Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

4.11 Сурет. Топтық электрпневматикалық контакторлар:

  1. электрпневматикалық вентиль; 2-жылжымалы түйіспелердің түйіспе-

ұстағышы; 3-тіреу; 4-ажыратқыш серіппе; 5-жылжымайтын түйіспелер;

6- жылжымалы түйіспелер; 7- серіппе; 8-шток; 9-диафрагма.

450 А-ге есептелген, ал көмекші түйіспелер – 2 А токқа, оларға күш түсіру 1,1- 1,3 Н тең. Топтық электрпневматикалық контактор корпусына электр-пневматикалық вентиль бекітілген жетектен тұрады . Корпустың ішкі көлемі диафрагмамен 9 екіге бөлінеді , төменгісіне электрпневматикалық вентильдің 11 ауасы кіреді, жоғарғысына шток 8 орналасқан, шетіне диафрагма 9 асылған. Штокқа 8 көпір типті жылжымалы түйіспемен 6 түйіспе ұстағыштар 2 бекітілген. Жылжымайтын түйіспелер 5 пластмассалы оқшаулағыш түйіспе ұстағыштар 2 арқылы тірекке 3 орнатылады. Электрпневматикалық вентиль 1 іске қосылғанда ауа диафрагманың 9 астына келеді, иіледі және штокты 8 ығыстырады, ол жоғары жылжиды, жылжымалы түйіспелер 6 жылжымайтын түйіспелермен 5 тұйықталады. Түйіспеге күш түсіру серіппемен 7 жүзеге асады, осы сәтте ажыратқыш серіппе 4 сығылады. Электрпневматикалық вентиль 1 ажыратылған кезде диафрагманың астындағы көлем 9 атмосферамен қосылады және ажыратқыш серіппенің әсерінен 4 шток 8 төмен түседі, ал жылжымалы түйіспелер 6 бұрын тұйықталған тізбекпен тұйықталады.

Тепловоздардың қозғалыс бағытын ауыстыру үшін двигатель тартымының қоздырғыш орамасындағы токтың бағытын өзгертуге реверсорлар қолданылады. Қозғалыстың бағытын өзгерту тепловоз тоқтаған кезде жүзеге асырылады, яғни токтан айырылған тізбекте, сондықтан негізгі түйіспелер реверсорда доғаөшіргішсіз болады. Тепловоздарда реверсорлардың жұдырықшалы және барабанды екі түрі қолданылады.

Тепловоздың электр берілісін дистанционды басқару үшін (қозғалыс бағытының өзгеруі және дизельді-генераторлы құрылымның позиция бойынша қуатын реттеу) машинист контроллері қолданылады. 2ТЭ116, 2ТЭ10М тепловоздарында контроллер штурвалмен бірге және көпір типті түйіспелермен бірге орнатылған. ТЭМ2 тепловоздарында машинистердің көмекшісіз қызмет көрсетуіне арналған контроллерлер электрпневматикалық жетегімен және тұтқасымен орнатылады.

Бұл контроллердің құрылысы мен жұмысын КВ-1552 контроллерінің мысалында қарастырамыз (4.12 сурет).

Контроллердің үстіңгі қақпағы мен корпусының түбі 3 екі бұрышпен өз арасында қатты байланысқан. Корпуста 3 негізгі білік 6 орнатылған, бір жағы түбіне жалғанған, екіншісі қақпақ арқылы өтеді. Біліктің жоғарғы жағында 6 негізгі тұтқа (штурвал) сапталған. Біліктің төменгі бөлігінің квадрат қиылысында пластмасса тығырықтың шеңбер бойынша ойық наборынан тұратын негізгі барабан орналасқан. Біліктің жоғарғы бөлігіне төлкеден және мықты сапталған екі тығырықтан тұратын кері айналым барабаны 4 кигізілген.

4.12 Сурет. Машинист контроллері:

  1. кері айналым тұтқасы; 2- негізгі тұтқа; 3-корпус; 4- кері айналым барабаны; 5- жұдырықшалы тығырықтар; 6- тығырықтармен бірге негізгі білік; 7- түйіспе элементтері; 8,11,15- серіппелер; 9,10- фиксаторлар;

12-қырылдақ (храповик); 13-түйіспе элементінің иінтірегі; 14-түйіспелер

бұрандамалары; 16-жылжымалы түйіспелер; 17-пластмассалы оқшаулағыш.

