Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

4.15 Сурет. Кертайғы блогы:

1-РК-221 релесі; 2-РК-231 релесі; 3-тақта; 4-ажыратылған түйіспе;

5- тұйықталған түйіспе; 6- иінтірек; 7-мойынтұрық; 8-реттегіш серіппе;

9- зәкір; 10- тартатын орауыш

Сондықтан зәкірдің 9 төмендеуі үшін оның орауышындағы токтың аз ғана төмендеуі жеткілікті.

Кертайғы блогы тартымдық электрқозғалтқыштардың қосымша үйектерінің қысқыштарымен байланысқан алтыфазалы түзеткіштің диагоналына қосылады. Реле іске қосылған кезде КР өзінің түйіспелерімен контактор ВВ орамының қоректендіру тізбегін үзеді немесе генератор тартымының қоздырғышының төмендеуіне белгі береді.

4.6. Электрондық құрылғы

Жаңа тепловоздарды жасау кезінде, сондай-ақ күрделі жөндеу кезінде және пайдаланылған тепловоздарды жаңартуда жартылайөткізгішті құрылғы, яғни күштік тораптар мен агрегаттар (сондай-ақ,түзеткіш қондырғылар мен құрал-жабдықтар түрлендіргіштері ), әр түрлі аз қуатты электрондық қондырғылар қолданылады. Көп таралған типтік элементтерді қарастырайық.

Тепловоздарда айнымалы-тұрақты токтың берілуімен бұрамамен бір шкафтан тұратын кремнилі лавалы бұрамада түзеткіш құрылғылар қолданылады. Түзеткіш құрылғының (ТҚ) электрлік сызбасында синхронды генератордан (СГ) қоректенетін статорлық орамдар 30 электрлік градусқа жылжытылған, екі қатар қосылған үшфазалы көпірмен байланысқан құрылғылар кіреді.

2ТЭ116 типті тепловоздардың түзеткіш құрылғыларының негізгі мәліметтері:

Нақтылы қуат, кВт 4200

Нақтылы түзеткіш ток, А 5700

Токтың асқын жүктемесі 5 мин ішінде аспағанда, А 8700

Нақтылы түзеткіш кернеу аспағанда , В 750 Қысқа мерзімді шақтамалы түзеткіш кернеу,В 850

Қоректендіргіш желінің жиілігі, Гц 30-дан133 дейін

Қоректендіргіш генератор кернеуі, В 575/350 Пәк (Кпд) % 99,3

Салқындату ауалы,мәжбүрленген

Габариттер,мм:

биіктігі 1165

ұзындығы 1250

ені 700

Массасы, кг 650

ТҚ құрылымы екіжақты қызмет көрсетуге жіберіледі. ТҚ әр жағында бір үшфазалы көпір орналасқан. Бұрамалар жеке блокқа салқындатқыштармен бірге жиналған. Барлық блоктар алынбалы, бұл ауа арнасын тазартуға және салқындатқыштарды ауыстыруға мүмкіндік береді.

Жартылайөткізгішті блоктардың көптеген саны электрберілісінің сызбасында сүзгіштерді тегістейтін, тізбектерді тұрақтандыратын және т.б. түзеткіш көпір ретінде қолданылады. Осыған тағы мына элементтерді, типі КТБ кремнилі түзеткіш блогын жатқызуға болады. Блоктар жартылайөткізгішті диодтармен жабылған радиатор орнатылған оқшаулағыш тақтадан тұрады. Тақта элементтерімен бірге корпусқа орнатылған алынбалы кассетаның бұрышына бекітілген. Жартылайөткізгішті диодтардан өткізгіштер штепсельді жалғамалар қалыптарының түйіспелеріне жапсырылған сымдармен жүргізілген.

2ТЭ10М, 2ТЭ116, ТЭП70 типті тепловоздарда және т.б. диодтардың салыстырмалы блоктары қолданылады. Блоктың міндеті – тартымдық электрқозғалтқыштардың тепловоздың қатты динамикалық сипаттама сызбасында кертайғы және кертайғы емес жұптардың өте көп белгі беруі. Блоктың құрамына көпірлі алтыфазалы сызба бойынша жалғанған және жалпы жүктемеге қызмет ететін түзеткіштердің наборы кіреді. Блоктың тарқатылатын металл құрылымы түбінен, қақпағынан және екі бекітетін бұрандадан тұрады. Түбіне оқшаулағыш тақта блок диодтарының салыстырмалы сызба әлементтерімен орнатылады. Тепловоздың электр тізбектеріне блоктар штепсельді жалғамаларымен жалғанады.

Тепловоздарда қолданылатын жартылайөткізгішті элементтер арасында мерзім аралық жөндеу жағдайында басқару түзеткіштері (БТТ) орналасады, ол тепловоздың генератор тартымының қоздырғыш орамдарын қоректендіруді басқару үшін арналған. Блоктың құрамына ішіне жартылай басқарылатын түзеткіш пен диод батареяларының зарядтары орналасқан металл шкаф кіреді. Блок алынбалы тұтқасымен бірге есігі құлыппен жабылатын корпустан тұрады. Корпустың ішіне оқшаулағыш тақтаға күшті диодтар мен тиристорлар орнатылған. Диодтар мен тиристорлардың радиаторлары блок корпусының ауалы арнасында орналасқан. БТТ техникалық мәліметтері: түзету кернеуі (орташа) 200 В, түзету тогы (орташа) 220 А. Блоктың қалыпты жұмысы керекті салқындату кезінде ауаның жылдамдығы 10м/с кем болмаған кезде жүзеге асады.

Тепловоздарда жартылай басқарылатын түзеткіштерді басқару үшін импульстарды құрастыруды тиристорлармен басқаруды жүзеге асыратын арнайы басқару блогы қолданылады. Бұл корпус металл корпусына орналасқан екі біртекті секциядан тұрады.Оның сызбасы 4.16 суретте көрсетілген. Блок жалғамалардан: үйлесімділік тізбектерінен 1(ҮТ); жетектегі түрлендіргіш кернеуінен 2 (ТК); енді-импульстік модуляторынан 3 (ЕИМ); бөліп таратқыш тізбектерден 4 (БТТ); блокинг- генераторлардан 5,6 (БГ1, БГ2) тұрады.

Блоктың әрбір секциясы екі тақтадан тұрады. Барлық жартылай өткізгішті элементтер, кедергілер, конденсаторлар мөрлік тақшасында (жоғары тақтада) жиналған, төменгі тақтада магниттік күшейткіштер, блокинг-генераторлардың екі трансформаторы және түзету кернеуінің трансформаторы орнатылған.