Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

2.40. Сурет. 10д100 дизелі иінді білігінің негізгі айналмаларының ішпектері:

а-тіректі айналманың; б- тіректі-таянышты айналманың; 1-майдың жүруі үшін тесік; 2-штифт; 3,5-сақиналық жыраша; 4-тіректі белдемелер.

Баббиттердің қорытпасында үйкелесу коэффициенті өте төмен, сондай-ақ ол жұмсақ және жеңіл балқиды. Айналмаға үлкен үлесті жүктеулер әсер етсе, онда антифрикциялық қорытпа ретінде, үйкелетін жағы жұқа қалайы қабатпен жабылған қорғасыны бар қола пайдаланылады, ал білік мойнақтарының үсті азотталады.

Баббиттердің төмен үйкелесу коэффициентін пайдалану үшін, ішпектер қоладан әзірленеді, ал олардың білік мойнағына жақындайтын үстіне жұқа (0,5-0,75 мм) баббит қабаты құйылады. Осылай дизель жұмысы барысында мойнақ пен айналма арасындағы саңылауда пайда болатын май «сыналарында» білік мойнағының «қалқып шығуын» қамтамасыз етеді, ал осы «сына» төмендегенде және иінді біліктің кіші айналымдарында жартылай құрғақ үйкелістер пайда болғанда, мойнақтардың қажалуы ескертіледі.

10Д100 типті дизелдің жоғарғы және төменгі иінді біліктерінің негізгі айналмасының (бугель) әрбір тірегінің бөлігі тік көлденең қалқасына дәнекерленген, онда жоғарғы және төменгі ішпектер орнатылған. Содан соң, бугельге ішпегі бар негізгі айналманың қақпағы қондырылады және екі сұқпамен немесе бұрандалармен бекітіледі (2.41 сурет). Ішпектер орнатылатын тіреу ұяларының ішкі жақтары төсеніштер деп аталады.

Төсеніштерге ішпектерді орнату процессі ерекше назар аударуды талап етеді. Айналманы жинаған соң, төсеніш оларды тартып орауы үшін, төсеніштің ішкі диаметрі ішпектің сыртқы диаметрінен аз болады, әйтпесе қысым ішпектен төсеніштің тіректі жағына толық берілмейді, ішпектерге жоғары кернеу әсер етеді және айналма бұзылады.

2.41. Сурет. 10д100 дизелі төменгі иінді білігі негізгі айналмасының тіректері:

1-негізгі мойнақ; 2 және 6-арналар; 3-тірек (бугель); 4- май тарту; 5-жоғарғы жұмыс істемейтін ішпек; 7-бұранда; 8-қақпақ; 9-төменгі жұмысшы ішпек.

Қатты тартылған кезде ішпектің формасы едәуір бұзылады, ал шамалы тартылған кезде-босайды. 10Д100 дизелі үшін әрбір ішпектің тартылу мөлшері 0,08-0,11мм.

Жинау кезінде ішпектің жайы штифттермен (10Д100 дизелі) немесе тиісті тереңдігі немесе тірек қималарына кіретін шығыңқылармен (ПД1М) орнықтырылады. Майды жүргізу үшін, ішпектердің орталық бөлігінде сақиналық жыраша жасалады.

Әрбір иінді білікте дизель бойының осі бойынша тасымалдауын шектеуші бір тіректі – таянышты айналма бар. Д100 типті дизелде тіректі-таянышты айналма он бірінші болып саналады, ал ПД1М типті дизелдерде білік ернемектеріне тірелетін белдемелері бар, жетінші болып саналады.

10Д100 дизелінің негізгі ішпектерінің бабиттік құймасы қоладан жасалған. Иінді біліктердің жоғарғы және төменгі негізгі тірегі қақпақтарында арнасыз ішпектер орнатылған, ал блок төсеніштерінде – жоғарғы иінді білік мойнақтарына май өтетін екі тесік және ішкі жағында май жыралары бар арналық ішпектер. Блоктарға орнатылатын жоғарғы және төменгі иінді біліктердің он бірінші негізгі тіректерінің ішпектері тіректі-таянышты болып табылады. Екі иінді білік негізгі тіректерінің қалған ішпектері - тіректі.

K6S310DR дизелі үлгісінде бұлғақтық айналманың құрылымына назар аударайық (2.42 сурет). Бұлғақтың төменгі басы 2 қақпағымен 1 бірге иінді біліктің айналшағымен бұлғақты қосатын, бұлғақ айналманың ажыратқыш корпусын құрайды. Ажыратқыш корпуста екі антифрикциондық (мыс және қорғасын) қабатпен жабылған, екі құрыш ішпек тартып орнатылады. Төменгі ішпектің 13 ішкі жағында жоғары ішпектің 10 екі қысқа арнашаларымен жинау кезінде қабысатын ені 16 мм сақиналық арнаша жасалған. Арнашалар ұшында диаметрі 12 мм радиалды тесіктер жасалған, ал ішпектер бүйірінде – тоңазытқыштар. 10 және 13 ішпектердің сыртында олардың орнын бекітетін бұлғақтық бұрандалардың өтуі үшін, қасқалдар жасалған.

Жоғарғы иінді біліктің төменгісіне айналуын беру, олардың жұмысын үйлестіру үшін және белгілі жұмыс процессімен қамтамасыз ету мақсатында, Д100 типті дизелдерде арнайы құрылғы қолданылған: тарту генераторы жағындағы дизель блогының он екінші тік бөлігінде орналасқан конус тәріздес тісті доңғалақтары бар тік беріліс.

Иінді білік ұштарында орнатылған үлкен конус тәріздес тісті үлкен доңғалақтар (2.43 сурет) ернемектерге он екі бұрандамен бекітіледі, оның ішіндегі алтауы аумақмаңылық. Тісті доңғалақтар 4 жоғарғы және төменгі біліктерде орнатылған конус тәріздес тістегершік 3 ілікпесінде орналасқан.

Жоғарғы 6 және төменгі 13 біліктер радиалды-таянышты айналмаларда және роликті тербеліс айналмаларында орнатылған.