Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

2.46. Сурет. Құрама антидірілдеткіш:

1-күпшек; 2-саусақ; 3-маятник (жүк); 4-қақпақ; 5-корпус; 6-маховик.

Сондай-ақ K6S310DR дизелінде маятникті 0-835 айн/мин антидірілдеткіш орнатылған, соның салдарынан дизель иінді білігінің айналу жиілігі диапазонында, иінді білікке резонанс қауіп төндірмейді. Біліктің айналу жиілігінің осы қатардағы үш түрінде, ұйытқыту күші әрекетінің жиілілігі иінді біліктің меншікті тербелістерінен бірнеше сан есе кем, яғни ұйытқыту күші әрекетінің басталуы біліктің бұрау тербелістері кезеңінің басталуына дәл келеді. Иінді білік бұрау тербелістерінің амплитудасы осындай күштің әсерінен жоғарылайды, бұл біліктің қажуынан бұзылуына әкеледі. Осындай қауіпті бұрау тербелістерін сөндіру үшін, иінді біліктің алдағы ұшына орналасқан антидірілдеткіш қызмет етеді.

Антидірілдеткіш салмақ түсетін дисктен 3 және дискке саусақтармен 2 еркін ілінген төрт маятниктен 1 тұрады. Салмақ түсетін диск он бес бұрандамен 10 иінді біліктің 5 алғы ернемегіне бекітілген. Маятник бүйір жақтарына дәнекерленген өзара өзек пен қондырманың (проставка) арасында қосылған, қалыңдығы 34 мм екі құрыш бүйірден әзірленген. Әрбір маятниктің салмағы 17,6 кг.

Маятниктер бүйірлерінде және салмақ түсетін дискте диаметрі 72 мм тесіктер жасалған, олар құрыш ауысымды төлкелермен 7 престелген және 8 ішкі диаметрі 60 мм. 7 және 8 төлкелер престеу кезінде борттарымен салмақ түсетін диск пен бүйірлік бунауына тіреледі. Салмақ түсетін дисктерге төлке кезекпен бір жағынан және екінші жағынан престеледі. Олар төлкелердің үстінен жонылған жырашаларға кіретін сақиналармен қосымша тежеледі.

Маятниктер ілінген 2 құрыш саусақтар 7 және 8 төлкелер арқылы еркін өтеді. Саусақтардың біліктік тасымалдануы бүйір бунауларына кіретін және он екі М8 бұрандасымен бекітілген қақпақтармен шектеледі. Саусақтар диаметрі төлкенің ішкі диаметрінен кем.

K6S310DR дизелі білігінің айналу жиілігінің үш түрінде қауіпті бұрау тербелістері пайда болғандықтан, төрт маятниктен екеуі бірдей жиілікке келтіріледі; сол үшін оларды диаметралды және қарама-қарсы диаметрі бірдей 53,75 мм саусақтарда салмақ түсетін дискке іледі. Антидірілдеткіш төлкелері мен саусақтары маймен майланады, май сорғы жетектері тегершіктерін майлау үшін, төменгі май коллекторынан келіп түседі.

Қауіпті бұрау тербелістері болмаған жағдайда маятниктер тербелмейді, маховик тәрізді салмақ түсуші дискпен бірлесіп айналады. Иінді біліктің ұйытқытушы күш және қауіпті бұрау тербелістері пайда болатын айналым жиілігінде, осы жиілікке келтірілген маятник шайқала бастайды және иінді білік тербелісін сөндіре бастайды, оның меншікті жиілігі ұйытқытушы күш әрекетінің жиілігіне тең.

2.47. Сурет. Антидірілдеткіш:

1-маятник; 2-саусақ; 3-салмақ түсетін диск; 4-бірінші негізгі айналманың тірегі; 5-иінді білік; 6-бірінші иінді білік қақпағы; 7 және 8-төлкелер; 9-қақпақ; 10-бұранда; а-өзек; б-қондырма; в-бүйір.

2.5. Дизелді үрлеу жүйелері

2.1. тармағында үрлеумен дизелдің қуатын көтеру принциптерін қарастырдық. 10Д100 дизель цилиндрінде жаңа ауа зарядын беру үшін, екі сатылы үрлеу жүйесі қолданылады. Бірінші саты екі ТК34Н-04С типті жеке турбосығымдағыштан, ал екіншісі редукторы бар жетекті ауаүрлегіштен тұрады. Үрлеу жүйесіне сондай-ақ екі ауасуытқыш және ауа құбыржолдары кіреді. Атмосфералық ауа ауатазартқыштар арқылы турбосығымдағыштармен жұтылады және қысым астында дизелдің екі жағында орналасқан, құбыржолдар бойынша ауаүрлегішке беріледі, бұл жерде ауа қосымша сығымдалады және ауасуытқыштар арқылы ауа ресиверіне, әрі қарай дизель цилиндрлеріне түседі.

Турбосығымдағыш жұмысының принциптерін қарастырайық (2.48 сурет).

Жұмыста қолданылған газдар қозғалтқыш цилиндрлеріне шығару жинақтары арқылы 13 газ қабылдау корпусының арналарына және әрі қарай 12 саптама аппаратурасына түседі. Саптама аппаратынан өте, газдар кеңееді, қажетті бағыт пен жоғарғы жылдамдық алады, жұмыс доңғалағы күрегіне өз энергиясын бере отырып, бағытталады. Турбинаның күректік тәжісінен, газдар шығару корпусы арқылы атмосферада жойылады. Ротордың айналуы кезінде сығымдағыш корпусының кіру арналарымен атмосферадан сығымдағыш доңғалағына сорылады, онда оған кинетикалық энергия беріледі, ортадан тепкіш күштер есебінен ауа қысымы жоғарылайды. Сығымдағыш доңғалағынан кейін, ауа диффузорға 4 өтеді және сығымдағы корпусының спиральді арнасына (қаптама) 1 түседі. Диффузор мен спиральді арнада ауаның кинетикалық энергиясы потенциялдыға айналады, яғни жылдамдықтың азаюы есебінен қысымның келесі көтерілуі жүз береді.

Сығымдағыштан ауа кіргізу жинағышымен жетек ауаүрлегішіне және әрі қарай ауатазартқыштан кейін дизель цилиндрлеріне беріледі.