Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

2.26. Сурет. Пд1м типті дизель рамасы:

1- рама; 2- ернемектер; 3- колонкалар; 4- сұқпалар; 5- қақпақ;

6- көлденең бөлгіш; 7- май бұрушы арна; 8,17- ішпек, 9- төсем; 10,18,22- мойынтіректер қақпақтары; 11,15- бөлу білігі мойынтіректерінен май бұру штуцері; 12,14- негізгі мойынтіректерден май бұру штуцері; 13- итеруші тегершік; 16- негізгі мойынтірекке май бұру штуцері; 19- май құбыры; 20- әйнек; 21- тістегеріш саусағынан май бұру штуцері; 23- бөлу білігінің жетінші тірегінен май бұру штуцері; 24- жетінші тіректің сүйеніш-тірек ішпегі ; 25- бөлгіш тістегерішінің қуысы; 26-иінді білікті тығыздау корпусы.28- құбырша; 29,31, 32- тор;30- отын құюшы мойынтесік; 33- тесік; 34- негізгі мойынтіректіңқақпағын бекітуші сұқпа; 35-қармалауыш.

Жеті қалқа /6/ жоғары жағынданегізгі мойынтырекке төсем қызметін атқару үшін қалыңдатылған; ал төменгі жағында май жүру үшін тесік жасалған. Төсемдер бүйірлері рамаға цилиндр блогын бекітуші анкер сұқпасы өтетін тесіктері /3/ бар колонка жасай отыра кеңейе бастайды.

Көлденең қалқан тесіктеріне май сорғысы жетегі корпусының жонбасында орнатылушы ернемекті құбырдан тұратын майжүргізгіш/19/ орналастырады. Раманың артқы жағындағы құбырдың бүйір беті бітелген. Дизелдің жанасушы бөлшектеріне май жеткізу құбырын қосу үшін май жүргізгішке штуцерлер бұратылады.

Рама қуысының төменгі бөлігі/ май жинағыш/ алты тормен жабулы/31/. Рамада рама қуысынан май төгіп қысымдағы майды дизелге құйю үшін біруақытта қызмет ететін тесік пен май құю мойынтесігі бар. Ол май төгуші арнамен /7/ қатынасады, ал, май төгуші арна май сорғысының сорушы қуысымен және май жинағышпен қатынасады. Майжинағышқа кіре берісте майды ішінара тазалау үшін тор/ орнатылған. Май жиғыштағы май деңгейін өлшеу үшін картердің жанындағы қабырғасында щуп салуға келетін тесік бар.

Раманың алдыңғы өңделген бүйірі май сорғысы жетегі корпусының тіреу бөлшегі болып саналады. Ал, жоғарғы—цилиндр блогінің тіреуіш бөлігі. Раманың артқы жағындағы ернемек тартым генераторының станинасын бекіту үшін қызмет атқарады және жетінші негізгі мойынтіректің қалқанымен бірге бөлу тістегеріштері орналасқан қуыс құрады.

Осындай құрылым К6S310DR дизелі цилиндр блогы мен рамасында бар, бірақ олар дәнекерленілген.

2.27. Сурет. 10д100 дизелінің цилиндр төлкесі:

1- пайдаланылған газды шығаратын төменгі әйнектер; 2-цилиндрге ауа енгізушіжоғарғы үрлеу әйнектері; 3- блокка төлкені бекітуші ернемек; 4- көлденең қабырғалар.

2.28. Сурет. Д49 дизелінің цилиндр төлкесі:

1- цилиндр төлкесі; 2- суға арналған қуыс; 3- төлке жейдесі; 4- цилиндр қақпағына төлкені бекітуші алты сұқпа; 5- тығыздауыш сақина

Цилиндр төлкесі (2.27., 2.28. суреттер) - ішкі диаметрі Д50 дизелдерде - 318 мм, Д49 дизелінде - 260мм, 11Д45 дизелде -230мм, 10Д100-207мм цилиндрлік форма. Цилиндрлік төлкенің ішкі жағына газ қысымы мен жоғары температура әсер етеді. Сақина мен поршеннің тозуын азайту үшін поршеннің төлке қабырғасына қажалуы аз болып, поршень сақинасы төлкеге жақын жатып, жақсы тығыздықты қамтамасыз етуі керек. Цилиндр төлкелерін көбінесе /Д100, 11Д45, Д49, Д50/ никель, молибден, хроммен жалатылған шойыннан құяды.

