Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

6.3.Тіректі –қайтарымды қондырғы және тартым күшінің берілісі

Шанақтың арбамен тіреулік байланысы мынаған арналған: арбаға шанақтан тігінен түсетін күштің берілісі; тепловоздың тіке жүру теліміндегі қозғалыс тұрақтылығын, арбаның айналма жолдарда жүруін, яғни арба жүрісінің шанақтың орташа жүрісі қалпына қайтып оралуын қамтамасыз ету; бұлғақтау және көлденең тербелісі кезінде арбаның шанаққа бүйірлік әсер етуін төмендету және тербелісті бәсеңдету. Барлық жүк тепловоздарында шанақтың салмағы үш білікті арбаға арба рамасының бүйірлеріне шеңберлей орналасқан ортасы арбаның айналу ортасы болып табылатын төрт аунақшалы тірек арқылы беріледі. Корпустың 1 ішінде сфералық ұяшықтан 4, жоғарғы тірек плитасынан 3 және цилиндірлік аунақшалардан тұратын тіректің қозғалғыш механизмі орналастырылған. (6.7. сурет). Аунақшалардың құйыршықтары домалау кезінде олардың параллель орналасуын қамтамасыз ететін құрсау 5 тесігіне екі жағынан кіргізілген. Жоғарғы 3 және төменгі 6 тірек плиталарының жұмысшы беттері көлбеу жазықтық тәрізді болады. Корпустың ішкі қуысы білік майымен толтырылған.

Тепловоздармен қисық жол телімдерінен өткен кезде арба бұрылады және тірек плиталары беттерінің еңкеюі нәтижесінде арбаны алғашқы қалпына қайта келтіруге тырысатын көлденең күш түсу туындайды. Арба шүберіні ортасының айналасындағы шеңбері бойынша бұрылады, ал аунақшалар түзу жылжи отырып көлбеу бет бойынша айналады. Нәтижесінде сфералық ұяшық 4 жоғарғы тірек плитасы бойынша сырғанайды. Егер тірек біліктерін ол орналасқан шеңбер радиусына қатысты бұратын болса, онда сфералық ұяшықтардың тірек плиталар бойынша жылжуы көбейеді және үйкеліс жұмысы артады. Тепловоз астындағы арбаның қалыпты жағдайда болуына және экипаждың ирекке баяу енуіне қажетті қайтарым күші мен үйкеліс мезетін алу үшін тірек плиталарының көлбеу бұрышы 2о, жоспар бойынша тіректің бұрылу бұрышы 5о. 2ТЭ10Л және ТЭ3 тепловоздарының тіреулері жоспарда арбаның шанаққа қатысты бұрылуына ғана жол береді және көлденең жылжуға жол бермейді. Шанақ рамасына арбадан түсетін бойлық және ендік көлденең күштер шүберін арқылы беріледі.

Арбалы локомотивтердің түзу жол телімдері бойынша үлкен жылдамдықпен қозғалуы экипаждың бұлғақтауымен жүреді. Бұлғақтауды жою үшін арба және шанақ салмағын өлшеу салыстырмалы көлденең жылжуды қамтамасыз ететін серпінді қозғалғыш элеметтер (серіппе, резеңкеметаллдан элеметтері бар плита, ілгішек және т.б.) қолдану арқылы бөлінеді. Бұл қисық жол телімдерінде сондай-ақ түзу жол телімдерінде жоспар бойынша тегіс емес жолдар бар болған кезде және бандаждардың шошақтануынан және рельстің ішкі қырлары мен доңғалақ қалыптары арасында саңылау болуынан туындаған доңғалақ жұптарының қисық қозғалысы салдарынан бүйірлік күшті азайту үшін қажет. Іліктіру жүйесі шанақтың тербеліс жиілігі мен амплитуда мәнінің аздығымен жүрістің баяулығын, сондай-ақ оның жол ортасындағы ауытқуды азайту үшін таңдап алынады.

6.7. Сурет. Тэ3, тэ7, тэ10 және 2тэ10л тепловоздарының тіректі –қайтарымды қондырғысы:

1-тірек корпусы; 2-аунақша; 3-жоғарғы тірек плитасы; 4- тіректің сфералық ұяшығы; 5- аунақша құрсауы; 6-төменгі тірек плитасы; 7-брезентен жасалған қап.

Екінші топтағы біржақты үйлестірілген арбалардың тіректі-қайтарымды қондырғылары барлық арбаүсті салмағын қабылдай береді, арбаның тепловоз астындағы қозғалысы кезінде тұрақты қалыпта болуын қамтамасыз етеді. Ол ирек жолдарға баяу енуге қабілеттендіреді және түзу жолдардағы қозғалыс кезінде арбаның алғашқы қалпына қайтып келуі үшін күш береді.

Басты рама тірегі мен арба тірегінің өз ара орналасуы 6.8. суретте көрсетілген. Рельске арба доңғалақтар жұптарынан түсетін күшті теңстіру үшін алдыңғы тіреу шүберін маңайына 1632 мм радиус, артқы тіреу 1232 мм радиус бойынша орналастырылған. Тепловоздың арбаүсті құрылысы арба рамасына әрқайсысы екі сатыдан тұратын жинақталған төрт тірек арқылы сүйенеді (6.9. сурет): төменгі қатты саты – тербелістің аунақшалық тірегі, жоғарғы қарыспалы – резеңкеметалл 7 элементі бар блок (РМБ).