Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

2.54 Сурет. Д49 типті дизелдің газтаратушы механизмі бар арнаша:

1,2-арнаша корпусы; 3,4-иінтіректер; 5-жетек төлкесі; 6-редукциялық клапан; 7-штифт; 8-таянышты айналма; 9-тарату білігі; 10,11-штангалар; 12-иінтірек осі; 13-бұранда; 14-иінтірек ролигі; 15-ролик осі; а-әйнек; б-арнаша ернемегі; в;г;д;е;к;л-арналар; и-қуыс; м-арнаша.

Дизель жүйесінен механизмді майлау үшін, май құбырмен редукциялық клапан арқылы орталық арнашаға түседі. К арнасынан е арнасымен май тарату білігі айналмаларын майлау үшін, г арнасымен – тарату білігі жетегін майлау үшін, л арнасымен-отын сорғыларының итергіштерін майлау үшін, г арнасымен – тарату білігі жетегін және тарту генераторын суыту желдеткішін майлау үшін, 13 бұранда мен арнаша арасындағы саңылаумен, м арнашасымен, 12 осьтегі каналмен, 3 және 4 иінтіректегі арнамен - клапан жетектері механизмінің бөлшектерінің барлық үйкелетін жағын майлау үшін түседі. Штангадағы 10 және 11 арналар бойынша май су итергіштері мен цилиндр қақпағының бөлшектерін майлау үшін келіп түседі. Арнашадан май цилиндр қақпағындағы а әйнегі арқылы, әрі қарай дизель картеріне ағады.

Арнашаға түсетін май саны редукциялық клапанмен 6 реттеледі. Редукциялық клапан 6 өтпелі қимасының ауданы, аршаға келіп түсетін май саны автоматты түрде реттеледі. Серіппе әсері мен клапанға түсетін май қысымынан клапан жылжиды. Клапан арқылы аққан май д арнасымен арнаша ағады.

Д49 типті дизелдің тарату білігі (2.55 сурет) 8 білікке престелген 7 тісті төлкелер арқылы иінді біліктен айналуға түседі. 7 төлке тіректі-таянышты, ал 12 төлкелер 8 біліктің тіректі мойнағын құрайды. 2 кіргізуші, 3 шығарушы 12 төлкелер және 4 отындық 4 жұдырықшалық тығырықтар, 8 білікте 8 сомынмен және 5 қима сомынмен бекітілген екі бөліктен тұрады. 9 кілтек күш элементі болып саналмайды, ол біліктегі тығырықтардың жайын орнықтырады. Күш тығырықтары мен сомындардың конусты жағымен 8 біліктегі тығырықтарды қысу есебінен болатын үйкелесу күштерімен беріледі. 8 білік қоспалы құрыштан әзірленген, жылумен өңделген, 11 төлкелер - қоспалы құрыштан әзірленген және тозуға беріктігін көтеру үшін азотталған. Тығырықтар мен роликтердің жұмыс жақтары цементтелген және шынықтырылған. Тығырық жұбы-роликтің түйіспелік беріктігін көтеру үшін, роликтердің жұмыс жағы күбі тәрізді болып жасалған. Тарату білігі мен жалпы механизмнің құрылымы жұдырықшалық тығырықтарды арнашадан әйнектер арқылы білік ойығысыз ауысуына жол бермейді.

2.55 Сурет. Д49 типті дизелдің тарату білігі:

1,5-сомындар; 2-кіргізу жұдырығы; 4-отын жұдырығы; 6-сым; 7-жетек төлкесі; 8-білік; 9-кілтек; 10-айналма; 11,12-тіреу төлкелері

Төлке тығырықтарының жартысы 11 және білік айналмалары 10 бір реттік нөмірмен белгіленеді. Оларды тек жинағымен ауыстыруға болады. Сомындарды тартқаннан кейін, білікке тығырықтар мен төлкелерді орнатқаннан кейін, түйіспедегі саңылауды (0,03мм кем емес) бақылау қажет, бұл біліктегі төлкелер мен тығырықты тартудың талап етілген дәрежесін қамтамасыз етудің бірден-бір шарты болып табылады.

Механизм жетектері дизелдің әр түрлі механизмдерінің иінді біліктен қажетті айналу жиілігімен айналуға келтіреді. Жетектердің барлық құрылғылары цилиндр блок бүйірінде корпустың тербеліс айналмасы бар арнайы тісті берілістерді білдіреді. Осьті бағыттағы жетектер көлемін азайту үшін, цементтелген қоспалы құрыштан жасалған және тістің жұмыс жағы шыңдалған, тіктісті цилиндрлік тістегершіктер пайдаланылған.

Тіс ойықтары шыңдалғаннан кейін, майысуға беріктілігін жоғарылату үшін өңделмейді. Жетектер жеке тісті берілістер түрінде жасалған, өйткені оларды жөндеу қажетті тексерулермен және дизель түбінде реттеумен жүргізілуі тиіс, оның үстіне бір торап айдап әкелусіз ауыстырылуы мүмкін.

Түрлі модификациялы дизелдердің тарату біліктерінің жетектері қуатын талдау ернемегі жағындағы цилиндр блоктарының бүйірінде орнатылған. Олардан, тарату білігінен басқалардан, айналу жиілігінің реттегіші, шектеуші сөндіргіш, дизель білігінің айналу жиілігін өлшеу тахометрлері, тарту генераторының желдеткіші, стартер-генератор, тарту генераторының қозғаушысы қимылға келтіріледі.

Серпін күші клапанның жабылу учаскесінде роликті, онымен бірге газтаратушы механизмнің басқа да бөлшектерін жұдырықшаның үстінен жұлып алуға тырысады. Сондықтан жұдырықша мен клапанның тығыз байланысын қамтамасыз ету, яғни жетек бөлшектерінің соққысыз жұмысын, клапанның жұдырықшаның кейіпіне сәйкес жабылуы және серпін күштерін жеңу үшін, клапан өзектеріне екі серіппеден (үлкен диаметрімен сыртқы және кіші диаметрімен ішкі) қойылады.

Дизелдің қалыпты жұмысы үшін, цилиндрлерде отынның жануы кезінде газдар шықпайтындай және сығу кезінде ауа шықпайтындай, әрбір клапан жабық күйінде өзінің отырған жеріне тығыз жабысуы қажет. Сол үшін клапан мен цилиндр қақпағындағы отыру орны мұқият өңделеді және оларға арнайы пасталар жағады.