Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

1.5. Сурет. Клуб-у қауіпсіздік жүйесі экраны:

1- көңіл аудару белгісі; 2- сандық индикатор параметрлер жүйесі; 3-7- басқару клавиатурасы (баспа, нүкте), 8- тепловоздың болымды жылдамдығы және нақты индикаторыы; 9- бағдаршам дабылы.

Мына экранда көп түсті графикалық режимде қозғалыс жылдамдығы (нақты, жол беруге болатын және тиісті), келе жатқан блок-телім мен аралықтағы тұрақты және уақытша шектеулер, кедергілерге дейінгі қашықтық пен олардың түрлері, қозғалыс режимі (тартым, тежеу, жүріп кету), қосалқы локомотив жұмысының режимі (СМЕТ тартымының көп бірлігі жүйесі жағдайында), автожүргізу жүйесінің жұмысы, кесте және т.б. туралы ақпарат көрінеді. Көп терезелі диалогтік режим машиниске кестеге және жылдамдық шектеулеріне өзгертулер енгізуге және қосымша анықтама алуға мүмкіндік береді. Орталық панелдің оң жағында локомотивтік бағдаршамсыз электрлюминесцентті технологиялық экран (1.6-сурет) бар. Экранға локомотив жүйесінің штаттан тыс режимдері туралы авариялық-ескерту ақпараты шығарылады. Диалогтік режимде машинист жабдықтар көрсеткіштерін қарай және графикалық режимде үнемі көзімен бақылап отыру үшін үшеуін тандай алады. Шекті сол жақ панельде қозғалыс кезінде қосалқы жабдықтарды жай басқаратын органдар орналасқан, ал шекті оң жақта – тежеу жүйесінің манометрлері. Құрылғының оң жақ жабық қапталында КЛУБ-У клавиатурасы орналастырылған, сол жағында – микротелефонды тұтқасы бар оперативті басқару радиостанциясының пульті. Машинист көмекшісі жағынан радиостанцияны жай басқару пульті мен қосалқы жабдықтарды жай басқаратын органдар орналастырылған.

Локомотивтің қол режиміндегі қозғалысын басқару, пойызды автоматтандырылған түрде алып жүру басқару пультінен жүзеге асырылады, СМЕТ жүйесіне бұйрық беріледі, дизельді және электр берілісін реттеудің автономды жүйесі үшін бұйрықтар шығарылады. Жабдықтардың жағдайы туралы жиналған мәліметтер қорғаныс және авариялық-ескерту сигнализациясына ақпараттың алмалы жинақтағышына стационарлық диагностикалық жүйеге беру үшін түседі. Оқыс жағдайларда машиниске бұзылуларды жою үшін ұсыныс жасалады. Ал маңыздырақ хабарлар дыбыспен және дауыспен қосылып хабарланады.

1.6. Сурет. Технологиялық дисплей экраны:

1 - судың температурасы; 2 - майдың температурасы; 3 - диалогтан шығу үшін сенсорлық батырмасы; 4 - дизель-өндіргіштіктің қүатын өлшемдерін шақырыс үшін сенсорлық батырмасы; 5 - күшті электр берілісі өлщемдерін шақырыс үшін сенсорлық батырмасы; 6 - електіру жүйесін шақырыс үшін сенсорлық батырмасы; 7 - басқару тізбегін және аккумуляторлық батареяларын шақырыс үшін сенсорлық батырмасы; 8 - тартымдық өндіргіштін кернеу вольтметрі; 9 - локомотивтың секцияларын шақырыс үшін сенсорлық батырмасы; 10 - тартымдық қозғалтқыштардың тоғын өлшейтін амперметрі; 11 - жол светофоры сигналдарын қайталанғыштығы; 12 - электрондық контроллердың жағдай нұсқағышы; 13 - тепловоздың алдында бос жол телімі нұсқағышы.

Барлық электронды қондырғылар өз күйін анықтаумен жабдықталған. Бұдан басқа, процессорлер, олардын қандай бірі істен шыққан кезде бір процессормен басқару және айқасқан бақылау үшін процессор аралық байланысымен қосылған. Сонда жұмыс істеп тұрған процессор экранына қозғалыс қасиеттері және апатты ескертулер туралы ақпарат шығарады.

Моторланған біліктерін тарту күшінің бөлек реттеу жүйесі, 2ТЭ116К тепловозын жаңғырту кезінде, ауыспалы-тұрақты тоқ берілісті тепловоздарда қолданылған. Тіркес қасиеті төмен рельстік жол телімінде жұмыс істеген кезде тепловоздын тарту қасиетінін жоғарлауы – жүйесінін негізгі міндеті. Әр тартым қозғалтқышында кернеуді реттеу үшін тепловозда УВКТ5 түзеткіш қондырғынын орнына, МТПП-300 модулін орнатады. Әр доңғалақ жұбынын буксасында бұрышты жиілік датчиктері орнатылған. Сырғанау доңғалақ жұптарынын бұрыштық жылдамдық айырымы бойынша, ал барлық моторланған белдіктердін бір уақытта кері таю бұрыштық жылдамдатуы бойынша анықталады. Жанама қуатын толық пайдалануы тартым генераторынын қоздырғышын және тартым электрқозғалтқышта кернеуді реттеуімен жүзеге асырылады. Реттеудін микропроцессорлық жүйесі тартым білігтерінін арасына кері таю доңғалақ жұбынын артық сырғанауы берілгеннен аспауы үшін тарту күшін қайта реттейді. Кері таюшы доңғалақ жұптарынан алынған жанама күші кері таймайтын доңғалақ жұбына реттеледі, сонымен тепловоздын жалпы өркенделген тартым күшін сақтайды. Бұл жүйе доңғалақпен рельстін тіркесін 10 – 15 % жақсартады.

