Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

5.3.Сурет. 2тэ10м магистарльді тепловозының шанағы:

1-машинистің кабинасы; 2-қондырма, 3, 8,9,10-люктердің қақпағы; 4-есік; 5-дизель-генераторының үстіндегі шанақ;6-мұздатқыш камера; 7-өтпе тамбуры; 11-бұрыштық; 12,15-қаптау табақтары; 13-иінтіректің обносной швеллері; 14-бұранда; 16-аралық төсем; 17-таспа; 18-ішкі жиектеу табағы;19-өзі кесетін шуруп; 20,24-бұрандалық қосылулар; 21-бойлық зиг; 22-реттеуші шайба; 23-кенепті төсем; 25-сыртқы жиектеу тақтайшасы; 26-тақтайша;27-қаптау тақтайшалары; 28- бұрыштық; 29-қаптама.

Тепловоздың иінтірегіне 1 кабинаны орнатар алдында кабина мен қондырманың блогын құрып дәнекерлеу жігімен 2 проставкаға қосады. Кабина мен қондырманың блогы сыртқы контурмен тепловоздың 13 иінтірегінің обносный швеллеріне дәнекерленген, осылайша 6 мұздатқыш камерасына дәнекерленен.

Дизель-генератордың үстіндегі 5 шанақ арнайы 16 төсемдерге (Б-Б киылысуы) орнатылған, олардың жиынтығымен 2 қондырма және 6 мұздатқыш камерасының биіктігімен бірдей шатырдың жоғарғы кескінінің биіктігі қамтамасыз етіледі. 16 төсем тепловоздың иінтірегіне және 5 шанаққа дәнекерленген. Иінтіректің және оған орнатылған шанақтың бөлшектерінің ұзындығының айырмашалығын теңеу үшін (берілгенін есепке ала) 5 шанақтың 6 мұздатқыш камерасымен түйіскен жерінде 5 шанақтың түсірілетін бөлігін алуға арналған 22 реттеу шайбасын орнату ескерілген, төменгі бөлігіндегі саңылауды 28 бұрыштаманы ішінен, 25 тақтайшаны сыртынан дәнекерлеу арқылы жабады. Шанақтың ішінде бұл түйісулер 29 қаптамамен, ал сыртында 27 тақтайшамен жабылған. 5 шанақтың алынбалы бөлігінің жоғарғы жағында 27 тақтайшаның астында шанақ саңылаусыз болуы үшін 23 кенеп төсемдер төселген. 5 шанақтың төменгі бөлігі мен 13 иінтіректің обносный швеллерінің арасындағы саңылауды болырмау үшін 18 құрыш таспасы дәнекерленген. Тепловоз толық құрастырылып болғаннан кейін түйіскен жерлер қаптама тақтайшалармен жабылады.

Шанақ- иілген құрыштан және соғылған профильден дәнекерленген қаңқа, ішінен ол қалыңдығы 1,5-2,5 мм құрыш табақтармен, ал ішінен шанақтың қаңқасына 19 шуруппен бекітілген қалыңдығы 1мм 18 алынбалы құрыш табақтармен жиектелген. Дизель-генераторды орнату және шешіп алу үшін шанақтың жоғарғы бөлігі шатыр мен бүйірдегі қабырғаларды қоса алынбалы болып жасалған. Бүйір қабырғаларының көлденең алынбасы тепловоздың иінтірегінен 1010мм биікте орналоасқан.Шанақтың алынбалы бөлігі 20 бұрандамен бекітілген. Шанақтың шатырында сыртынан қақпақпен жабылатын люктер ескерілген. 8,10 шатырларда аккумулятор батареяларын алу үшін дизель бөлмесінен ашылатын қақпағы бар 9 люк бар. Қызмет көрсетуші құрам шатырға шықпауы үшін люктер төменгі жағынан алынбалы тормен жабдықталған. Торлар құрастыру және бұзу жұмыстары кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізгенде алынады. Люктердің қақпағы резеңке нығыздағышқа қойылады, бұрандалар тартылғаннан кейін олар тығыз жабылатын болады. Шатырдың саңылаусыздығы мен люктердің тығыз жабылуы су құйып тексеріледі, судың ағуына жол берілмейді.

