Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

1.2 Ресей темір жолдарында пайдаланылатын тепловоздар

Соғыстан кейінгі кезеңде құрастырылған, секциясындағы қуаты 1470 кВт және одан да артық электр беріліспен қамтылған отандық магистральды тепловоздарды екі топқа бөлуге болады (1.1 және 1.2 кестелер).

Бірінші топта екі ырғақтылы дизельдер, тұрақты тоқтың электр берілісі, челюсты арбашықтары, көмекші агрегаттардың механикалық жетегі, шанақтың жақтауша құрылымы. Қуаттылығы 2х1470 кВт, ТЭ3 сериялы екі секциялы тепловозында бір қатарда түратын бір-біріне қарсы қозғаталын піспекті, екі ырғақтылы 10-цилиндрлі дизель пайдаланылған. Бұл дизельдің негізінде 2ТЭ10Л, 2ТЭ10В, 2ТЭ10М, 2ТЭ10У тепловоздарына орнатылатын, қуаттылығы 2206 кВт құрайтын қозғалтқыш құрастырылып шығарылған. Қуатының артуына екісатылы үрмелеу арқасында қол жеткізілген. Бірінші қысу фазасы екі қатарлас жұмыс істейтін дербес турбосығымдағыштарда пайда болады, екіншісі – жетектегіш ортадан тепкіш сықағышында. Дизельдің ауа ресиверінде бару алдында, ауа, қатар қосылған екі ауа салқындатқышында салқындатылады.

М62 және ТЭП60 тепловоздарында V-түрлі Д40 типті екі ырғықтылы, екі сатылы үрмелеулі дизель пайдаланылады. Қысудың бірінші сатысы – екі қатарлас жұмыс істейтін турбо сығымдағыш, екіншісі – 14Д40 (М62) дизельдерінде – жетекті көлемді сықағыш, ал 11Д45 (ТЭП60) дизельдерінде – жетек ортадан тепкіш. Бұл дизель типтері тепловоз және кеме құрылыстарында кеңінен пайдаланылған. Оның металлсыйымдылығы аз, дайындау, кызмет көрсету мен жөндеуде де қарапайым.

Д100 типті дизеліндегіндей, Д40 дизеліндегі тұрақты ток генераторы жалпы дизель астындағы қанқасында орнатылып, дизельдің иінгі білігімен тілімшелі жалғастырғышпен қосылады. ТЭ3 тепловозында өзі желдететін желдеткішті бар генератор пайдаланылған, ал осы топтағы басқа тепловоздарында – күш пайдаланып желдететін желдеткіші бар генератор. Тепловоздың салқындатқыш желдеткіші дизельден екі тәртіпті (жазғы және қысқы) гидроредукторы мен фрикционды жалғастырғыш арқылы іске қосылады, ал тежегіш сығымдағыш – дизель білігінен. Тепловоз шанағы – жабық түрлі көтергіш рамалы. Челюсты арбашық теңгергіш серіппегіштік ілінумен қамтылған, ТЭ3, 2ТЭ10Л, 2ТЭ10В, М62, 2М62, ТЭМ2 типтес тепловоздарына бірыңғайландырылған.

2ТЭ10В тепловозының негізінде құрастырылған 2ТЭ10М тепловозының құрылысында ілгерішіл шешімдер пайдаланылған: жоғарыланған осьтік жүктелімге арналған жеке серіппегіштік ілінумен қамтылған челюссыз арбашық, серпімді жетек тістегершікпен қамтылған тартым берілісі, 2ТЭ116 сериялы тепловозында пайдаланылатын бейімделген машинист кабинасы. Тепловоздың электр тартым сызбасында тартым генераторының қатты динамикалық сипаттамалары және дизель-генераторды баптауда дизельдің үнемдеу сипаттамасы пайдаланылған.

ТЭП60 жолаушылар тепловозында тоңазытқыш желдеткішінің гидростатикалық жетегі және тартым электр қозғалтқышының теңгерілген серіппегіштік ілінумен қамтылған челюссыз арбашығы мен тіректі жақтауша ілінуі пайдаланылған. Тепловоз шанағы көтергіш типті, фирмалы қиғаштіреу типті, екі кабиналы.

Екінші топ тепловоздарына төрт ырғақты дизельдер, айнымалы-тұрақты тоқтын тартым электр берілісі, қосалқы мұқтаждарына арналған электр жетегі тән.

Бұл топқа кіретін барлық ТЭП70, ТЭ116, ТЭМ7 тепловоздарында V-тәрізді газды-турбиналы үрлегіштері бар, үрлегіш ауаны аралық салқындату және отынды тікелей бүркитын төрт ырғақты Д49 типті дизельдер пайдаланылады. Бұл ресейлік тепловоздарында пайдаланылатын дизельдердің ішіндегі ең үнемді дизель. Оның құрал-жабдықтарының орналасуы тексеру және жөндеу кезінде жабдықтарға ыңғайлы қол жеткізуды қамтамасыз етеді. Дизель мен бір тіректі үйлесімді айнымалы ток генераторы жалпы дизель астындағы рамасында орнатылып және тілімше жалғастырғышпен қосылған. Тартым генераторымен өндірілетін айнымалы үш фазалы ток көшкін шұралы жартылай өткізгіш түзегіш қондырысына барады.

Бұл топтағы барлық тепловоздарда екіқарамды салқындату су жүйесі (бір қарамда дизель суы салқындатылады, ал екіншісінде – май мен үрлеу ауысы салқындатылады), челюссыз арбашалар пайдаланылады.

Тепловоздардың электр сұлбаларында реле санын азайтуға және сызбаның төзімділігін көтеретін жартылай өткізгіш құрылымдар блокты және жеке түрде орындалған.

ТЭП70 жолаушылар тепловозында (1.1 сурет) және ТЭМ7 маневрлі-жұмсамалы тепловозында (7.1 сурет) электр тартымды машиналарын бір осьты дизель білігінен механикалық жетекпен іске қосылатын орталықтандырылған салқындату жүйесі пайдаланылған. Бұл тепловоз салмаған төмендетті, шанақтың ішкі көлемін босатты, тепловоздың жалпы төземділігін нығайтты.