Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

2.32. Сурет. Тығыздаушы сақиналардың сорғылық әрекетінің сұлбасы:

1-цилиндр төлкесі; 2-поршень; 3-тығыздаушы сақина.

Сонда поршень сақиналары жырашықтардың төменгі және жоғарғы жазықтықтарына кезекпен жабысып, бірде майды сорады, бірде сорғы секілді жану камерасына ығыстырып шығарады (2.32, в сурет). Сақиналардың «сорғылық әрекетінен» цилиндрдің ішкі жағына май, майлауға қажетті мөлшерден артығымен түседі де, оның артығы цилиндр қабырғаларында қалып, жану камерасына барады. Май толық жанбайды, смола секілді затқа айналады, ол дизель тоқтаған соң, поршень бастиегінде күйе түрінде қатаяды, поршень мен поршень саусақтары арасындағы саңылаулардың жырашықтарын бітейді де, тығыздаушы сақиналардың жылжуын нашарлатады.

Цилиндр төлкесінің төменгі жағынан май алу үшін, поршенге май ағытушы (май айырушы) сақиналар орнатылады.

Май ағытушы сақиналар тығыздаушылардан, жану камерасынан төменге қозғалыс кезінде майды цилиндр төлкесінен қырып алушы, кесілген үшкір жиегімен (2.33.сурет) ерекшеленеді. Сақинадағы тура саңылаулар және поршеннің сақиналық жырашықтарындағы арнашалар арқылы май дизель картеріне ағады. Кері жүрісте, поршень жану камерасына қарай жоғары жүргенде, сақина өзінің кесілген жазықтықтарымен май қабығының бойымен сырғанайды, бірақ оны әкете алмайды.

2.33. Сурет. Май ағытқыш сақина жұмысының сұлбасы:

1- цилиндр төлкесінің ішкі жағы; 2- поршень; 3-май ағытқыш сақина; 4- сақинадағы саңылаулар; 5- поршендегі арналар; 6-дизель картеріндегі артылған май.

Поршень саусақтары. Поршендерді бұлғақтармен топсалы байланыстырушы поршень сақиналары поршеннен иінді білікке күш береді. Салмағын азайту мақсатында, 10Д100, 11Д45, ПД1М және Д49 дизелдерінің саусақтары іші қуыс болып жасалған. ПД1М типті дизелде саусақ арқылы ысқылану бетіне майлайтын май беріледі. ПД1М типті дизель жұмысы кезінде саусақ, поршень және бұлғақ бастиегінде еркін айналуы мүмкін, ол жүзуші деп аталады. Жүзуші саусақтар дерлік біркелкі тозады. Әркелкі тозу кезінде саусақ пен бұлғақ бастиегі арасында біржақтама саңылаулар пайда болады. Саңылау қаншалықты үлкен болса, саусақ бұлғақ төлкесіне соншалықты көп күшпен соғады, сөйтіп оны тоздырады және бұлғақтық-айналшақтық механизмде жоғары кернеу құрады.

Бұлғақтар поршеннен, саусақтан алынатын күшті, иінді білікке береді. Бұлғақ өзегіне кезекпен сығымдау, созылу, серпін күштері мен газдан бойлық иілім әсерін тигізеді. Бұлғаққа бойлық иілімге қарсу тұру үшін, екі таңбалық пішін берілген.

10Д100 дизель бұлғағының құрылысына (2.34. сурет) назар аударайық. Төменгі және жоғарғы бұлғақтар түзілісі бойынша біркелкі, бірақ өзара ауыстырмалы емес. Олар өзегінің қашықтығымен және бұлғақ бұрандаларының орнатылуымен өзгешеленеді: жоғарғы бұлғақта бұранда бастиегі бұлғақтың төменгі бастиегіне, ал төменгі бұлғақта – бұлғақ қақпағына сүйенеді.

Бұлғақ құрыштан жасалған, мөртабан басылған, өзегі екі таңбалы қималы. Иінді біліктің бұлғақтық мойнағынан бұлғақтағы поршенге май беру үшін арналар бұрғыланған: төменгі бастиекте екі қиғаш және өзекте жоғарғы бастиектен төменгі бастиекке қиғаш арнашалармен қиылысуға дейін баратын бір тік. Жоғарғы бастиек сыртқысы – құрыштан және ішкісі – қоладан жасалған екі бөліктен тұратын төлкемен 2 престелген. Төменгі бастиекте баббитті құймасы бар қоладан жасалған 3 және 4 ішпектер орнатылған. Бұлғақтағы және бұлғақ қақпағындағы ішпектер өзара ауыстырылмайды және олардың орнын ауыстыруға болмайды. Бұлғақта орналасқан 3 ішпекте орақ тәрізді арнашалар жасалған; әрбір арнаша ұшында бұлғақ бастиегінде қиғаш арнашаға біртектес болатын қиғаш тесік бар. Қақпақта орналасқан 4 ішпекте үзіліссіз сақиналық арнашалар және ішпектің орталық бөлігінде бір тесік жасалған. Ішпектер бұлғақтың төменгі бастиегінде 8 штифтпен орнықтырылған, оның бір ұшы бұлғақ қақпағының тесігіне престелген, басқасы ішпектің 4 орталық тесігіне кіріп тұрады. Бұлғақ қақпағы 5 бұлғаққа, сіргелермен орнықтырылған сомындары 6 бар, екі бұлғақтық бұрандамен 7 бекітілген.