Уақыт өткен соң поршень мен сақиналары дизелдің жұмыс істеу барысында төлке бетін жоғары бір сыдырғы металлын өшіреді және сонымен қатар өзіде тоза бастайды. Цилиндр төлкесі блокпен бірге бүтін жасалған болса, қабырғалары тозған кезде бүкіл блокты ауыстыруға мәжбүр болынады, ал бұл ыңғайсыз. Сондықтан қазіргі дизелдерде блок ұясына салынатын цилиндрлік төлке қолданылады.

Цилиндр тығыздығына үлкен дәрежеде әсер ететін цилиндрлік төлкенің ішкі жағының сапасы, төлкенің геометриялық пішімінің дұрыстығы және талапқа сай тазалығына байланысты. Бұл талаптардың маңыздылығы соншалықты, бетінде жеңіл қырнау барысында да жоғарғы қабат тазалығын бұзатын 0.12- 0.2 мкм бүдір қалып қояды. Цилиндрдің жоғары қабатын тегістеу үшін негізгі әдіс ретінде хонингтау әдісі қолданылады, бұл әдісті қолданғаннан кейін тегістік 0,05-тен- 0,1 мкм болады, бұл қырнауға қарағанда біраз аз. Хонинг әдісін қолданғаннан кейін өңделген бет айнадаай жылтыр көрінеді, сондықтан оны цилиндр төлексінің айнасы деп атайды.

Осы ішкі бетке жағылған майдың ұсталуын қамтамасыз ету үшін фосфаттандырылады,яғни бетіне жұқа қабат қылып фосфат жағылады.

Төлкенің құрылымы дизель типіне байланысты/екі- , болмаса төрт тактілі/, яғни, қозғалтқыштың жұмыс процессі ерекшеліктері мен оның жылу кестесіне байланысты. 10Д100 дизелінде көптеген жылулық және механизмдік ауыртпалық орталық бөлігіне түседі, өйткені бұл жерде жану камерасы орналастырылған.

Д49 және ПДІМ дизелдерінде температура мен газ қысымы өте биік болғандықтан, төлкенің жоғарғы бөлігі жоғары қысымда болып, қатты қызады. Төлкенің төменгі жағы жақсырақ жағдайда болады, өйткені қысым мен жылу салмағы азырақ түседі.

10Д100 титпі дизелдің әр төлкесі жоғарғы және төменгі поршендерге жалпы ортақ. Газ қысымы аз болған жерде қабырға қалыңдығын жұқартқаннан төлке ні жалпы беріктігі шамалы ғана өзгереді. Сондықтан ПДІМ типті дизелдің төлкесі жоғары жағында қалыңдатылған, Д100 типті дизель төлкесінің орта бөлігі суытуға қажетті құрыш жейдемен қалыңдатылған, бұл оның беріктігін көтереді. Төлкемен жейде тығыздау орыны болып төлкенің ішкі бетіндегі көлденең қабырғадан жоғары және төмен орналасқан жері саналады.

Төлкені тек қана берік қылып емес, сонымен қатар қатты қылып істеу қажет. Отын жану барысында пайда болған жылуды жүйелі түрде төлкеден аластатып щтыру қажет, әйтпесе дизелдің дұрыс жұмыс істеуі мүмкін емес. Төлке қабырғасының температурасы поршень жағынан 180° аспас үшін тепловоз дизелдері төлкесінің сыртқы бетінің ортаңғы бөлігі сумен салқындатылады.

Дизелдің әр кестемен жұмыс істеу барысында төлке қабырғасының температурасы өзгереді. Сондықтан дизель блогындағы төлке жеңіл ұзартылу мүмкіндігін қамтамасыз етердей болып орналастырылады.

10Д100 дизелінің әр цилиндрі цилиндр төлкесінен, жейде және шығару қораптарынан тұрады. Төлке цилиндрі арнайы қоспа шойыннан құйылған.

