Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

6 Тарау. Жүк және жолаушылар тепловозының арбашықтары

6.1.Арбашықтардың құрылымдық ерекшеліктері

Арбашықтардың құрылымы айтарлықтай дәрежеде тарту күшін беру мен іске асыруды, бір қалыпты жүрісті, экипаж бөлігі мен жолдың өзара әсерін, қозғалыс қауіпсіздігі мен тепловоздардың динамикалық сипатамасын анықтайды.

Арбашықтағы біліктер саны тепловоздың қуатын, салмағы мен мөлшерін анықтайды.Екі білікті арбашықтар аз қуатты (1000 кВт дейін)маневрлік тепловоздарға арналған, магистральді тепловозда қолданылатын үш білікті арбашық арбашықтың негізі түрі болып саналады. Көлікті дамытудың негізгі міндеті- тарту күшінің сәйкес өсуін қажет етуші локомотивтердің өнімділігін айтарлықтай жақсарту.Статикалық біліктік жүктеменің деңгейі жолдың үстіңгі бетінің типі мен жағдайына байланысты. 1986 жылдан бері сериялық өндірілген жоғары білікті (245 кН дейін) жүктемемен алты білікті локомотивтерді игеру басталды. Тепловоздар үшін төрт білікті арбашықтарды қолдануың болашағы зор, себебі ол арбашықтың тіркеу салмағын сол біліктік жүктемде де 33 пайызға көбейтуге мүмкіндік береді.

Арбашықтың шанақпен байланысы жүктеменің шанақтан арбашыққа беруге (орталық шүберік мен бүйір тіректер, бесік типті аспалар арқылы тікелей арбашықтың бүйір рамаларына және т.б.); шанақ пен арқашықтар арасындағы көлденең күштерді беруге; шанақ пен арбашықтың көлденең қиылысына серпінділік беруді, арбашық шанаққа қатысты бұрылғанда демпферлі және қалпына келтіру жағдайларын қамтамасыз етуге арналған. Шанақ пен арбашықтың байланысының сипаттамасын экипаждың маңызды және әлі жеткіліксіз зерттелген динамикалық процестері анықтайды: жолдың тік телімдерінде ұйтқытушы қозғалыстың тұрақтылығы; қисықтарда жолға әсер ету; автотербелістердің дамуына бейімділік. Рессорлы асу жүйесі экипажды жолдың ой-қырынан дірілдеуден қорғау дәрежесін анықтайды(6.1. кесте). Теңескен немесе жеке асу; бір немесе екі сатылы; серіппелі немесе пнвматикалық, сондай-ақ резеңке немесе құрама рессорға асу қолданылады. Дірілдеуден қорғаудың тиімділігі рессорлы асудың серпінділігіне, демпферлеудің сипаты мен деңгейіне байланысты. Демпферлеу қасиетін демпферлердің фрикциялы, сұйықағулық, пневматикалық және тағы басқа құрылымдары сипаттайды.

Букс торабы арбашықтың рессорланбаған қос доңғалағы мен рессорланған рамасын түрлі серпінді фрикциялы сипаттамалармен жалғастырушы буын болып табылады. Барлық тепловоз буксаларына доңғалақты айналма орнатылады. Қазіргі кезде жақты буксалармен салыстырғанда пайдалануда жоғары тиімділікке және көлденеңі мен бойлығында буксаның рамаен қатаң байланысы сипаттамасына мүмкіндік беруші жетектегі құрылымды жақсыз буксалар қолданылады.

6.1 Кесте Магистральді тепловоздар арбашықтарының негізгі сипаттамалары

Параметрлер

Тепловоздар сериясы

2ТЭ10Л

2ТЭ116

2ТЭ121

ТЭМ7

ТЭП70

Секциялық қуаты N, кВт

2205

2250

2940

1470

2940

Конструкциялық жылдамдық км/сағ

100

100

100

100

160

Ұзақ режимді қозғалыс кезіндегі жылдамдық км/сағ

24

24,7

27

10,3

50

Ұзақ тарту күші F кН

254,8

248

294

343

167

Автотіркегіш осьтері бойынша секциялар ұзындығы, L,м

16,97

18,15

21

21,5

21,7

Доңғалақ базасы L,м

12,8

13,7

18,6

17,2

16,85

Шүберіндер арасындағы қашықтық L,м

8,6

9,63

13,82

10,9

13,79

Рамасы бойынша ені

3,25

3,08

3,2

3,21

3,086

Жұмыс салмағы т

130,3

138

150

180

135

Доңғалақ жұбынан рельстерге түсетін жүктеме Р кН

212,7

225,4

245

220

220,7

Тіркегіш салмағын пайдалану коэффициенті

0,77

0,89

0,92

0,945

0,83

Арбадағы доңғалақтар жұбының саны

3

3

3

4

3

Доңғалақ диаметрі

1,05

1,05

1,25

1,05

1,22

Арба базасы

4,2

3,7

4,4

6,3

4,3

Бірінші және екінші доңғалақтар жұбы арасындағы қашықтық, м

2,2

1,85

2,2

2,1

2,3

Арба ұзындығы м

5,52

5,7

6,94

7,77

6,72

Букс орталары арасындағы қашықтық м

2,134

2,134

2,2

2,134

2,28

Арба салмағы т

23,59

23,44

32,68

40,05

26,54

Доңғалақтық-моторлы блок

Доңғалақтар жұбының салмағы, т:

