Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать
    1. Электрлік тартым берілісін реттеудің ұстанымы және оны дизель жұмысымен келісімдеу

Тепловоздардың электрлік тартым берілісін реттеу жүйесін

екі белгісі бойынша бөлуге болады:

  1. элементтік базасы бойынша: электрмашиналы, аппаратты.

ТЭМ2 және ЧМЭ3 типті тепловоздарда негізі арнаулы конструкцияның қоздырғышы болып табылатын, электрлік тартым берілісін реттеудің электрмашиналы жүйесі қолданылады. 2ТЭ116, 2ТЭ10, М62, ТЭП70, ТЭМ7 тепловоздарында жалпы пайдалануға болатын, арнайы орындалатын жеке тораптар мен аппараттан салынған жүйе, реттеудің аппараттық жүйесі қолданылады. Соңғы уақытта тепловоздар реттеудің электронды және микропроцессорлы жүйесімен жабдықталады. Микропроцессорлы жүйенің аппараттық жүйенің автоматты реттеуінен айырмашылығы сонда, реттеу алгоритмі бағдарламамен орындалады.

  1. әсер ету ұстанымы бойынша: ажыратылған жүйелер және

кері байланыс жүйелері.

Тепловоздарда электр берілісін реттеудің ажыратылған жүйесі қолданылмайды, апаттық режимде электр берілісінің реттеу жүйесін тепловоздардың жіберілген үлесінде ажыратылған деп есептеуге болады. Реттеудің электрмашиналы жүйесі ауытқудың әсері бойынша кері байланыстың жүйесі болып табылады, аталған жағдайда генератор тартымы тогының жүктемесі бойынша. Дизельдің мүмкіндіктерін және тартымдық электр-жабдықтарын толық қолдану үшін, тепловозды басқаруды жеңілдету үшінбарлық қазіргі заманғы тепловоздарда тек жабық реттеу жүйесі қолданылады.

Электрлік тартым берілісінің жабық реттеу жүйесінің салыну ұстанымын толық қарастырамыз, тартым генераторының қуатын дизельдің еркін қуатымен толық келісімдеу қажет болғанда (дизель-генератордың біріктірілген реттеуі деп аталатын). Сонда дизельдің тиімді жүктемесі қамтамасыз етіледі, тепловоз экономикалық режимде жұмыс істейді, дизельдің ресурсы артады.

Дизель-генератордың біріктірілген реттеу ұстанымын жалпы жағдайда келесі түрде елестетуге болады.

4.21 Сурет. Дизельдің жүктеме сипаттамасы:

һр.з – жоғары қысымды отын насосының рейкаларының берілген жағдайы

(CD желісі); Nдиз- дизельдің қуаты(АВ желісі); пдиз-дизельдің иінді білігі-

нің айналу жиілігі

  1. Машинист контроллерімен (МК) дизельдің иінді білігінің

айналу жиілігі wдиз электрмагнитпен, электрпневматикалық вентильмен, сервоэлектрқозғалтқышпен бүкілрежимдік серіппенің (БС) ұзаққа созылуының өзгеруімен беріледі.

  1. Берілген мөлшерді wдиз келісімдеуге сәйкес және айналу

жилігінің өлшенген мәні wос (айналған жүктерімен) дизельдің иінді білігінің айналу жилігінің реттегіші (АЖР) көбейеді және рейкалы механизмге отынның берілуін азайтады һр , дизельдің айналу мезетін өзгертеді Мдиз.

Дизельдің жұмысын аса экономикалық режимде қамтамасыз ету үшін оның жүктеме сипаттамасын белгілі зонада ұстау қажет.4.21. суретте дизельдің жүктеме сипаттамасы және оған жеткізілген отын шығынына тәуелділігі көрсетілген.

Сонымен, дизель жұмысын экономикалық зонада сақтау үшін дизель жүктемесінің АВ (4.21. сурет) желісіне сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін немесе осындай жоғары қысымды отын насосы рейкаларының берілген жағдайына Һрз дизельдің иінді білігінің айналу жиілігіне тәуелділігін пдиз қамтамасыз етеді. Дизельдің кедергісі сәтінде дизельдің өзінде бірінші екі құрамдық жасалған және оның жұмысының қалыпты режимін қамтамасыз ету үшін және тепловоздың басқа көмекші жабдықтарының жұмысын қаматамасыз етуге қажетті. Бұл қосымша жүктемеге шығындар, дизельдің салқындауын қаматамасыз ететін, подшивник бөлшектердің қажалуына кеткен шығындарды, электр машиналарын желдету шығындары, тежегіш компрессордың жетегіне және т.б.кеткен шығындар. Осыдан дизельдің жұмыс нүктесін ұстаудың бір әдісі тиімді жүктеме сипаттамасында генератордың қуатын реттеу болып табылады. (кедергі сәті)

Біріктірілген реттеудің штаттық сызбасында (4.22. сурет) екі элементті бөлуге болады: селективті қуаттың берілген блогы (селективті торап СТ), тоқ анықтағыштары және кернеу Дт және Дн, көптік қондырғы Қ, тахометрикалық блок ТБ және басқа тораптар, 4.22. суретінде көрсетілмеген; коррекция блогы қосылу тораптарынан тұратын, индуктивті анықтағыш ИА, дизельдің реттегішіне қондырғы түрінде қойылған.

Біріншіден, жүйе тепе-теңдікте орналасқан, яғни Мдиз = Мкед . Дизельдің кедергісінің арту сәтінде (мысалы, тежегіш комрессорының жетегінің қосылған кезінде) дизель білігінің айналу жилігі азаяды. Реттегіштің айналу жиілігі РАЖ кірісінде көрсетілмегендіктен, оны жиілігін төмендетуге мәжбүр етеді. Бұл жоғарғы қысымды отын насосының Һр рейкасында ғана жүзеге асады. Сол себептен, дизельдің айналу сәтін көбейте отырып, отынның берілуі өседі.

Бірақ отынның берілуінің көбеюі һр және осыған сәйкес дизельдің сәті рейканың берілген жағдайына һр.з. сәйкес емес, тиімді жүктеме сипаттамсының жағдайынан таңдалып алынған. Бұл сәйкессіздіктің пайда болуын индуктивті анықтағыштың сервоматорының кірісінде (СМ ИА) оның порщенінің жылжуына мәжбүр етеді және осыған сәйкес индуктивті анықтағыштың өзегін белгні төмендеу жағына ығыстырады. Uид. Бұл белгі, тартым генераторы қуатының жалпы тапсырма белгісінің құрамына кіріп,тартым генераторының қуатын азайтады.