Цилиндр төлкесінде екі қатар әйнек істелінген. Енгізу/ жоғарғы/ әйнектер үрлеу ауасын цилиндрге енгізу үшін, шығару / төменгі/ цилиндрден жанған қалдық өнімдерді шығару қызметін атқарады. Төлке ернемегі блокка бекітіледі. Төлкенің жоғарғы бөлігі ернемекпен енгізу әйнегі арасында үрленетін ауамен салқындалады. Төлкенің сыртқы бетінде орталық бөлігінде көлденең қабырғалар жүргізілген. Құрыш жейде төлкеге нығыз пресстеліп орнатылған. Төлке мен жейде аралығында суытқыш су айналатын қуыс болады. Жейде біруақытта төлкенің қажетті беріктігін қамтамасыз ететін құрсау ретінде қызмет етеді. Төлкемен жейде арасындағы су қуысы резеңке сақиналармен тығыздалған.

Төлкенің ортаңғы бөлігі мен жейдедегі тігіс беті төлкемен күйдірілген мыс төсеммен, ал жейдеде резеңке сақинасымен тығыздалған үш тесік бар. Бейімдегіштер бейнелеу краны мен екі бүркігішті орнықтыру үшін керек. Тозым беріктігін көтеру үшін жейденің ішкі жэне сыртқы беті орталық бөлігінде бүрлеумен бекітілген, бейімдегіш тесіктерінің маңайы тотығудан сақтайтын құраммен жағылған.

Төлкенің төменгі бөлігі шығару жинақтағышына цилиндрден пайдаланылған газ шығатын құйма шойын шығару қорабына енеді. Шығу қорабында төлкені төменгі бөлігі мен салқындату қорабы үшін су айналатын қуыс бар. Төлке мен шығару қорабы арасында екі тығыздау сақинасы орналастырылған. Цилиндр блокта шығару қорабының белбеуі және жейде мен төлке орнықтыру белбеуінің көмегімен центрлендіріледі.

10Д100 типті дизель төлкесінің жоғарғы ұшы блокка сұқпа арқылы қатты бекітілген, ал төменгі ұшы төлке қызған жағдайда ұзарту үшін бос қалдырылған.

Поршень және оның бөлшектері дизельдің жұмыс істеу барысында механикалық және жылу салмағын ғана көтеріп қоймайды, сонымен қатар үлкен жылдамдықпен қозғалады. Иінді білік бұрылған сайын поршень жылдамдығы нольден ең жоғары жылдамдыққа дейін көтеріледі. Қазіргі заманғы тепловоз дизелдері поршендерінің орташа жылдамдығы 7,2-11,5 м/с болады. Қозғалыстың ауыспалы жылдамдығы салдарынан инерция күші пайда болып, поршеньге әсер етеді.

Ыстық газдармен тікелей жанасуына байланысты /температура 1200-1800 градус/ поршень ұшы өте ауыр жағдайда болады. Поршенге газ әсері үлкен ауыртпашылық түсіреді. Мысалы: ПДІМ типті дизель поршенінің түп беті 800 см кв. Ұшына 450Н /46тс/ артық күш түседі. Бұл күш генератормен дизелдің салмағынан 2 есе артық. Сондықтан поршеннің сенімді құрылысын жинау өте күрделі жұмыс : біріншіден беріктік пен қаттылық қажет болса, екіншіден – жеңілдік, өйткені қозғалыс барысында пайда болатын инерция күшінің аз болуы поршень тобы детальдары салмағының аздығы қаншалықты болса, иінді біліктің айналу жиілігі соншама көп болады. Жоғары температурадан беріктігі төмендемеу үшін поршенді қарқынды түрде салқындатып отыру қажет.

Алюминдік қорытпадан жасалған поршендер /Д50 дизелі/ жылуды жақсы өткізеді. Дизель қатты салмақ алған жағдайда алюминдік поршеннің ұшы 300° С дейін көтеріледі, сұр шойыннан құйылған поршеннің температурасы 500°С жетіп арнайы салқындатуды қажет етуші еді.Шойын алюминии қорытпасына қарағанда жылуды 3 есе нашар өткізеді.

Сонымен алюминдік қорытпа шойынан 2,6 есе жеңіл болғандықтанкөптеген дизелдердің поршендері алюминии негізінен жасалған қорытпадан жасалады.

Пішімі бойынша поршень стақан тәріздес /2.29/, биіктігі диаметрінен үлкен, бірақ қатал түрде цилиндрлік емес. Егер поршень ұзындығы бойынша сыртқы диаметрі бірдей болса, жоғары температура аймағындағы ұшы төменгі бөлігіне қарағанда көбірек кеңейер еді, бұл кеңейу поршеннің цилиндрлік төлкеде қыстырылып қалуына әкеліп соғатын еді.