Рессорланбаған

Рессорланған

4,44

18,56

4,25

18,75

4,2

20,8

4,25

18,25

2,74

19,78

ТЭҚ типі

ЭД-107А

ЭД-118А,Б

ЭД-126

ЭД-120А

ЭД-121А

ТЭҚ ілініс типі

ООП

ООП

ОРП

ООП

ОРП

ТЭҚ қуаты, кВт

305

305

409

135

413

Максималды айналым жиілілігі, айн/мин

2060

2290

1840

1890

2320

Ұзақ айналу моменті Орталық аралық қашықтық мм

5017

468,8

4976

468,8

7289

595

5260

468,8

6092

520

Осьтен ТЭҚ ілінісіне дейінгі қашықтық м

910

910

930

960

-

Масса, т

КМБ

ТЭҚ

5,86

3,1

5,8

3,1

8,1

3,52

5,86

3,04

6,28

2,95

Редуктордың беріліс саны

4,41

4,41

4,318

3,65

3,12

Тістер саны

75/17

75/17

95/22

75/17

78/25

Жақ және тізгін буксасы

Ч

П

П

П

П

Букс айналмаларының диаметрі

(ішкі*сыртқы) мм

160*290

160*290

180*320

160*290

160*290

Теңестірілген немесе жеке рессоралық ілініс

Б

И

Б

И

И

Статикалық майысу, мм: бірінші саты

жалпы

75

75

126

146

129

149

56

176

60

180

Демпфер типі

Ф

Ф

Ф

Г

Г

Тіректі-қалпынакелтіруші құрылғы

Арбадағы шанақ тіректерінің саны

4

4

4

4

8

Шүберінді тораптағы шанаққа қатысты арбанық көлденең ауысуы, мм

0

40

40

40

60

Шүберінді тораптағы бастапқы күш, кН

0

0

0

0

0

Шүберінді тораптағы көлденең тасымал қатаңдығы, кН/мм

-

-

0,8

4,8

0,8

4,8

0,8

5,4

0,67

2,37

Тележка моменті, кН м:

Қалпына келтіруші

демпфирленуші

17,95

13,8

22,4

0

21,3

0

724

32,5

603

0

Ескерту: Ж-жақты буксалы торап; П - жетекші буксты торап;

Т-теңескен рессорлы аспа;

Ж-жеке рессорды аспа;

Ф-тербелістерді фрикциялық өшіргіш;

С-тербелістерді сұйықағумен өшіргіш;

-бұрышы-радианмен есептегендегі арбашықтың шанаққа қатысты бұрылу бұрышы.

Тарту электр қозғалтқыштар арбашықпен білікті-тіректі асылу арқылы жалғасқан, яғни ТЭҚ тікелей қос доңғалақтың білігіне сүйенеді. Басқа әдістермен салыстырғанда орталықтың арасындағы қашықтық , яғни зәкірдың білігі мен қос доңғалақтың арасындағы, өте аз болады. Қозғалысы жылдамдығы мен жолдың қатаңдығы артқан сайын ТЭҚ магнитті жүйесінің жоғары вольтты дірілдетуді жылдамдату деңгейі көтеріледі. Осыған байланысты тіректі-білікті тарту жетегі элементтерінің сенімділігін арттыруда, ТЭҚ орталықтан тіреп және рамамен тіреп асуын құруда көлемді жұмыс жүргізілді.

Тарту күшін қос доңғалақтан автотіркеуішке беру тәсілін тіркеу кезінде тарту күші тәуелді болатын тепловоздардың тіркеу салмағын пайдалану коэффициенті анықтайды. Тарту күшінің әсерінен жүктеме тіркеу салмағына қайта бөлінеді де аз жүктелген біліктер тепловозды кертаюға бейімдейді. Жүк тепловоздарында = 07-0,92 коэффициенті тарту күшін беру әдісіне және рессорлы асу құрылысына тәуелді. коэффициентін көтеру үшін төмен түсірілген шүберік, арнайы үстеме жүк артқыштар (екі сатылы рессорлы аспада), көлбеп тарту қолданылады.

Тепловоздардың арбашығын құрылымдық белгілері бойынша тепловоздың экипаж бөлігінің динамикалық, тарту және басқа қасиеттерін анықтаушы топтарға бөлуге болады (6.1. суретті қараңыз).

Бірінші топ арбашығы-үш білікті, жақты тепе-тең рессорлы аспамен, тіректі-білікті тарту жетегімен.Мұндай арбашықтар ТЭ10 және 2ТЭ10Л жүк; ТЭП10, ТЭП10Л жолаушы; ТЭМ2 маневрлік және басқа тепловоздарға қолданады. 6.1. суретте 2ТЭ10Л тепловозының арбашығы көрсетілген. Ол негізгі тораптар: 1 рамадан, 11 тірек-оралу құрылғысынан; 9 шүберік торабынан , 3 рессорлардан, 10 үш ТЭҚ-нан, 5 букс тораптарынан, 6 тежегіш цилиндерлерінен; 7 тежеу иінтірек берілісінен тұрады. Жақты дәнекерленіп құйылған 1 рама қорапшалы қиманың бүйірлерінен, ұштық арқалықтардан, рамааралық бекіткіштерден және шүберік арқалықтан тұрады. Рама күрделі жазық құрылым болып табылады. Әзірлеу технологиясы жоғары қуатты технологияны шоғырландыруды қажет ететіндіктен оны экипаж бөлігінің аса жүктелген торабының бірі ретінде санайды.