Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

4.13 Сурет. Трпу-1 басқару релесі:

1 - тұйықталатын түйіспенің жылжымалы тілімшесі; 2- ажыратылған

түйіспенің жылжымалы тілімшесі; 3- түйіспелердің жылжымайтын тілім-

шесі; 4-траверса; 5- бұрыштама; 6- зәкір; 7- орауыш; 8-өзекше; 9-қапсырма;

10- қаптама; 11-серіппе; 12-бұрандама; 13 - пластмассалы корпус.

4.14 Сурет. Рд – 3010 дифференциальды релесі:

1 - бұрандама; 2- мойынтұрық; 3 – кернеу орауышы; 4,7- өзекшелер;

5- зәкір; 6- магнитті емес напайка; 8- ток орауышы; 9- ось; 10- түйіспе

қысқышы; 11- оқшаулағыш тақта; 12- қаптама; 13- оқшаулағыш қалып;

14- жылжымайтын түйіспелер; 15- жылжымалы түйіспелер; 16- түйіспе

серіппесі; 17- толтырғыш; 18- бұрама; 19, 20 –тіректер; 21- түйіспеұста-

ғыш; 22-бұрамасұқпа; 23- серіппе.

РД-3010 дифференциальды релесі (4.14 сурет) түзеткіш құрылғының немесе генератор тартымының қысқышындағы кернеу мен токтың тәуелділігін электрдвигательдердің тартымының қоздырғыш контакторларының босаңсуынан автоматты түрде басқарады. Реленің магнит жүйесі мойынтұрықтан 2, қапсырма түріндегі өзекшелерден 4,7, осьті 9 айнала бұрылатын, тірекке орнатылған 19 зәкірден 5 тұрады. Зәкір 5 орауыш токтан айырылған кезде серіппемен 23 түйіспеұстағыштардың 21 қатты бұрамасына 18 қысылады. Мойынтұрықтың 2 төменгі бөлігінде кернеулік орауыш, жоғарғысында- токтық 8 орнатылған. Токтық орауышқа 8 генератор тартымының тогына пропорциональ белгі, кернеулік орауышқа 3 генератор тартымының кернеуіне пропорциональ белгі беріледі . Реледе екі рет ажыратылған бір тұйықталған түйіспе, зәкірге орнатылған жылжымалы түйіспелер 15, жылжымайтын түйіспелер 14(оқшаулағыш қалыпта 13) бар. Түйіспе жүйесі мөлдір қаптамамен 12 жабылған. Реле серіппе 23 мен токтық орауыштың 8 қарсы тұратын күшінен кернеулік орауыш 3 тудыратын электрмагниттік күштің әсерінен іске қосылады. Осыған сәйкес кернеулік орауышта 3 токтың азаюы және токтық орауышта 8 токтың көбеюі кезінде белгілі мөлшерге дейін зәкір 5 төмендейді де , түйіспелер тұйықталады.

Ток шамасын шектеу релесі ТЭМ2 маневрлік тепловоздарға орнатылады және генератор тартымының тогын шектеу үшін қызмет етеді. Оқшаулағыш тақтада екі басқышты кедергімен және жоғары қайтарым коэффициентімен электрмагнитті реле орнатылған. Реледе өзекшеге кигізілген кернеулік және токтық екі орауыш бар. Кернеулік орауыш тақтайшаға бекітілген. Токтық орауыш соңы массалы мыс шықпасымен жапсырылған, оқшаулағыш тақтайшаға бекітілген, мыс шинасынан бір орам түрінде жасалған.

Реленің жылжымалы жүйесі магнитті емес тақтайшамен жеңілдетілген иінтіректен және плунжерлі зәкірден тұрады. Реледе қатты екі жақты жылжымалы түйіспе бар.

Түйіспелер жұмысын жеңілдету үшін резисторлар мен екі конденсатордан тұратын доғаөшіргіш нобай қолданылады. Генератор тартымының тогы максимальды кезінде токтық орауышта ток аса үлкен, оның күші серіппеніңкүшін баса отырып, қозғалмайтын осьтің айналасында иінтіректі бұрады, түйіспелерді ажыратады. Реле орауышында токтың қатынасына тәуелді болуына қарай жылжымалы түйіспе ток қоздырғышымен реттелетін, мүмкін жағдайдың бесеуінен біреуін орындайды.

Реле кертайғысы тепловоздардың тартымдық электрқозғалтқыштарын әр түрлі кертайғыдан автоматты түрде қорғауға арналған.

2ТЭ10М, 2ТЭ116 тепловоздарында кертайғы релесі (КР) кертайғы блогы деген аты бар бір блокқа біріктірілген. Кертайғы блогы КБ-320А (4.15 сурет) бұрамасұқпамен бірге бекітілген, тақтайша арқылы өткізілген 3, қаптамамен жабылған РК-221 релесі мен РК-231 релесінен тұрады, реленің қойылуынан кейін және олардың жұмысын тексергеннен кейін пломбамен жабылады. РК-221 релесі ажыратылған магниттік жүйемен орындалған, плунжер типті электрмагнитті аппараттан тұрады.

Тартым зәкірі (плунжер) 9 магнитті емес материалдан бұрылыстағы иінтірекке 6 бекітілген. Реленің түйіспе жүйесінде перекид типті бір ажыратылған 4 және бір тұйықталған 5 түйіспелер бар. Реленің жоғары сезгіштігіне кертайғының бас кезінде іске қосылу үшін қажетті массаның жеңілдеуімен, үйкелістің азаюымен, жылжымалы жүйенің мұқият теңгергіштігімен, сондай-ақ реттегіш серіппенің күшінің азаюымен жетуге болады 8. Зәкірдің 9 дер кезінде төмендеуі реле кертайғысының тоқтауынан кейін тепловоздың тартым күшінің азаюы үлкен болуы үшін қайтарымның жоғары коэффициентімен қамтамасыз етіледі (ажыратылған токтың іске қосылған токқа қатынасы). 0,8- 0,85-ке тең болатын қайтарым коэффициенті, зәкір 9 мен мойынтұрық 7 арасында кішкентай ауалы саңылаумен алынған реле құрылымын магнит ағынынан жалпы ауалы жолдың өтуімен салыстырғанда, реле іске қосылған кезде магнит ағыны соншалықты көбеймейді және ізінше, зәкірдің 9 тартылыс күші де жоғарыламайды.