Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

4.3. Сурет. 2 тэ 116 тепловоз ауыспалы тоғының тартым генераторы:

1-білік; 2- сфералық аунақша айналмасы; 3-айналма күпшегі; 4-айналма қақпағы; 5-контакттық сақиналар; 6-қылшақпен қылшақұстағыштар; 7-ротор тұрқы; 8-айналма асты қалқан; 9- тұрғы тұрқы; 10-тұрғы өзекшесі; 11-тұрғы орамы; 12-қышқыш тығырығы; 13-қыры; 14-сақина; 15-ротор үйегінің орауышы; 16-сыртқа өткізгіштер

Тартымды генератор айнымалы тоғының пайдалануында коммутаторды бұзуға ескерту жасау және электроқозғалтқыштағы тұрақты тоғы қуатының шығының азайту үшін түзейткіш қондырғылардағы кернеуді төмендету керек. Сондықтан айнымалы тоқтың тартымды генераторы көпфазалы болып орындалады. Мысалы, 2ТЭ116 тепловоздың үйлесімділік тартымды генераторының тұрғысында екі үшфазалы секцияланған орамдар бар, бұл орамдардың осінің бірі екіншісіне қатысты 30 электр градусына жылжытылған. Генератордың түзейткіш кернеуі тамыр соғуының нәтижесі бойынша және тепловоз күш шынжырының тоғы 5 % аспайды, тартымды электроқозғалтқыш жұмысына пайдасын тигізбейді.

Мысал ретінде айнымалы тоқтың тартымды генераторының орындалуына 2 ТЭ116 тепловоздың үйлесімділік тартымды генератордың құрылысын қарастырайық (4.3. сурет). Дәнекерленген генератор тұрғысының тұрығы 9, онда жуандығы 0,5 мм электротехникалық болаттың парақтарынан тұрғы өзекшесі орнатылған. Тұрғы өзекше ойықтарына мыстың оңашаланған сымдарынан екіқабатты толқынды секцияланған орам жатқызылған.

Тұрғының секцияланған орамы екі жұлдызшамен жалғанған, сондықтан онда алты фаза және екі нөлдік точкіден сыртқа өткізгіш, оларға түзейткіш қондырғылардың сымдары жалғанады.

Генератордың айналғы тұрығы дәнекерленген, оған он екі үйек бекіту үшін болат парағынан магнитсым үйектері орналастырылған. Айналғы үйектердің қысқа тұйықталған орамдары мыстан өндірілген, тізбектілеп қосылған. Генератордың қоздыру секцияланған орамы түйіспе сақиналарына жалғанған. Сақиналардан қылшақ ұстағышта орнатылған электрографиттік қылшатар сырғиды, олардан үйлесімділік тартымды генератордың қоздыру орамы тоқпен қоздырғыштан қорек алады. Генератор жұмысын жақсарту үшін орам пайда болатын, үйек табандықтардың арнайы ойықтарында өзектер жатқызылған. Үйлесімділік генератордың құрылысында коллектор, қосымша үйектер, қүрделі және үлкен қылшақ аппараттары жоқ.

Сондықтан тұрақты тоқ генераторларының қызмет көрсету және жөндеу жұмысының жалпы құны бірмезгілде төмендеуін салыстырғанда айнымалы тоқ тартымды генераторларының пайдалану тұрақтылығы өскен. Дегенмен, түзейткіш қондырғылар мен айнымалы тоқ генераторының салмағы тұрақты тоқ генераторының салмағынан аз.

Тартымды электроқозғалтқыштың механикалық жұмысы зәкірдің жиі айналуы және айналу кезімен сипатталады. Электроқозғалтқыштың айналу кезінде пайда болатын күштер, зәкір тоғының әрекет ету және үйектердің магниттік ағымы нәтижесінде пайда болады. Сондықтан электроқозғалтқыштың айналу кезі зәкір тоғының көлемі мен магниттік ағымға сәйкес. Электроқозғалтқыштың айналу кезеңі айналу кезінде электроқозғалтқыштың білігін билеп алатын, механикалық жүктемеден немесе қарсылық ету кезіне байланысты. Электроқозғалтқыш зәкірінің жиі айналуы кернеуге және магниттік ағымға сәйкес.

Қозғалтқышқа жақындататын қуаттылықтың бөлігі, қозғалтқыштың өзінде механикалық, электрлік және магниттік шығындарға жұмсалады; болат, мыстың электрлік пен магниттік шығындары тоқтан өтетін орам қызуынан, зәкір өзекшесінің қызуынан, құйын тоғы мен магниттан беріледі. Механикалық шығын санына айгөлектегі зәкір үйкелісінің шығыны, ауаға зәкірдің үйкелісі және коллекторге қылшақ үйкелісі жатады. Тепловоз тартымды электрлік қозғалтқыштың пайдалы әрекетінің шамасы 90% асады.

Тепловоздарда аз қашықтық жерінде жоғары тартымды күшін қамтамасыз етуге жақсы бейімделген, қозғалыстың кең диапазон қашықтығы жұмысына тартымды электроқозғалтқыштар қолданылады. Олар бір тепловозда орнатылған қозғалтқыштың әр қайсысының сәйкестігін айыруға және қос доңғалақ бандаж диаметріндегі айырмашылық кезінде әр қозғалтқышқа біркелкі жүктемені таратуға қамтамасыз өтілген. Тартымлы электроқозғалтқыш құрылысының түрін қарастырайық (4.4. сурет).

Тартымды электроқозғалтқыш тепловоздың электрлік шынжырына екі қылшақұстағыш, қылшақ, коллектор табақшалары, зәкірдің орамы және минустік қылшақұстағыштары арқылы қосылады. Ары қарай тоқ қосалқы үйектер орамынан өтеді. Басты үйектер қысқа тұйықталған орамында тепловоз қозғалысының бағытын өзгерту үшін басты үйек орамында ғана тоқ бағытын ауысуын сыртқа өткізгіш бар. Тартымды электроқозғалтқышты суыту үшін арнайы желдеткішпен атмосфералық ауа беріледі.