Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

4.7. Сурет. 46тпжн-550 темірникельді сілтілі аккумулятор:

1-тақтайшалар блогы; 2- сыртқа шығарылған өткізгіштер; 3-тығын; 4-сауыттың қақпағы; 5-оқшауландырғын сақина; 6-сауыт; 7-оқшауландырғын төсем; 8-сақина; 9-аша; 10-түйістіргіш планка; 11-тақтайшалар; 12-ажыратқыш; 13-оқшаулындырғын қынап.

Тақтайшалар оларға дәнекерленген түйістіргіш жұқа тақтайшалар 10, тегірмен тартылған өзекше 9 арқылы екі блокқа біріктірілген. Әрбір блокта борна деп аталатын, қақпақтағы тесіктер арқылы сыртқа шығарылған екі өткізгіш бар 2 және одан, электроиттің төгілуін ескертетін винилденген тақтайшалармен және резеңке сақиналармен оқшауландырылған.

Тақтайша блоктары бәктің түбіндегі болаттан жасалған екі қырлы сауытқа қойылады. Көрші аккумуляторлардың ұстатқыштарымен жалғасу үшін сыртқа шығарылған екі өткізгіштің 2 жоғарғы жағында бұрама оймасы және бар. Қақпақтағы құю мойындығы, желөкізгішті ішкі арналары бар қауырсын тығынмен 3 жабылады. Электролит ретінде, аккумулятордың қызмет ету мерзімін ұзартатын литий моногидраты қосылған күйдіргіш калийдің судағы ерітіндісі қолданылады. Аккумулятор батареяларының күш алу және олардың күшінің бәсеңдеу поцестері кезінде электролиттің тығыздығы (1,19-1,21г/см3) өзгермейді. Әрбір аккумуляторға оқшауландырғыш резеңке қынап 13 кигізіледі. Аккумулятор қаңылтыр болаттан жасалған төрт жәшікке орналастырылады, олардан ағаш білеулермен тағы да қосымша оқшауландырылады. Тепловоздарда аккумулятор жәшіктері шанақтың (кузовтың) орта бөлігінде еденнің астында дизельдің екі жағынан орналастырылады. 46ТПЖН-550 аккумулятор батареясының нақты кернеуі 57,5В тең, бәсеңдеу (кідірмелі) тоғын 2700А дейін жеткізуге болады.

Темірникельді аккумулятор батареясына ұзақ мерзімді қызмет ету, жоғары механикалық беріктілік, үлкен күш алу тоғын ұстап тұру қабілеті тән. Оларда қорғасынды аккумулятордағыдай сульфатациялану салдарынан жедел әсер ету қосындыларын істен шығаратын химиялық процестер болмайды. Тепловоздың қорғасынды аккумулятор батареясынан қарағанда темірникельді аккумулятор батареясының салмағы шамамен 1,5 есе көп.

Дизель жіберілгеннен кейін аккумулятор батареясы қосалқы генераторлардан тоқ күшін алады. Тоқ күшінің мөлшері амперметр бойынша бақыланады.

Жоғары сыйымды жинағыштың басты қызметі түйістіргіш бетіндегі аса жоғары саңылаулы көміртегі электродының екі еселенген электр тоғы қабатында тікелей күш жинауға негізделген. Олардағы күштің шұғыл бәсеңдеуінің жинақталған энергиясы мен қуатының тығыздығы басқа конденсаторлар мен аккумулятор батареяларының сәйкес көрсеткіштерімен салыстырғанда асып түседі. Бұндай конденсаторлар қысқа уақыт аралығында (0,1 – ден 10 с-қа дейін) шұғыл энергия бөлу талап етілетін жерлерде пайдалы. Дәл осы қасиеті құрамдастырылған тоқпен от алдыру (электростартер) жүйесін құру кезінде, дизельдік поездар мен тепловоздардың ернеулі аккумулятор батареяларының пайдалану тәртіптемесін жақсарту үшін қолданылған.

Дизель жіберілген мезетте жинағыш желіде күштің бәсеңдеуіне қажетті кернеуді және қуатты қамтамасыз ете отырып, от алдырғыш айналысының негізгі энергетикалық күшін өзіне алады. Жіберілгеннен кейін шамамен 5с аралығында аккумулятор батареясынан немесе өндіргіштен қайтадан күш алады, осыдан кейін қайтадан жұмысқа қосылуға дайын болады. Күш алу мерзімінің сақталуы бірнеше жүздеген сағатқа дейін болған кезде, іске қосу және қайта күш алу циклінің жұмыс саны шектелмейді. Дегенмен жоғарысыйымды жинағыштар пайдалануға қолданған кезде барлық уақытта күтілген нәтижеге сай бола бермейді.