Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

2.56 Сурет. K6s310dr дизелінің жұмыс клапаны:

1-цилиндр қақпағы; 2,3-сыртқы және ішкі серіппе; 4-сухарь; 5-кіргізу (шығару) клапаны; 6-тоқтату сақинасы; 7,8-құрыш және резеңке сақина; 9,10-жоғарғы және төменгі тарелкалар; 11-бағыттағыш төлкелер; а,б,г-тарелка, өзек және клапанның құлып жағы; в-арнаша.

K6S310DR дизелінің жұмыс клапандарының құрылысына назар аударайық (2.56 сурет). Әрбір цилиндрлік қақпақта, арнайы ыстыққа төзімді құрыштан соғылған екі шығару 5 клапаны және екі кіргізу клапаны орнатылған. Барлық клапандардың құрылымы мен көлемдері бірдей, шойын бағыттағыш 11 төлкеде 0,1-0,25 мм саңылаумен орын алмастырады. Әрбір клапанның жүрісі 25 мм.

Клапан а тарелкасынан, б өзегінен және г құлыптың жоғарғы жағынан тұрады. Тарелка 45˚ бұрышпен орындалған фаскамен цилиндр қақпағының конусты жонбасына жанасқан. Жанасу белдікшесінің ені 3-4 мм. Тарелкалардың бүйірлерінде, клапанның қақпаққа жанасуы үшін, М6 оймасы бар екі тұйық тесік бұрғыланған. Әрбір клапан ұяға, хромванадийдан жасалған, ажарланған екі серіппемен жабысқан. 2 сыртқы серіппеде – 7,25 орам, ал ішкісінде – 3-10 орам, оның үстіне орамдардың бағыттары қарама-қарсы. Серіппелер екі тарелка арасына орнатылған.

Төменгі тарелка 10 1 цилиндр қақпағының жонбасына кіреді және 11 бағыттаушы төлкенің сақиналық ернеуіне тіреледі, ал 9 жоғарғы тарелка клапанның құлып жағында кеспелі конусты сухармен бекітілген. Сухарды клапанға қою үшін бунау жасалған, оның астында ені 1,3 мм арнаша жонылған. Оған құрыш қима сақина орнатылады, ол клапанды цилиндрға түсіп кетуден (мысалы, серіппе сынған жағдайда) сақтайды және клапанды ыңғайлы орнатуда пайдаланылады.

Клапанды цилиндр қақпағына орнатуда, 9 тарелкаға 5 клапанды кигізу үшін, 2 және 3 серіппелер алдын-ала сығылады. 4 Сухарды орнына қойғаннан кейін 2 және 3 серіппелер сығудан босатылады. Екі серіппенің әсерінен 9 тарелка 4 конусты сухарды қысады және клапанда орнықтырады. Клапан жұмысы кезіндегі шуды азайту және 5 клапан 6 өзегімен майдың ағуын шектеу үшін, 4 сухарь төбесіне 7 құрыш және 8 резеңке сақиналар қойылады, олар тарелкалардың 6 сақиналық бунауында орнатылған, сақиналармен тежеледі.

Дизель клапандарына қойылатын басты талап: ауаның кіруі және газдың шығуына ең жақсы жағдайлар жасау. Егер ауа кіргізу кезінде, бір клапаннан өтуде, үлкен кедергі сезсе, онда цилиндрдегі ауа заряды мен қысым сығымдаудың басында төмендейді, бұл жұмыс сапасына кері әсерін тигізеді. Шығыру кезінде, шығару клапанының өтпелік қимасы аз болса, цилиндр пайдаланылған газдардан тазарып үлгірмейді. Міне, сондықтан клапанының өтпелік қимасы мүмкіншіліктері жоғары болып жасалған. Бұл мақсат екі клапанды орнатқанда жүзеге асырылады. Тек бір шығару клапанының диаметрін ұлғайтсақ, онда мұндай жағдайда клапан тарелкасының температурасы жоғарылайды, өйткені жылу шығу жағдайлары нашарлайды, яғни клапан тарелкасының термоқарсыластығы жоғарылайды. Кейбір тепловоз дизелдерінде бір цилиндр қақпағына алты клапан салады: үш кіргізуші және үш шығарушы. Алайда, бір кіргізуші және бір шығарушы клапандары бар дизелдер де кездеседі.

Клапандар қатты қызу жағдайларында тұрады (600-700˚С-қа дейін). Әсіресе шығару клапандары қатты қызады, өйткені олар қолданылған газдармен жуылады. Сондықтан бұл клапандар ыстыққа төзімді құрыштан әзірленеді.

Жабық клапанда оның қақпақшасы мен клапанды жылжытушы иінтірек соққышы арасында шағын саңылау қалдырылады, ол қызу кезінде қауіпті майысуды болдырмау үшін, дизелдің суық күйінде 0,4-0,5 мм-ге тең. Саңылау үлкен болған жағдайда, соққыш клапан қақпақшасына қатты соғылады, бұл жетек бөлшектерінің тез тозуына алып келеді.

11Д45, Д49 дизелдерінде саңылаудың жетек бөлшектерінің температурасына қатысты, саңылаудың қажетті көлемін ерекше құрылғы автоматты түрде ұстап тұрады, ол – газтаратушы механизмнің жұмысында шуды азайтатын, гидроитергіш. Гидроитергіштің жұмысшы денесі ретінде, дизелдің май жүйесінен қайтпайтын клапан арқылы ағатын, май қызмет етеді. Гидроитергіш клапан механизмі бөлшектерінің жылумен кеңеюі кезінде қалыңдығы автоматты түрде өзгеретін, иінтірек пен клапанның арасында май қабатын құру жолымен клапанды механизмнің саңылаусыз жұмысын қамтамасыз етеді.