Тепловоздың ішінде орналасқан құралдарды жарықтандыру үшін шанақтың қабырғасында және есікте контуры бойынша резеңке жиекпен нығыздалған, қалыңдығы 5мм шыңдалған тегіс әйнекпен шыныланған терезелер орнатылған. Шанақтың оң және сол жақ қабырғаларындағы екі терезе қайырмалы топсаға орнатылған. Терезе шанақты желдеткен кезде ашылады. Қарлы немесе шаңды боранда қайырмалы есік ашылғанда шанаққа түсетін ауаны сүзу үшін оймаға торлар жиынтығынан таспа орнатылады. Басқа уақытта таспа арнайы жерде мұздатқыш камерасының шахтасының еденінің қалқанының астындағы біліктің төсеміне салынып қойылады. Терезенің рамасында қаңқалы қатырма қағаздан жасалған жарықтан қорғайтын сым тұтқалар ескерілген. Қалқандар мұздатқыш камераның сол жақ қабырғасына бекітілген арнайы қалтаға салынған. Шанақтың бүйір қабырғаларына дизельдің ауа тазартқышының сору арналарына, тарту генераторының суыту желдеткіштеріне және тартым электр қозғалтқыштарына, сондай-ақ жарық номерлерге және аккумулятор бөлігін желдетуге ойма жасалған.

Тепловозға кіретін 4 есік 2 қондырманың сол жақ және оң жақ қабырғаларында ескерілген. Осындай құрылысты есіктер кабинаға (немесе тамбурға) кіруге арналған.

Локомотив бригадалары кез келген секцияға тепловоздан шықпай мұздатқыш камерасының артқы қабырғасындағы, тамбурдың алдыңғы (ортаңғы секциядағы) қабырғасындағы есіктер, және тамбуры бар секцияаралық өтпе алаңдары арқылы өте алады. Барлық есіктер шудан оқшауланған. Есіктің үстіңгі жағында қос шынылы терезе бар. Шанақты шудан оқшаулау үшін сыртқы табақтардың ішкі жақтары қалыңдығы 3 мм кем емес шуға қарсы битумды мастикамен жабылған.

Дизель бөлмесінде және мұздатқыш камерасының шахтасында еден ескерілген. Еденнің қалқандары алынады, төменгі жағында тірек резеңке бәсеңдеткіш орнатылған бедерлі құрыш табақтан жасалған. Қалқан орнатылатын еденнің қаңқасы иінтіректің төсеміне дәнекерленген платиктерге бекітілетін алынабалы тағаннан, сондай-ақ шанақтың жоғарғы бүйіріне, мұздатқышың шахтасына және тепловоздың басқа тораптарына дәнекерленген бұрыштар мен тақтайшалардан жасалаған.

Шанақты желдету. Тепловоз жүріп келе жатқанда қайырылма терезелер мен люктар ашық тұрғанда жақсы табиғи желдету қамтамасыз етіледі. Тұрақтарда және депода қосымша желдеткіш қажет, ол үшін люктің қақпағының бас жағына сығымдағыштың үстіне талаптарға сәйкес дизель бөлмесінде ауаның он бес реттен кем емес ауысуын қамтамасыз етуші желдеткіш орнатылған.

Машинистің кабинасы (5.4. сурет). Бригадаларды, сондай-ақ тепловозды және пойызды жүргізуге қажетті құралдар мен саймандарды орналастыруға арналған. Кабина аэродинамика талаптарын ескеріп қызмет көрсетуші құрамға ыңғайлы және қауіпсіз жұмыс талаптарына сай жасалған. Алдыңғы жағында симметрияға тік осьте прожектор орнатылған, күндізгі құрыш тілмелер бекітілген, күндізгі флюоресциялы эмальмен сырланған құрыш тілмелер бекітілген, тұтқыштар, баспалдақтар, сондай-ақ қызмет көрсетуші құрамға мойынтесік арқалы алдыңғы бункерлерді құммен жарақтауға мүмкіндік беруші аяққа арналған қуыс ескерілген.