Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

2.44. Сурет. Маятникті жүктерді ілу сұлбасы:

1-саусақ, 2-маятникті жүк, 3- диск.

Д100 типті дизелдердің иінді біліктерінің маятниктік антидірілдеткішінде екі нүктелік ілініс қолданылған (2.44 сурет). Антидірілдеткіш резонансты жоюға біліктің төрт сынды айналу жиілігінде икемденеді, дәлірек: 470,550,825 және 1100 айн/мин. Сондықтан оның сектор тәріздес жүктерінің төрт жұбы антидірілдеткіш күпшегіне сүйенетін саусақтарға ілінген. Күпшек төменгі біліктің алдағы ұшымен қатты қосылған, күпшектегі және жүктердегі тесіктердің диаметрі саусақ диаметрінен артық. Сондықтан жүктер, маятниктерге ұқсап төменгі біліктердің икемденген белгілі жиілілікті бұрау тербелістері пайда болғанда, саусақтарда ауытқып тұрады.

Құрыш күпшек тесігіне 1 еркін (саңылауымен) он алты саусақ салынған, 2,4,5 және 6 тоқтату тақтайшасымен біліктік бағытта шектелген. (2.45 суретті қараңыз) Саусақтарға, сондай-ақ екі қатар сегіз біркелкі жүк 3 орнатылған. Күпшіктің жартылай осінде кілтекте 7 агрегаттар жетегінің тістегеріші орнатылған.

Антидірілдеткіш саусақтарының топтамасы тек сыртқы диаметрімен ерекшеленетін төрт типті саусақтан тұрады. Саусақтар диаметрі дизель иінді білігінің меншікті жиілігіне қарағанда, антидірілдеткішті бұрау тербелістері жиілігінің белгілі тәртібіне бағыттайды.

Бір күйге келтіру тәртібіндегі саусақтар саны - 4. Күпшіктердің А және Б шеткі дискінің сыртқы цилиндрлік жазықтығына күпшік тесіктерінде саусақтарды дұрыс орнатуды қамтамасыз ету үшін, әрбір тесіктің қарама-қарсысына сол саусақтың типіне сәйкес келетін және осы тесікке орнатылатын 3,4,6 және 7 сандары жазылған, саусақ бүйірлерінде сондай-ақ саусақ типіне сәйкес келетін сандар жазылған. Иінді біліктің бұру тербелістері саусақтар мен күпшігі бар жүктердің мүшеленуіндегі саңылау шегінде антидірілдеткіштің маятникті жүгінің тербелісін тудырады. Д49 типті дизелде силиконды демпфер мен маятникті антидірілдеткіштен тұратын силиконды демпфер және құрама агрегат қолданылады. Құрылымы және қызметі жөнінен 10Д100 дизель иінді біліктерінің антидірілдеткішіне ұқсас.

2.45. Сурет. Антидірілдеткіш:

1-күпшік; 2,4,5,6-саусақтар; 3-жүк; 7-кілтек, 3,4,6,7 дөңгелектердегі сандар-таңбалар; А және Б-дискілер

Силиконды демпфердің герметикалық корпусында еркін айналатын тегершік бар, ол иінді біліктің ұшына бекітілген. Корпус пен тегершік арасында жабысқақ қабілеті бар силиконды сұйықтық бар. Иінді біліктің біркелкі айналу кезінде, сұйықтықтағы үйкелесу күштерінің әсерінен тегершік білікпен бірге бірдей айналу жиілігіне шығады. Иінді біліктің пайда болатын бұрау тербелістерінің энергиясы корпусқа беріледі, корпус арасында және тегершіктің серпінді салмағы арасында пайда болатын жабысқақ үйкелесуде сіңіріледі.

Құрама антидірілдеткіш 2.46 суретте көрсетілген. Саусақтардағы антидірілдеткіш күпшегінің тесігінде алты маятник (жүк) ілінген, олардың төртеуі антидірілдеткіштің гармоникаға 2,5 мөлшерде және екеуі гармоникаға 3,5 мөлшерде бейімделуін қажет етеді. Антидірілдеткіш бөлшектерін майлау үшін, май иінді білік қуысынан түседі. Жабысып үйкелу демпфері 6 маховиктен, 4 қақпақты 5 корпустан тұрады. Маховик пен корпус арасындағы кеңістік жоғары жабысқақты силиконды сұйықтықпен толтырылады.

Қуаты 2200 кВт және одан жоғары дизелдерде аса күрделі құрама антидірілдеткіштерді пайдалану құрылымы жағынан тиімді, өйткені бұрау тербелістерінен кернеудің төменгі деңгейі қамтамасыз етіледі. Сөйтіп қуаты 2200 кВт 16ЧН 26/26 дизель-генераторларда силиконды демпфердің орнына құрама антидірілдеткіштерді пайдалану бұрау тербелістерінен болатын кернеуді 1,5 есеге төмендетеді.