Қарсыпалы элементтердің материалдары – 7-ИРП-1347 резеңке, қаттылығы 47-57 шартты бірлік. Әрбір РМЭ жинағында құрамдастырылған тірек қабырғада динамикалық күшті қоса алғанда 140 кН тең күш түсу кезінде оның биіктігі анықталады. (мөлшері К). Бір арбада жинақ биіктігінің ауытқуы 1 мм кем емес, бірақ шанақтың тірек бөлігі астында 13 төсем арқылы реттеледі.

Әрбір құрамдастырылған тірек арбаның бұрылу ортасына қатынасы бойынша аунақшалық бөлікпен арбаның бұрылу және қайтарым мезеті қамтамасыз етілетіндей болып орнасатырылған, ал шанақтың көлденең жылжуы әрбір РМ жинағының көлденең жылжуымен орындалады. Шанақтың қарыспалы тірелуі серіппелік ілікітіргішті қосымша майыстырады, бұл тепловоз экипажының жүріс бөлігіндегі динамикалық беріктілікті жақсартады. Шүберін арбаның көлденең жазықтықтағы бұрылу білігі болып табылады.

Тартым күші арбадан шанаққа +14 мм еркін-серпінді қозғалыстағы шүберіндік қондырғымен беріледі. Бұл тепловоздың қозғалуы кезінде енуді және көлденең динамиканы жақсартады, сондай-ақ жолға рамадан түсетін күшті және арба салмағының шанаққа кері әсер етуін азайтады.

Шүберін 8 (6.10. сурет) тепловоздың бас рамасына 3 дәнекерленген. Тепловоздың арбаүсті құрылысының арбаға орналастырылуы кезінде шүберіннің төменгі бөлігі болаттан дәнекерленген төлкемен 9 сырғыма 6 төлкесіне 7 жеңілжүрісті көшетпен кіреді. Сырғыманың бес жағында ( арбаның төменгі, жоғарғы, перендикуляр және паралель біліктері) 60Г болаттан жасалған және ыстық өңдеуден өткен жұқа тақтайшалар 5, 12, 16 дәнекерленген. Сырғыма арба рамасының 13 құйылған шүберіндік арқалық ұяшығына жапсарланған. Шүберінді арқалық ұяшығының ішкі беттерінде арбаның көлденең білігіне перпендикуляр және түбіне 60Г болаттан жасалған, термоөңдеуден өткен арасына сырғыма қондырылған (саңылауы 0,14-1,42 мм), ұяшықта әр жағына 40 мм көлденең бағытта ауысатын жұқа тақтайшалар 14 және 15 дәнекерленген.

Шүберіннің көлденең жылжуы кезінде сырғыма ұяшықта жанышталған және өз бұрғысы арқылы серіппені қысатын, төлке ішінде айналып тұратын тірекке 4 тіреледі. Серіппе 2 шүберіндік арқалық ұяшығына сыртынан бекітілген бүйірлік цилиндрлік стақанда 1 орналастырылған. Шүберінді арқалық ұяшығының қарама-қарсы бетінде тіректі-қайтарымды шүберіндік қондырғы орналастырылған.

Тепловоз біліктері бойынша түсетін күшті анықтау және өлшеу кезінде қажетті шанақтың арбаға қатысты көлденең орталықтануын жүргізу үшін стақан 1 шетінде шанақпен бірге орташа қалыпқа түсетін технологиялық бұранда арқылы сырғыманы 6 орналастыратын М36 ойық тесік қарастырылған. Өлшегеннен кейін технологияық бұранданы алып тастайды, ал сатқандағы тесік тығынмен 18 жабылады.

Жылжу кезде 20 мм дейін қайтарым тиімділігі құрамдастырылған тіректің резеңкеметалл элементтері жинағының көлденең жылжуы есебінен тепловоз қисық жол телімдеріне енген кезде шүберін бір жағына және басқа жағына 40 мм көлденең бағытта жылжиды, ал одан әрі шүберінді тораптың серіппелерімен ұлғаяды. Шүберіннің 40 мм жылжуы кезінде (серіппенің қысуы 20 мм) серіппенің қайтарым күші 80 кН тең. Шүберінді серіппенің жалпы қайтарым күші және РМЭ көлденең жылжу кезінде 80+32= 112 кН тең.