Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

4.16 Сурет. Блокты басқару сызбасы:

1 - үйлесімділік тізбектері; 2- түрлендіргіш кернеуі; 3-енді-импульстік

модулятор; 4- бөліп таратқыш тізбектері; 5;6- блокинг-генераторлар;

Uүйлес – үйлесімділік кернеуі; U – басқару кернеуі; Uшығ1, Uшығ2- шығару

импульстары

Айнымалы токтың кіру кернеуі таратқыш трансформатордың орамдарынан үйлесімділік тізбегіне ҮТ беріледі, транзисторлар түрлендіргіштер кернеуін ТК жартылайөткізгішті түзеткіштің күш тізбектерінің қоректендіру кернеуінің жиілігімен үйлесімді іске қосады.

Енді-импульстік модулятор ЕИМ ТК қоректенеді және таратқыш тізбек ТТ арқылы кезекпен берілген ұзақтықтың және кернеудің импульстарын қалыптастыратын БГ1 және БГ2 блокинг-генераторларды өткізеді. Блокинг-генераторлардан импульстар жартылайөткізгішті түзеткішдердің тиристорларының басқару тізбегіне беріледі.

Тепловоздарда қолданылатын электрондық құрылғыға жартылай өткізгішті реленің уақыты жатады,тепловоздың осы және басқа аппараттарында іске қосылу және ажырату кезінде уақытша ұстау үшін қызмет етеді. Май айдайтын насостың контакторын басқару үшін қолданылатын біреуін (4.17 сурет) қарастырайық . Электронды реленің уақытында уақыт ұстамынсыз қайта қосылатын бір түйіспе бар, біреуі тұйықталатын және біреуі уақыт ұстамымен ажыратылатын түйіспе. Реленің құрылымы уақыт ұстамын қабығынсыз қамтамасыз етеді. Уақыт ұстамы қоректендіру кернеуінің берілген сәтінен бастап саналады. Түйіспелерге 1 және 2 кернеу берілген кезде Р1 релесі іске қосылады. Р2 релесі токтан ажыратылған кезде Т триггері осы жағдайға қойылады. Конденсатор кедергі арқылы R заряд алады да, уақытты санау басталады.

Конденсатордағы кернеу тіректің кернеуінің деңгейіне жеткенде, бөлгіштен алынған R1 және R2 кедергідегі Д диод ашылады, генератор импульстары ГИ Т триггердің кірісінен өтеді және оны Р2 релесіне кернеу берілетін жағдайға келтіреді. Р2 релесі іске қосылады және шығу түйіспелерін қайта қосады. Уақыт ұстамы аяқталады. Қоректендіру кернеуін алып тастағанда реле бастапқы қалпына келеді. Уақыт ұстамы кедергі R өлшемінің өзгеруімен сатылы түрде реттеледі.

Шарттылықтың белгіленген дәрежесінде электрондыға жатқызуға болатын құрылғыны қарастырайық , олар тепловоздың әр типінде осы уақытқа дейін қолданылады. Бұл қоздыру амплистаты 2ТЭ10М және М62 типті тепловоздарында тахометрлік блок пен қоздырғыштың қоздыру тогын реттеу үшін керек.

Қоздыру амплистатына ішкі кері байланыспен магниттік күшейткіш енеді. Амплистаттың жұмыс орамдары жеке өзекшеге орнатылған, өйткені олар тізбекті түрде және кездесіп жалғанған, ал басқару орамдары өзекшемен бірге қосылып екіге оралады.

4.17 Сурет. Реленің электронды уақыты:

Р1, Р2- электрмагниттік релелер; Т- триггер; R1, R2- кедергілер;

С1, С2- конденсаторлар; ГИ- генератор импульстары; Д1, Д2- диодтар

Амплистаттың шығу кернеуі түзеткіш арқылы тұрақты токтың қоздырғышының қоздыру орамдарына қосылады. Амплистат қоздырғышының міндеті – басқару белгілерінің күшеюі және кері байланыс пен қоздырғыштың қоздыру тогының осыған сәйкес реттелуі басқару тізбектері мен қоздыру тізбектерінің гальваникалық айырылымын бір уақытта қамтамасыз ету.

Тахометрикалық блок белгі алу үшін қолданылады, дизель білігінің айналу жиілігіне пропорциональ, болашақта тапсырма белгілерін құрастыру үшін, қуатты шектеу үшін, кернеуді және генератор тартымының тогын шектеу үшін пайдаланылады. Қоздырғыштың астынан кернеу трансформатордың бірінші орамасына беріледі. Шығару кернеуінің кіру кернеуінің жиілігіне қатты тәуелді болуын қамтамасыз ету үшін сызбаға қосымша трансформатор енгізілген, өйткені оның бірінші орамы бірінші трансформатордың бірінші орамына сәйкес қосылған, ал екіншісі - бірінші трансформатордың шығару орамына кездесіп қосылған.