Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

5.1 Сурет. Тэ10м типті магистарльді тепловозының бас тепловозының бас көтеруші рамасының сұлбасы:

1-күшпен соғу құралдары;2,3-масылдар; 4-домкратпен көтеру тіреуіші;5-отын багін бекіту тіреуіші; 6-аккумуляторлар үшін жәшік;7-науа; 8-тұтастыру жәшігі;9-кондуиттер; 10-сығымдау арнасы; 11-бекіту қақпақшасы;12-шүберік шығыршығы; 13-шүберік; 14-үдету белдеуі; 15-жоталы арқалық; 16-обносный швеллер; 17-обечайка; 18-құты, 19-тірек сақинасы; 20-жол тазалағышты бекіту тіреуіші; 21-қосымша масыл; 22-тепловоздың ортаңғы секциясының рамасының алдыңғы бөлігі.

16 обносный швеллер жоталы арқалықпен көлденең дәнекерленген тіреуіштер арқылы байланысқан. Жоталы арқалықтың сырқы жақ бетіндегі раманың ортаңғы бөлігінің оң және сол жағынан 5 екі тіреуіш дәнекерленген, оларға отын багі ілінген. Алдыңғы тіректің орналасқан жерінде (алдыңғы және артқы) тепловоздың шанақ үсті секциясын домкратпен көтеруге 4 төрт тіреуіш дәнекерленген. Әр тіреуіштің астына үстіңгі жағы қорап тәрізді қырлармен күшейтілген 16 обносный швеллерді жоталы арқалықтың төменгі белдеуімен жалғастырушы жуандығы 10 мм еңіс табақтар қойылған. 15 жоталы арқалықтың арасындағы раманың ішкі жағына құрыш құбырлар тәрізді болып келетін 9 кондуит дәнекерленген, олардың ішіне механикалық зақымдардан және майдың тиюінен сақтайтын күш сымдары мен тепловозды басқару тізбесі тартылады. 13 жоталы арқалықтың арасына шанақтың алдыңғы және артқы жағына жеке суытылған ауаны желдеткіштен тарту электр қозғалтқыштарына беру үшін сығымдау арналары да орнатылған. Раманың үстіне және астына құрыш төсем табақтары дәнекерленген. Дизель-генераторды орнату үшін тұғырық қойылған 13 жоталы арқалықтың аралығының ортаңғы бөлігінен басқа жоғарғы төсем раманың үстіне түгел төселген. Раманың асты 15 жоталы арқалықтың аралығындағы төсем табақтарымен жабылған. Дизель жүйесінен раманың төсеміне аққан су мен майдың ағып кетуі үшін дизельдің тұғырығында ағу құбырларын қосу үшін құбыршасы бар 7 екі науа ескерілген. Редукторлар мен сығымдағыштар орнатылған жерде төсем табақтары астыңғы жағынан дәнекерленген швеллермен және бұрыштамалармен күшейтілген. Раманың үстіңгі жағына аккумуляторларды қою үшін 6 жәшік дәнекерленген. Раманың құралмасы мен оның даярлау сапасы дизель жүйесінен өтіп кеткен отын мен майдың тарту қозғалтқыштарына тиюіне жол бермейді.

Бас раманың салмағы онда орналасқан бар құралдармен қоса сегіз резеңке металды тіректер (әр арбашыққа төртеуден) арқылы екі арбашыққа беріледі. Тепловоздың рамасындағы тірек орындары раманың бойлық белдігіне біршама бірдей мөлшерде одан 1067 мм қашықтықта орналасқан.

Қорапша тәрізді дәнекерленген тіреуіштің төменгі табақтарына 19 тірек шығыршықтары дәнекерленген, олардың төрт тіректен тұратын әр тобының үстіңгі беті бір қондырғыдан өңделеді, бұл тіректердің бір жазықтықта орналасуын қамтамасыз етеді. 19 сақинаның үстіңгі жағына 18 құты дәнекерленген, олардың түбі резеңке металды элементтерге тірек қызметін атқарады. Раманың төменгі жағына 13 екі шүберік дәнекерленген, олар жүктемені тікеден қабылдамайды, тек көлденең күшті (тарту, тежеу күші, бүір қысымы) беру қызметін атқарады. Тозуын азайту үшін 13 шүберікке үзік тігісімен сыртқы диаметрі 230 мм ауыстырмалы құрыш сақиналары дәнекерленіп орнатылған.

Соққыш тарту құралдары (5.2. сурет) 3 сіңіру аппаратары, 8 автотіркеме тепловоздың күшпен ұру құралдары болып табылады, олар тепловоздың бойлық білігіндегі раманың алдыңғы және артқы тұтастыру жәшігінде орналасқан. Олар локомотив секцияларының өзара және вагондармен байланысына, пойыз қозғалған және тежелген кезде әрекет етуші бойлық тартым және күш жүктемелерінің берілуіне және жеңілдетілуіне арналған. Автотіркемелер автоматты түрде біріктіріледі, ал оларды тіркеушінің секциялардың арасына кіруінсіз ағыту үшін ағыту тетігі орнатылған. Күшпен тарту құралдары келесі негізгі тораптардан тұрады: СА-3 автотіркемесінен; жегу және ортаға келтіру құрылғысынан; ағыту құрылғысының жетегінен.