Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

5.2. Сурет. 3тэм10м тепловозының соққыш тарту құралдары:

1-тақтайша; 2-тарту қамыты; 3-сіңіру аппараты; 4-тірек тақтасы;5-тіреуіш; 6-тарту қамытының сынасы;7-шынжыр; 8-СА-3 автотіркеме; 9-ортаға келтіру арқалығы; 10- аспалы маятник.

8 автотіркеменің корпусында тіркеу механизмдерінің бөлшектері орналасқан. Корпустың құйрығы бос, соңында 6 жыраға арналған тесік бар. Жегу құрылғысы 8 автотіркемеден тепловоздың рамасына күшпен соғу берілісіне және ол әрекеттерді жұмсартуға арналған. Оның құрамына 4 тірек тақтасы, 3 сіңіру аппараты, 2 тарту қамыты, тарту қамытының 6 жыра кіреді. 8 автотіркеме қысылғанда 4 тақта күшті автотіркеме корпусынан 3 сіңіру аппаратына береді немесе 8 автотіркемені тартқанда белдігін тұтастыру жәшігінің алдыңғы тірегіне береді. 3 сіңіру аппараты пайдалану процесінде 8 автотіркемеге әсер етуші бойлық күштерді жұмсартуға арналған. 2 тарту қамыты тарту күшін 8 автотіркеменің тұрқынан 3 сіңіру аппаратына береді. 6 тарту қамытының сынасы 8 автотіркеменің құйрығын 2 тарту қамытымен қосады, тарту күшін 8 автотіркемеден 2 тарту қамытына береді. Тепловоз белдігінің тұтастыру жәшігінің үсті 4 тірек тақтасына алдыңғы тірек және 3 сіңіру аппартына артқы тірек, сондай-ақ бүйірден бағыттаушы қызметін атқарады. 1 тақтайша 3 сіңіру аппаратымен және 4 тіреу тақтасымен 2 тарту қамытына тірек болады. 1 тақтайша тұтастыру жәшігіне бұрандамен бекітілген.

Локомотивтер энергия сыйымдылығы 55000-65 000Н-м сіңіру аппараттарымен жабдықталады. Маневрлік және сұрыптау жұмыстары кезінде жылдамдықтың өсуіне, сондай-ақ локомотив бригадаларының қауіпсіз жұмыс істеулеріне, апатты соқтығыс жағдайларында құралдардың сақталуына талаптың жоғары болуына байланысты энергия сыйымдылығы аса жоғары сіңіру аппараттары әзірленген: фрикциялы-Ш-2-В энергия сыйымдылығы 65 000-78 000, Ш-4-Г энергия сыйымдылығы 104000Н-м толық жүрісте 160мм, энергия сыйымдылығы 100 000Н-м Га-100м гидрогаздық сіңіру аппараттары.

Ортаға келтіру құрылғысы тіркелген 8 автотіркеменің көлденең жазықтықта ауытқуын шектейді, сондай-ақ олардың ортада орналасуына қамтамасыз етеді. Ол 8 автотіркеменің корпусына және 5 тіреуішке бекітілген екі аспалы маятникке тірек қызметін атқаратын 9 ортаға келтіру арқалығынан тұрады.

Ағыту жетектері автотіркеме механизмін ағытуға және «дүм» жағдайына (тіркеу механизмін сөндіру) қоюға арналған. Ол ағыту иінінен және тіреуіштерді орнататын және қолдайтын 7 тізбектен тұрады. Ағытылған екі иінді иінтірек 7 тізбек арқылы автотіркеменің тіркеу механизмінің білігінің көтергішімен қосылған, ал екінші иін тіркеушіге тұтқа қызметін атқарады. Тіреуіште бастапқы жағдайда және «дүм» жағдайында ағыту иінтірегі айналып бекітіледі. 8 автотіркемені ағыту үшін иінтіректің тұтқасы бекіту тіркеуішінің қобынан жазық жерге шығарылып жоғары көтеріледі де автотіркеме механизмі ағытылған жағдайға келгенше сағат тіліне қарсы бұрылады, содан кейін иінтірек жазық бөлігі қобына кіру үшін тұтқа бастапқы жағдайға қойылады. Нәтижесінде механизм 8 автотіркеме айырылғанға дейін ағытылған жағдайда тұрады. Қабыстырылған 8 автотіркеменің ағытылуы 8 автотіркеменің тұрқысынан тіркеу механизмінің құлыбының белгі беру өсіміне шығуымен анықталады. 8 автотіркеменің механизмін «дүм» жағдайына қою үшін иінтірек ағыту кезіндегідей айналдырылады да иінтірек өзінің жазық жағымен тіреуіштің кішкене сөресіне жатқанға дейін өзінен иінтіректің өзегіне қарай ауыстырылады. Бұл жағдайда ағыту жетегі құлыпты батырылған жағдайда ұстап тұрады, демек 8 автотіркеме тұтасқан жағдайда 3 сіңіру аппараты дүм сияқты жұмыс істейтін болады, ал тіркелу болмайды.

Толық жиналған автотіркеме құрылғысында тарту қамытымен біріккен 8 автотіркеменің басы адамның қолының күшімен аспалы маятникте ортадағы жағдайдан соңғы жағдайға ауытқуы және өз салмағының әсерімен ортадағы жағдайға оралуы қажет.

Масылдарды орнату (5.1. сурет). Тепловозға берілген салмаққа жету және тепловоз секциясының арбашық үсті құрылысының салмағын арбашықтарға таратуды жақсарту үшін тепловоз иінтірегінің секциясының сол және оң жақтарында 2,3 масылдар орнатылған, олардың орналасуы мен салмағы тепловоздың өлшем есебімен олардың түпкілікті орналасуын есепке ала отырып анықталады. Масыл ретінде бекіту тақтайшасы дәнекерленетін бұрыштары құрыштан құйылған сұр құймалар пайдаланылады.

Салмақты екі жаққа теңестіру үшін масылдардың негізгі салмағы иінтіректің сол жағына орналасады. 16 обнос швеллерінде салмағы 12 кг 28 масыл орнатылған. Масыл швеллерге орнықты жағдайға келгенше салынады, одан кейін тақтайшаны швеллердің сөресіне және бұрышқа дәнекерлейді. Аса ауыр және рабайсыз, салмағы 252 кг масылдар 15 жоталы арқалықтың ішкі жағына бекітіледі. Екі жалғастырушы бұрандамен масыл қос тавролы арқалықтың тік сөресіне қысылған және қосымша 12 жоталы арқалықтың күшейту кесіндісіне дәнекерленген. Оң жағында осындай екі масыл бекітілген, орналасуы бойынша олар 25 мм жіңішке, салмақтары 208 кг.

Тепловоздың шанағы(5.3 сурет). Ол бір-біріне біріктірілген екі бөлімнен: 1 машинисің кабинасынан, 2 қондырма (аппарат камераларының үстіндегі шанақтың бөлігі), дизель-генераторының үстіндегі 5 шанақтан, 6 мұздатқыш камерасынан тұрады.