Жаңартылған ТЭМ2 және ЧМЭ3 маневрлік тепловоздарынын машинист кабинасында жаңа басқару пульті орнатылған, магистральді тепловозындағы жүйемен бірдей. Онда жарақатқа қауіпсіз маңдайлық айнек, күн сәулесінен қорғайтын жалюзи, бүйір айнектерінде экрандар, су шашушылар, бүйір көрінісіндегі үлкен айнектер орнатылған.

Болашақты локомотивтерге қойлатын талаптары ескерілген ТЭП70А (ТЭП70БС) жолаушылар тепловозы – (1.7. сур.) ТЭП70 сериялы тепловозын жаңғыртуы.

ТЭП70А тепловозында жаңа тораптар қолданылады:

  • Жөндеу мерзімі ұзартылған және май мен отын шығыны төмендетілген 2А-9ДГ-01(4) дизель – генераторы;

  • Поезд вагондарынын энергиямен жабдықтау жүйесі;

  • (МСУТ) күйанықтау және басқару жетілген микропроцессорлық жүйесі;

  • Жылутасымалдағыш температурасын автоматикалық реттегіш құрама жүйесі;

  • Пластмастан жасалған күрегі мен коллекторы бар, жұмыс қысымы 160 кг/см2 жетекті гидромашинадан салқындату қондырғынын 1 жоғары тиімді желдеткіші;

  • 5 дизельдін екі сатылы ауатазартқышы;

  • Электржылытумен жоғары қауіпсіз жоғары берікті маңдайлық және бүйір айнектері;

  • Электржетегі бар пантограф типті әйнек тазартқышы;

  • КЛУБ-У кешенді қауіпсіз қондырғысы;

  • Жақсартылған қызмет көрсетумен 10 жаңа басқару пульті;

  • Жал майлаушы;

  • жетілген тораптардын құрылымы бар11 арбашық;

  • Машинист кабинасынын 9 кондиционері.

Маңдайлық бөлік пішінін өзгертіліп, дәнекерленген болатты қаптамамен, күш

құрылымына қосылған, түзу жасалған шанақ қанқасы.

Салқындатқышты тым тығыз құбыр шоғымен енгізгеннен үрлеулі ауанын салқындату жоғары деңгейі жану камера бөлшектерінін жылу кернеуі төмендеуіне және пайдаланған газ улағышын азайуына әкелді.

Отындық сорғыны жаңарту кезінде плунжер жылдамдығы 1,8-ден 2,23 м/с дейін өсті. Отынды цилиндрға беру циклі 1,6-дан 2 г/цикл көбейді, отынды цилиндрға жіберу барынша қысымы 1150-1200 кг/см2 дейін жоғарлады, ол отынын үлесті шығынын 208-ден 198 г/кВт дейін және осы жүйедегі қалдықты май үлесті шығынын 1,22-ден 0,82 г/кВт дейін төмендетті.

Дизельді пайдалану көрсеткіштерін жақсарту үшін цилиндрдін қақпағы мен блогін қосу оқшаулауын жақсартатын, силиконды резинадан жасалған нығыздау сақинасы қолданылған, сығымдау құбырынын кіріс келтекқұбырында шуды төмендеткіш орнатылған, сыртқы шу деңгейін төмендетіп толық қуаты 8-10 дБ жұмыс істеген кезде, жұмыстын медеуін көтеретін, сығымдау құбырынын демпферлі мойынтіректер қолданылған.

Ауыспалы тоқтын ГСТ 2800-1000 тарту генераторы АСТМ 2800/600-1000 бір корпусты тарту агрегатымен ауыстырылған, ол қуаты 2750 кВт тарту генераторынан және үш орамасы бар қосалқы генераторынан құралған. Олардын екеуі (жиынтық қуаты 600кВт) поезд вагонынын электр жылыту тізбегінің тұрақты тоқ 3000В кернеуінен қоректенеді және түзеткіш белдігі арқылы реттілкті қосылған. Түзеткіш тоғынын бүлкілдеу әсерін азайту үшін СЦБ тізбектерінде LC-сүзгілері орнатылған. Қосалқы (171 кВт, 400В) генератордын үшінші орамасы тартымдық қозу тізбегін қоректендіру және қосалқы генераторлары үшін пайдаланады, МСУ-Т микропроцессорлық жүйемен басқарылатын, олардын қозу орамасына тоқ үш фазды белдік арқылы беріледі.