Кері айналым барабаны 4 негізгі білікте 6 еркін айналады, кері айналым білігінен тартыммен және иінтірекпен беріледі. Кері айналым білігінің жоғарғы жағы қақпақтың астынан жүргізілген .Оған ойығына кері айналым тұтқасы 1 қойылған кері айналым білігінің бастиегі кигізілген. Кері айналым білігінің төменгі жағы контроллер корпусына 3 жылжымайтын болып бекітілген кронштейн саңылауын айналады. Негізгі тұтқада 2 тоғыз түрлі жағдай бар: 8 жұмыс жүрісі мен зая жүріс. Ол негізгі барабанның тығырығын ғана айналдырады және дизель білігінің айналу жиілігін өзгерту үшін қызмет етеді. Негізгі тұтқаның 2 бұрылыс бұрышында нөлдік жағдайдан біріншіге дейін 17о, ал әрбір келесісі – 10о.

Кері айналым тұтқасында 1 үш жағдай бар: “Алға”, “Артқа” және “Бейтарап”. Ол тепловоз жүрісінің бағытын өзгертуге арналған. Кері айналым тұтқаның бұрылыс бұрышы 1 “Бейтараптан” “Алға” немесе “Артқа” жағдайда 30о -қа тең. Барабанның оң және сол жағынан оқшаулағыш тіректер қойылған. Сол жақ тірекке болат тақтайшалар мен күміс тілімшелерден тұратын жылжымайтын түйіспелер 7 бекітілген. Оң жақ тіректің жылжымалы түйіспелері 16 бұрыштамадан және оған топсалы бекітілген иінтіректен 10 тұрады, соңында күміс тілімшелермен түйіспелер бекітілген .

Иінтіректің ортаңғы бөлігінде 10 оське аунақша (ролик) орнатылған. Иінтірек пен 10 серіппенің әсерінен 11 барабанның тығырығы аунақ- шамен қысылады. Жылжымалы түйіспедегі ток бұрыштаманың түйіспе бұрамасынан иіліп байланысады. Негізгі тұтқаның бұрылысы кезінде 2 тығырықтың пішіні бойынша аунақша кері домалайды. Егер аунақша тығырықтың кесілмеген бөлігінде болса, онда түйіспелер ажыратылған және жылжымалы түйіспе 16 серіппемен 15 иінтірекке 10 қысылады. Аунақша иінтіректің 10 тығырығының ойығына түсуі кезінде серіппемен бұрыштамаға қысылады, жылжымалы түйіспе 16 жылжымайтын түйіспемен қосылады және иінтіректен 10 ажырайды. Түйіспеге күш түсіру 16 ысқылайтын серіппемен жүзеге асады. Негізгі барабан түйіспелерінің тізбекті тұйықталуы негізгі тұтқаның орын ауыстыруы кезінде 2 тепловоз сызбасын анықтайтын бір тығырының түйіспесі тек “Алға”жағдайында, ал екіншісі – тек “Артқа” жағдайында тұйықталады. Негізгі барабан әр жағдайда негізгі біліктің 6 қырылдағымен (храповиком) 12 бекітіледі. Қырылдақтың ойымына 12 айналмайтын осьтен бұрылатын екі бекіткішке 9 және 10 бекітілген болат аунақшалар кіреді.

Басқару, қорғау, өлшеу және басқа тізбектерде әр түрлі функцияны орындау үшін реле қолданылады. Бұл құрылғының қалыпты жұмыс режимін бақылайтын және демеп ұстайтын, оның бұзылған жағдайында белгі беретін және электр тізбектерінде автоматты ауыстырып қосуды жүзеге асыратын электр аппараты болып табылады. Оларды әсер ету ұстанымы бойынша (электрмагниттік, механикалық), өлшенетін шамаға үн қатуы бойынша (жермен қосу, майдың қысымы); тағайындау бойынша (басқару, қорғау, автоматика, реле-өлшегіштер, реле- реттеуіштер, арнайы); баланстағылар (өту, кері ток) деп бөлуге болады.

ТРПУ-1 басқару релесі (4.13 сурет) тепловоздарды басқару тізбектерінде қолданылады және қапсырмадан (магнит өткізгіш) 9, орауыш 7 өзекшесімен 8, зәкірден 6,тұйықталған 1 және ажыратылған 2 түйіспелерден тұрады. Орауыш бойынша 7 токтың өтуі кезінде зәкір 6 өзекшеге 8 тартылады және түйіспелер траверс арқылы ажыратылады немесе тұйықталады. Кернеу алынғаннан кейін серіппе 11 зәкірді 6 бастапқы қалпына келтіреді, өйткені тұйықталған түйіспелер 1 ажыратылады. Зәкірдің жүрісі бұрыштамамен 5 шектеледі.